Download Print this page

Philips AVENT SCD841 Manual page 156

Hide thumbs Also See for AVENT SCD841:

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
Абайлаңыз
-
Құралды қоспас бұрын, адаптерде көрсетілген кернеу жергілікті
розетканың кернеуіне сәйкес келетінін тексеріңіз.
-
Адаптердің ешбір бөлігін өзгертпеңіз немесе кеспеңіз, бұл қауіпті
жағдайды тудырады.
-
Тек осыған қосымша берілген адаптерді ғана қолданыңыз.
-
Адаптер зақымдалған жағдайда, қауіпті жағдай туғызбас үшін, оны
тек түпнұсқасымен ауыстыру керек.
-
Бақылау астында болса не құрылғыны қауіпсіз пайдалану туралы
нұсқаулар алған болса және байланысты қауіптерді түсінсе, бұл
құрылғыны 8 және одан жоғары жастағы балаларға және дене,
сезу немесе ақыл-ой қабілеттері кем немесе тәжірибесі мен білімі
жоқ адамдарға пайдалануға болады. Балалар құралмен ойнамауы
керек. Тазалау мен пайдаланушыға техникалық қызмет көрсету
қызметтерін бақылаусыз балаларға орындауға болмайды.
-
Қуат сымының әсіресе аша ұштарын, электр розеткаларын және
олардың құралдан шығатын жерлерін басылып немесе қысылып
қалудан қорғаңыз.
-
Нәресте бақылаушысын оның сымы есікті немесе өтетін жерді
бөгемейтіндей етіп орнатыңыз. Егер нәресте мониторын үстелге
немесе аласа корпус үстіне қойсаңыз, желілік шнур үстел немесе
шкаф шетінде салбырап тұрмауы керек. Сымның еденде шалынып
қалу қаупін тудыратындай етіп жатпағанын тексеріңіз.
-
Орауыш материалдарды (пакетті, картон буферді, т.б.) балалардан
алшақ қойыңыз. Олар ойыншық емес.
-
Электр тогы соғылуын болдырмау үшін нәресте құрылғысы немесе
ата-ана құрылғысы корпусын ашпаңыз.
Батарея қауіпсіздігі нұсқаулары
-
Өнімді тек мақсатына сай қолданыңыз және осы пайдаланушы
нұсқаулығында сипатталған батареялар мен қауіпсіздік туралы
жалпы нұсқауларды орындаңыз. Кез келген теріс пайдалану
электр тогының соғуына, күйіп кетуге, өртке және басқа да
қауіптер мен жарақаттарға әкелуі мүмкін.
-
Батареяны зарядтау үшін, өніммен бірге жеткізілетін алмалы-
салмалы қуат блогын ғана қолданыңыз. Ұзартқышты қолданбаңыз.
-
Өнімді тек 0 °C және 40 °C температура аралығында зарядтауға,
пайдалануға және сақтауға болады.
-
Бұйым толығымен зарядталғаннан кейін, оны әрқашан желіден
ажыратып отырыңыз.
-
Өнімдерді және олардың батареяларын күйдірмеңіз және
оларды күн сәулесінің немесе жоғары температураның әсеріне
ұшыратпаңыз (мысалы, ыстық көліктерде немесе ыстық пештердің
жанында). Батареялар қатты қызған жағдайда жарылуы мүмкін.
-
Бұйым қатты қызып кетсе, әдеттен тыс иіс шығарса, түсін
өзгертсе немесе зарядтау әдеттегіден ұзақ уақытқа созылса,
оны пайдалануды және зарядтауды тоқтатып, жергілікті Philips
дилеріне жүгініңіз.
- Қазақша 154 -

Advertisement

loading

This manual is also suitable for:

Avent scd843Avent scd845Avent scd845/52