Техникалық Қызмет Көрсету Жұмыстары; Сақтандыру Клапанын Тексеру; Әктасты Кетіру/Суқыздырғышты Тазалау; Магнезий Анодын Тексеру - Buderus SM400/5E Installation And Maintenance Instructions Manual

Table of Contents

Advertisement

9.2
Техникалық қызмет көрсету жұмыстары
9.2.1
Сақтандыру клапанын тексеру
▶ Сақтандыру клапанын жыл сайын тексеріп тұрыңыз.
9.2.2
Әктасты кетіру/суқыздырғышты тазалау
Тазалықтың тиімділігін арттыру үшін бүрку арқылы
жуудан бұрын жылу алмастырғышты қыздырыңыз.
Ыстық соққысының арқасында қабыршақтар
(мысалы, әктас қалдықтары) оңай кетеді.
▶ Суқыздырғышты ауыз жағынан желіден ажыратыңыз.
▶ Ілмекті клапандарды жабыңыз және электр қыздырғышты
пайдаланған жағдайда оны желіден ажыратыңыз
( 18 сурет, 110-бет).
▶ Суқыздырғышты босатыңыз ( 17-сурет, 109-бет).
▶ Суқыздырғыштың ішкі бөлігінен ластану іздерін іздеңіз (әктастың
қалдықтары, тұнбалар).
▶ Әктас мөлшері аз суды пайдаланған кезде:
ыдысты тұнбадан жиі тазалап тұрыңыз.
-немесе-
▶ Әктас мөлшері жоғары және қатты ластанған суды
пайдаланған кезде:
химиялық тазалау арқылы суқыздырғыштағы әктасты жиі кетіріп
отырыңыз (мысалы, лимон қышқылы негізіндегі әктас еріткіш
құрал көмегімен).
▶ Суқыздырғышты бүрку арқылы жуыңыз ( 21-сурет, 110-бет).
▶ Қалдықтарды ылғалды/құрғақ тазалауға арналған пластмассалық
құбыры бар өндірістік шаңсорғышпен алып тастаңыз.
▶ Тексеру саңылауын жаңа тығыздауышпен жабыңыз
( 22 сурет, 111-бет).
▶ Суқыздырғышты қолданысқа қайта енгізу ( 6-тарау, 47-бет).
9.2.3
Магнезий анодын тексеру
Магнезий анодын дұрыс тексермеген жағдайда
суқыздырғыш кепілдігі өз күшін жояды.
Магнезийден жасалған анод - суқыздырғышты қолданған кезде
шығындалатын қорғаныстың аноды. Магнезий анодының екі түрін
қолдануға болады.
Стандартты түрде орнатылады: оқшауланбаған магнезий аноды
( A-нұсқасы, 26-сурет, 112-бет).
Қосалқы бөлшек ретінде қолжетімді: оқшауланған магнезий
аноды ( В-нұсқасы, 26-сурет, 112-бет).
Оқшауланған магнезий аноды орнатылған жағдайда анодқа
арналған өлшеу құралы арқылы қорғаныс ағынын жыл сайын
қосымша тексеру ұсынылады ( рис. 24, страница 111). Бұл
өлшеу құралы керек-жарақтардың арасында бар.
Анодтың бетіне майды немесе консистентті
жағармайды тигізбеңіз.
▶ Тазалықты сақтаңыз.
▶ Суық су кірісін жабыңыз.
▶ Суқыздырғыштағы қысымды түсіріңіз ( 17-сурет, 109-бет).
▶ Анодты шешіп, тексеріңіз ( 25-сурет - 28-сурет, 111-бет).
▶ Егер диаметрі 15 мм-ден азайған болса, анодты ауыстырыңыз.
▶ Қорғаныс сымының қосылымы мен магнезий анодының
арасындағы өтпелі кедергіні тексеріңіз.
SU300/5 | SU400/5 – 6 720 800 019 (2015/04)
Техникалық қызмет көрсету
9
49

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Su400/5Su300/5

Table of Contents