Hotpoint FP 1005 AX0 Operating Instructions Manual page 129

Hide thumbs Also See for FP 1005 AX0:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 23
фЕНХЕЛЬ дӘНдЕРі ҚОСыЛҒАН Үй ПЕчЕНЬЕСі
24 печеньеге арналған ингредиенттер: 600 г 00 ұны (ұнтақталған), 200 г қант, 15 г бәден дәндері, 1
ашытқы пакеті, май 125 r.
Араластыру жүзін азық өңдеу құрылғысына орнатыңыз және еленген ұнды, қантты, 125 г езілген майды
және 1 салым тұзды араластырыңыз. Мықты, бірақ жұмсақ қоспа алу үшін бәден дәндерін және аздаған
салқын су қосыңыз. 10 минут араластырыңыз, ашытқы қосыңыз, жылдам араластырып, батон пішінін
беріңіз. Нан кесетін пышақпен 24 дискі кесіңіз. Қаспақтануға қарсы жайылған қағаз жайылған пеш
табасына салып, 200° C дәрежеде 20 минут пірісіңіз, одан кейін суытыңыз. 1,5 см қалың тілімдерге
кесіп, 200° C дәрежедегі пешке 5 минут бойы қуырыңыз.
шИЕ ТҰздыҒы ҚОСыЛҒАН ҚҰйМАҚшАЛАР
12 құймақшаға арналған ингредиенттер: 125 г ұн, 3 жұмыртқа, 1 лимон, 400 г сүйекті шие, сары түсті
ұсақ қант, сүт, май, тұз.
Азық өңдеу құрылғысының тостағанындағы ұнды елеңіз және тоқпақ дискісін орнатыңыз. 1 салым тұз,
жұмыртқа қосып, кесектері жоқ қамыр алғанға дейін араластырыңыз. Одан кейін, 2,5 дл сүтті аз-аздан
қосыңыз, жұмсақ және сұйық қоспа алғанға дейін араластырып тұрыңыз. 30 г еріген май қосыңыз.
Тостағанды жабыңыз және бөлме температурасында 1 сағатқа қойыңыз. Осы кезде, шиені турағыш
жүзбен ірі қылып турау арқылы тосап дайындаңыз. Туралған шиені өлшеп, кастрөлге салмағының
жартысындай қант мөлшерімен және сүзілген жарты лимон шырынымен кастрөлге салыңыз. 20
минуттай пісіріңіз. Аз мөлшердегі майды еріту және бір ожау сұйық қамыр құю үшін диаметрі шамамен
18 см-лік қаспақтануға қарсы таба қолданыңыз. Қоспаны толығымен құю үшін табаны еңкейтіңіз және
қызуы орташа отта пісіріңіз. Төменгі жағы тұтас болған кезде оны табаның төменгі жағынан қалақпен
алыңыз және аударыңыз да, тағы бір минуттай пісіріңіз. Дайын болған кезде, құймақшаларды табаққа
бірінің үстіне бірін қойып орналастырыңыз да, таза шүберекпен жауып қойыңыз. Пісірілген шиелерді
кәкпірмен алыңыз және оларды құймақшалардың үстіне себіңіз. Құймақшаларды төртке бүктеңіз және
үлкен табаққа салыңыз. Кастрөлде қалған шие тұздығын ожаумен алып, құймақшалардың үстіне
себіңіз. жылы күйінде беріңіз.
kz
it
129
129

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Fp 1009 ax0

Table of Contents