Philips HD6159 Instruction Manual page 50

Hide thumbs Also See for HD6159:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
ҚазаҚша
50
-
Қатты қызып кетуден және тасып кетуден сақ болу үшін, міндетті түрде қуырғыштың ішкі
ыдысындағы деңгей көрсеткішінің «МIN» мен «МАХ» деңгей аралығында май толтырылуы
тиіс.
-
Құралдың ішіне май құймастан бұрын оны қосуға болмайды, себебі ол құралға зақым
келтіруі мүмкін.
-
Бұл құрал тек үйде қолдануға арналған. Егер құрал дұрыс қолданылмаса, немесе кәсіптік не
жартылай кәсіптік мақсатқа қолданған болса, немесе нұсқада көрсетілген жолдардан тыс
жолмен қолданған болса, кепілдігіңіз күшін жояды, әрі Philips кез келген зақымдану
бойынша арыздарды қабылдамайды.
Электромагниттік өріс (ЭМӨ)
Осы Philips құралы Электромагниттік өріске (ЭМӨ) байланысты барлық стандарттарға сәйкес
келеді. Бар ғылыми дәлелдерді негізге ала отырып, нұсқауларға сәйкес дұрыс пайдалана отырып
аспапты пайдалануға болады.
Қолдануға дайындық
1
Құралды алғашқы рет қолданар алдында тазалаңыз («тазалау» тармағын қараңыз).

Босату түймесін басып, қақпақты ашыңыз. Қақпақ автоматты түрде ашылады (Cурет 2).

Май/сұйық май кестесін оқып, қуырғышқа қанша май құйатыныңызды көріп
алыңыз (Cурет 3).

Құрғақ қуырғышқа май, сұйық май немесе ерітілген майды 'MIN' және 'MAX'
индикаторлары аралығына дейін құйып, қақпағын жабыңыз. (Cурет 4)
Құралды май құймастан бұрын қосуға болмайды.
Май және сұйық май
Әр түрлі майды арластырмаңыз және қолданған майға жаңа майды құймаңыз.
Біз сізге қуыруға арналған майды немесе сұйық майды қолданыңыз деп кеңес береміз. Соя
майы, жаңғақ майы немесе күнбағыс майы секілді көкөніс май немесе құнартылмаған майды
қолданғаныңыз дұрысырақ болады (мысалы линолейлік қышқылдық).
Май мен сұйық май өзінің пайдалы қасиеттерін жылдам жоғалтатындықтан, майды жиі
ауыстырып тұрғаныңыз дұрыс (10-12 рет қолданғаннан кейін).
Майыңыз қызған кезде көбіктене бастаса, немесе жағымсыз иіс немсесе дәм шығарса, әлде түсі
қарайып, сироп тәріздес бола бастаса, оны міндетті түрде ауыстырыңыз.
Қатты май
Қуыруға арналған қатты майды қолдануға болады, алайда ол май шашырамас үшін және
қыздырушы элементтің қатты қызып кетпеуі үшін немесе оған зақым келтірмес үшін қосымша
сақтық сақтау керек.
1
Майдың жаңа кесегін қолданбақшы болсаңыз, оны жәй қызып тұрған оттың үстінде
әдетті табада асықпай ерітіңіз.

Ерітілген майды байқап қуырғышқа құйыңыз.

Қайта қатып қалған майы бар қуырғышты бөлме температурасында сақтаңыз.

Егер май қатты суып кетсе, оны еріте бастағанда ол шашырауы мүмкін. Мұндай болмас
үшін, қатып қалған майды шанышқымен тесіктер жасап қойыңыз (Cурет 5).
Ішкі ыдысты шанышқымен зақымдап алмаңыз.

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Hd6158

Table of Contents