Bosch GWS 10,8-76 V-EC Original Instructions Manual page 161

Hide thumbs Also See for GWS 10,8-76 V-EC:
Table of Contents

Advertisement

OBJ_BUCH-2534-001.book Page 161 Thursday, September 3, 2015 2:42 PM
Зарядталған аккумуляторды 4 разъемға бекітілгенін және
разъемға тығыз тиіп тұрғанын сезгенше салыңыз.
Қосу/өшіру
Электр құралын Іске қосу үшін қосқыш/өшіргішті 3 алға
жылжытыңыз.
Қосқыш/өшіргішті 3 орнату үшін қосқыш/өшіргішті 3 алды
төменге тірелгенше басыңыз.
Электр құралын өшіру үшін, қосқыш/өшіргішті 3 жіберіп
немесе ол бекітілген болса қосқыш/өшіргішті 3 қысқа
артында төмен басып сосын жіберіңіз.
Энергия қуатын үнемдеу үшін электр құралын тек
пайдаланарда қосыңыз.
 Пайдаланудан алдын ажарлау құралдарын қайта
тексеріңіз. Ажарлау құралы берік орнатылып, еш
кедергісіз айналуы қажет. 1 минут ішінде сынау
жұмысын жүктемесіз орындаңыз. Ақауы бар,
домалақ емес және дірілдейтін ажарлау құралдарын
пайдаланбаңыз. Бұзылған ажарлау құралдары
жарылып зақымдарға алып келуі мүмкін.
Температураны бақылау/артқы жүктеу қорғанысы
индикаторы
Қызыл жарық диодтық көрсеткіш 6 акуумуляторды қызып
кетуден және қозғалтқышты артық жүктеуден қорғауда
көмектеседі.
Жарық диодтық көрсеткіш 6 үздіксіз қызыл жанса,
акуумулятор температурасы тым жоғары болып электр
құралы автоматты ретте өшеді.
– Электр құралды өшіріңіз.
– Жұмысты жалғастырудан алдын аккумуляторды
суытыңыз.
Жарық диодтық көрсеткіш 6 қызыл түсте жыпылықтаса,
электр құралы блокталған болып автоматты өшеді.
– Электр құралын аспаптан тартып алыңыз.
Блокталу жойыллғаннан соң электр құралы жұмысын
жалғастырады.
Пайдалану нұсқаулары
 Тірек қабырғаларда ойықтар жасағанда абайлаңыз,
"Статика туралы нұсқаулар" тарауын қараңыз.
 Жеңіл құрылыс заттарын кесу кезінде материал
өндірушісінің нұсқаулықтары мен ұсыныстарын
орындаңыз.
 Салмағы тұрақты қалыпты қамтамасыз етпесе,
дайындаманы бекітіңіз.
 Электр құралға тоқтағанша жүктеме түсірмеңіз.
 Жоғары жүктемеден кейін электр құралдың біраз
салқындауына, бірнеше минут бос жүрісте жұмыс
істеуіне мүмкіндік беріңіз.
 Тегістеу және кесу шеңберлеріне тимеңіз.
Шеңберлер жұмыс кезінде қызады.
 Электр құралды абразивті-кесу станинада
пайдаланбаңыз.
Егер электр құралы электростатикалы ретте зарядталса,
орнатылған электроника электр құралын өшіреді. Электр
құралын қайта іске қосу үшін қосқыш/өшіргішті 3 басыңыз.
Bosch Power Tools
Сыдырып тегістеу
 Ешқашан кесу шеңберлерін сыдырып тегістеу үшін
пайдаланбаңыз.
30° – 40° шеңбер бұрышымен сыдырып тегістеу кезінде ең
жақсы нәтижелер алуға болады. Электр құралды жайлап
басып, алға және артқа жылжытыңыз. Бұл кезде дайындама
тым қатты қызбайды, түсін өзгертпейді және арналар пайда
болмайды.
Металдарды кесу
 Байланысты абразивтер көмегімен кесу үшін
әрқашан кесуге арналған қаптаманы 10
пайдаланыңыз.
Тегістеу шеңберімен кескенде біркелкі, материал үшін
дұрыс берумен жұмыс істеңіз. Кесу шеңберіне қысым
түсірмеңіз, оны еңкейтпеңіз және шайқамаңыз.
Бүйірлік қысыммен айналғанында кесу шеңберін
тоқтатпаңыз.
Электр құралды әрқашан айналу бағытына кері жүргізу
керек. Әйтпесе бақылаусыз кесілген жерден шығу қаупі
туындайды.
Профильдерді немесе төрт қырлы құбырларды кесу
кезінде кесуді ең аз көлденең қимада бастаңыз.
Тасты кесу
 Тасты кескенде шаңның жеткілікті сорылуын
қамтамасыз етіңіз.
 Шаңтұтқыш маскасын киіңіз.
 Бұл электр құралды тек құрғақ кесу/құрғақ тегістеу
үшін пайдалануға болады.
Тасты кесу үшін алмас кесу дискілерін пайдаланған жөн.
Құрамында қиыршық тас өте көп аса қатты материалдарды,
мысалы, бетонды, өңдеу кезінде алмас шеңбер қызып кетуі
және зақымдалуы мүмкін. Алмас шеңбердегі ұшқындар
осыны білдіреді.
Бұл жағдайда жұмысты тоқтатыңыз және алмас шеңберді
бос жүрісте, ең жоғары жылдамдықта қысқа уақыт бойы
салқындатыңыз.
Өнімділіктің айтарлықтай төмендеуі және ұшқындар алмас
кесу шеңбері өтпес болып қалғанын білдіреді. Оны
абразивті материалда, мысалы, силикат кірпіште, қысқаша
кесу арқылы өткірлеуге болады.
Статика туралы нұсқаулар
Тірек қабырғалардағы ойықтарға DIN 1053 нормасының 1
тармағы немесе сәйкес елдегі ереже қолданылады.
Бұл нұсқауларды міндетті түрде орындау керек. Жұмысты
бастамас бұрын статика жөніндегі маманмен, сәулетшімен
немесе прорабпен кеңесіңіз.
Аккумуляторды оңтайлы пайдалану туралы нұсқаулар
Аккумуляторды тек –20 °C ... 50 °C температура
ауқымында сақтаңыз. Аккумуляторды жазда көлікте
қалдырмаңыз.
Пайдалану мерзімінің айтарлықтай қысқаруы
аккумулятордың ескіргенін және ауыстыру керектігін
білдіреді.
Қоқыстарды қайта өңдеу туралы нұсқауларды орындаңыз.
Қaзақша | 161
1 609 92A 0W5 | (3.9.15)

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Gws 10,8-76 v-ec professionalProfessional gws 10,8-76 v-ec

Table of Contents