Philips HR7770/00 User Manual page 52

Philips food processor 550 w compact 2 in 1 setup 2 l bowl
Hide thumbs Also See for HR7770/00:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
ҚазаҚша
52
2
Қажетті жабдығымен бірге құрал ұстағышын табақтың ішіне
салыңыз (пышақ, бұлғау жабдығы, араластыру дискі немесе
ендірмелердің біреуі қондырылған ендірме ұстағышы).
Төмендегі сәйкес бөлімді оқыңыз.
3
Пышақты немесе бұлғау жабдығын қолданғанда өңделетін
ингредиенттерді табаққа салыңыз.
Ескертпе: Табақты MAX деңгейінен асырып толтырмаңыз.
4
Табақтың қақпағын жабыңыз (1). Қақпақты бекіту үшін ("сырт"
етеді), оны сағат бағытымен (2) бұраңыз (Cурет 3).
Ескертпе: Қақпақтың шошағы табақ тұтқасының ойығына түскенін
тексеріңіз.
5
Ендірмесі бар ұстағышты пайдаланғанда ингредиенттерді тамақ
салатын түтік арқылы салып, оларды итергіш құралымен төмен
қарай итеріңіз.
6
Табақтағы жабдық түсіне сәйкес келетін жылдамдықты
таңдаңыз. Төмендегі сәйкес бөлімді оқыңыз.
7
Өңдеу аяқталғаннан кейін, жылдамдық таңдауышын 0-ге
қойыңыз (Cурет 4).
Тамақ салатын түтік және итергіш
-
Тамақ салатын түтікті сұйық және/немесе қатты ингредиенттерді
қосу үшін пайдаланыңыз. (Cурет 5)
-
Қатты ингредиенттерді тамақ салатын түтікте төмен итеру үшін
итергішті пайдаланыңыз. (Cурет 6)
Кеңес: Сонымен қатар, итергішті тамақ салатын түтікті жабу үшін
пайдалана аласыз. Бұл ингредиенттердің тамақ салатын түтіктен
шығып кетуіне жол бермейді.
Пышақ бөлігі
Ингредиенттерді турау, араластыру, шайқау немесе олардан езбе
жасау үшін, пышақ бөлігін пайдалануға болады.
1
Пышақтың қорғау жабынын алып тастаңыз (Cурет 7).
Жиектері өте өткір. Оларды қолмен ұстамаңыз.
2
Құрал ұстағышты табаққа орнатыңыз. (Cурет 8)
3
Пышақ бөлігін табақтағы құрал ұстағышқа орнатыңыз (Cурет 9).
4
Ингредиенттерді табаққа салыңыз. Тағамның үлкен бөліктерін
алдын ала 3 x 3 x 3 см шамасындағы бөліктерге бөліп
алыңыз (Cурет 10).
Ескертпе: Ингредиенттерді салмас бұрын, табаққа құрал ұстағышы
мен пышақ бөлігін орнатып алыңыз.
5
Табақтың қақпағын жабыңыз (1). Қақпақты бекіту үшін ("сырт"
етеді), оны сағат бағытымен (2) бұраңыз (Cурет 11).
Ескертпе: Қақпақтың шошағы табақ тұтқасының ойығына түскенін
тексеріңіз.
6
Итергішті тамақ салатын түтікке орнатыңыз.
7
Қосымша қондырғы түсіне сәйкес жылдамдықты
таңдаңыз (Cурет 12).
8
Өңдеу аяқталғаннан кейін, жылдамдық таңдауышын 0-ге қойып,
құралды токтан суырыңыз (Cурет 4).
кеңестер
-
Пиязды турағанда жылдамдық таңдаушыны P (серпіліс қалпы)
қалпына бірнеше рет апарыңыз, бұл пияздың тым жұқа туралуына
жол бермейді (Cурет 13).
-
Қатты ірімшік немесе шоколадты тураған кезде, құралды тым ұзақ
жұмыс жасатпаңыз. Әйтпесе, бұл ингредиенттер қызып кетеді де,
еріп, кесектеніп қалады.
-
Пышақ бөлігін кофе дәндері, куркума, мускат жаңғағы және мұз
бөліктері сияқты қатты ингредиенттерді кесуге пайдаланбаңыз,
себебі бұл - пышақтың өткірлігіне әсер етеді.
-
Егер тамақ табақ қабырғасына жабысып қалса, құралды сөндіріп,
токтан суырыңыз. Қабырғаға жабысып қалған тамақты алып тастау
үшін, күрекшені қолданыңыз.

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Hr7770

Table of Contents