Суқыздырғышты Орнату; Гидравликалық Бөлікті Жалғау; Суқыздырғыштың Гидравликалық Қосылымын; Орындаңыз - Buderus SM400/5E Installation And Maintenance Instructions Manual

Table of Contents

Advertisement

▶ Егер орнату орнында суқыздырғыштың айналасына су жиналуы
мүмкін болса, оны биік жерге орнатыңыз.
▶ Суқыздырғышты құрғақ және аяздан қорғалған жабық
бөлмелерде сақтаңыз.
▶ Бөлменің минималды биіктігін ( 4-кесте, 45-бет) және орнату
орнындағы қабырғалардан минималды қашықтығын сақтаңыз
( 6-сурет, 106-бет).
5.1.2
Суқыздырғышты орнату
▶ Суқыздырғышты орнатып, туралаңыз ( 6-сурет - 8-сурет,
107 бет).
▶ Қорғаныс қалпақшаларын шешіңіз ( 9-сурет, 107-бет).
▶ Тефлон таспаны немесе тефлон талшықты орнатыңыз
( 10 сурет, 107-бет).
5.2
Гидравликалық бөлікті жалғау
ЕСКЕРТУ: Дәнекерлеу және пісіру жұмыстары
кезінде өрт шығу қаупі бар!
▶ Дәнекерлеу және пісіру жұмыстарын жасау
кезінде тиісті қауіпсіздік шараларын жасаңыз,
жылуды оқшаулау элементі өртеніп кетуі мүмкін.
Мысалы, жылуды оқшаулау элементінің бетін
жабыңыз.
▶ Жұмыстарды бітіргеннен кейін ресивер
қаптамасының бүтіндігін тексеріңіз.
ЕСКЕРТУ: Ластанған су денсаулыққа зиян!
Тазалықты сақтамай монтаждау жұмыстарын жасау
кезінде ауыз су ластануы мүмкін.
▶ Суқыздырғышты жергілікті стандарттар мен
директиваларға толықтай сай күйде орнатыңыз
және іске қосыңыз.
5.2.1
Суқыздырғыштың гидравликалық қосылымын
орындаңыз
Барлық ұсынылған клапандарымен және шүмектерімен орнату
үлгісі ( 11-сурет, 108-бет).
▶ 160 °C-қа дейінгі отқа төзімділігі бар монтаждау материалын
пайдаланыңыз (320 °F).
▶ Ашық кеңейту ыдыстарын пайдаланбаңыз.
▶ Пластмассадан жасалған құбырлар арқылы ауыз суды жылыту
құрылғыларын монтаждағанда мателдан жасалған бұрандалы
қосылыстарды пайдаланыңыз.
▶ Құйылыс тетігінің өлшемдерін қосылысқа сай таңдаңыз.
▶ Шламның пайда болуының алдын алу үшін дренаж құбырына
иінді орнатпаңыз.
▶ Қысымды құбырларды оқшаулау элементін пайдалану арқылы
мүмкіндігінше қысқа етіп жүргізіңіз.
▶ Қоректендіру құбырында су кіргізу үшін кері клапанды
пайдаланған кезде: кері клапан мен суық су кірісінің арасына
сақтандыру клапанын орнатыңыз.
▶ Егер орнатымның статикалық қысымы 5 бардан асатын болса,
редукциялық клапанды орнатыңыз.
▶ Қолданылмайтын барлық ағытпаларды жабыңыз.
5.2.2
Сақтандыру клапанын орнатыңыз (тапсырыс беруші
орнатады)
▶ Өз күшімен тапсырыс беруші суық су құбырына типтік сынақтан
өткен, ауыз су жүйелерінде қолдануға рұқсат етілген сақтандыру
клапанын (≥ DN 20) орнатады ( 11-сурет, 108-бет).
▶ Сақтандыру клапанын орнату бойынша нұсқауларды орындаңыз.
▶ Сақтандыру клапанының құйылыс құбырын жақсы бақыланатын
және аяздан қорғалған жерде дренаж орны арқылы шығарыңыз.
SU300/5 | SU400/5 – 6 720 800 019 (2015/04)
– Құйылыс құбыры шығысының қимасы, кем дегенде,
сақтандыру клапаны шығысының қимасының өлшемдерімен
сәйкес келуі керек .
– Құйылыс құбыры, кем дегенде, суық су кіргізуге қолжетімді
көлемді ағын құйып отыруы керек ( 4-кесте, 45-бет).
▶ Сақтандыру клапанына келесі нұсқау жазылған тақтайша
орнатыңыз: "Құйылыс құбырын жаппаңыз. Қыздыру кезінде су
шығуы мүмкін."
Егер орнатымның статикалық қысымы 80 % сақтандыру клапаны
іске қосылатын қысымнан асатын болса:
▶ Кіріс орнына редукциялық клапан орнатыңыз
( 11 сурет, 108 бет).
Желілік
Сақтандыру
қысым
клапаны іске
(статикалық
қосылатын
қысым)
қысым
≥ 6 бар
< 4,8 бар
5 бар
6 бар
≥ 8 бар
5 бар
≥ 8 бар
6 бар
7,8 бар
10 бар
Кесте 6 Қажетті редукциялық клапанды таңдау
5.3
Жылы су температурасының датчигін орнату
Жылы судың температурасын өлшеу және бақылау үшін
суқыздырғыштың өлшеу орнына жылы су температурасының
датчигін орнатыңыз [7] ( 3-сурет, 105-бет).
▶ Жылы су температурасының датчигін орнатыңыз
( 12 сурет, 108-бет). Датчиктің беті ұзына бойы батыру
төлкесінің бетіне тиіп тұруын қадағалаңыз.
5.4
Электр қыздырғыш (керек-жарақтары)
▶ Электр қыздырғыштарды бөлек монтаждау нұсқаулығына сай
орнатыңыз.
▶ Бүкіл ресиверді монтаждауды бітіргеннен кейін қорғаныс сымын
тексеріңіз (сондай-ақ, қосылымдардың металдан жасалған
бұрандалы қосылымдарын тексеріңіз).
6
Қолданысқа енгізу
ҰСЫНЫС: Артық қысым жабдықтың бұзылуына
әкелуі мүмкін!
Қысымның артуы салдарынан эмаль сынуы мүмкін.
▶ Сақтандыру клапанының құйылыс құбырын
жаппаңыз.
▶ Барлық түйіндер мен қосалқы бөлшектерді өндірушінің
техникалық құжаттарда көрсеткен нұсқауларға сай қолданысқа
енгізіңіз.
6.1
Суқыздырғышты қолданысқа енгізу
Суқыздырғыштың ауа өткізбейтіндігін тексеру үшін
тек ауыз суды пайдаланыңыз.
Жылы су жағындағы тексеру қысымы 10 бар (150 фкд) артық
қысымнан аспауы керек.
▶ Қолданысқа енгізуден бұрын құбырлар мен суқыздырғышты
толық жуып шығыңыз ( 14-сурет, 109-бет).
Қолданысқа енгізу
6
Редукциялық клапан
ЕО ішінде
ЕО сыртында
қажет емес
макс. 4,8 бар
қажет емес
макс. 5,0 бар
қажет емес
макс. 5,0 бар
қажет емес
47

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Su400/5Su300/5

Table of Contents