Ariston ABS VLS EVO INOX PW 80 Instructions For Installation, Use, Maintenance page 45

Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

  • ENGLISH, page 49
KZ
Бұл суды қыздыру кезінде шудың жоғары деңгейіне алып келуі және температура қадағасының
сезімталдығын төмендетуі мүмкін.
«Қақ пайда болған кезде қорғау» функциясы-бұл қыздыру элементтеріндегі қақтың жиналуынан туындаған
судың артық қыздыру кезеңдерінен құралды автоматты түрде қорғау.
Осы функцияны іске қосқан кезде судың қыздыру температурасы 60 °C-қа орнатылады. «Қақ пайда болған
кезде қорғау» функциясы жұмыс істеген кезінде «ECO EVO» функциясы автоматты түрде өшіріледі.
• 9 және 11 суретте бейнеленген интерфейсі бар модельдер:
Үнсіз келісім бойынша опциясы өшіріледі және пайдаланушымен іске қосыла алмайды.
• 10 суретте бейнеленген интерфейсі бар модельдер:
«Қақ пайда болған кезде қорғау» функциясы үнсіз келісім бойынша өшірілген, бірақ оны
пайдаланушының кеңейтілген мәзірі арқылы іске қосуға болады.
«Қақ пайда болған кезде қорғау» функциясы іске қосылған кезде дисплейде Е70 жазуы пайда болады,
ал қалған қыздыру уақытының мәні әрбір үш секунд ішінде өзгереді.
«Қатып қалуға қарсы» атқарым
• 9, 10 және 11 суретте бейнеленген интерфейсі бар модельдер:
«Қатып қалуға қарсы» функциясы су жылытқышты төмен температурадан туындаған зақымданудан
қорғайды және аспап өшірулі кезінде, бірақ электр қуатының көзіне қосулы кезінде автоматты түрде
су жылытқыштың ішіндегі су температурасы 5°С төмен кезінде жұмыс істейді. Қауіпсіз температураға
жеткеннен кейін, суды қыздыру автоматты түрде өшіріледі.
Апта сайынғы бағдарламалау функциясы
• 11 суретте бейнеленген интерфейсі бар модельдер:
Апта сайынғы бағдарламалау функциясы тек қосымша бағдарлама арқылы іске қосылуы мүмкін.
Пайдаланушы аптаның әр күні үшін екі түрлі уақыт аралығы үшін екі түрлі температураны белгілей
алады: су жылытқыш берілген уақытқа қажетті температураға жету үшін суды жылытудың оңтайлы
уақытын есептейді.
«+» немесе «-» батырмаларын басқан кезде функция өшіріледі.
Егер «ECO» функциясы таңдалса, апта сайын бағдарламалау функциясы де белсендіріледі.
Wi-Fi
• 11 суретте бейнеленген интерфейсі бар модельдер:
Су жылытқышты қашықтан басқару және суды жылыту температурасын басқару тиісті қосымшаны
пайдаланған кезде қол жетімді болады (қосымшаның атауын Сіз жеткізу жиынтығына кіретін жылдам
қосылу жөніндегі қысқа нұсқаулықтан таба аласыз). Қолданба Google Play және App Store жүктеу үшін
тегін және қол жетімді.
Wi-Fi байланысын орнату және өнімді тіркеу процедурасы туралы толық ақпарат алу үшін жеткізу
жиынтығына кіретін жылдам қосылу нұсқаулығын қарау қажет.
Есептік жазбаны құру (12 сурет)
1. Қосымшаны жүктеңіз және ұялы телефоныңызға орнатыңыз.
2. Қосымшаны іске қосыңыз және барлық қажетті жолдарды толтырып, тіркеуден өтіңіз.
3. Электрондық пошта мекенжайыңызға жіберілген автоматты хабарламаны ашып, есептік жазбаны іске
қосу үшін сілтемені басыңыз.
Wi-Fi баптау (13 сурет)
4. Wi-Fi функциясын қосу үшін басқару панеліндегі «Wi-Fi» батырмасын басу қажет.
5. Кіру нүктесін (Access Point) іске қосу үшін Wi-Fi батырмасын 5 секунд ішінде қайта басып, ұстап
тұрыңыз.
6. Қолданбаны іске қосыңыз, есептік жазбаңызға кіріңіз және Өзіңізді жабдығыңызды қосу және тіркеу
нұсқауларын орындаңыз.
Процедураны аяқтау (14 сурет)
Табысты қосылудың белгілері:
«Wi-Fi» батырмасының жарық индикаторы үнемі жанып тұрады.
Жабдықты сәтті тіркеу туралы қосымшадағы хабарлама.
Қосылым орнатылмаса, жоғарыда сипатталған қадамдарды мұқият тексеріп, сол жердегі нұсқауларды
қайталаңыз.
WIFI параметрлерін қалпына келтіру үшін «FAST» және «Wi-Fi» батырмаларын 10 секунд ішінде басып
тұрыңыз.
45

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents