Ariston ABS VLS EVO INOX PW 80 Instructions For Installation, Use, Maintenance page 47

Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

  • ENGLISH, page 49
KZ
Жылытатын элементті және магний анодын ауыстыру үшін 5 сомынды бұрап алыңыз (С 5 сур.) және
фланецті алып тастаңыз (F 5 сур.). Н.Е.1 және Н.Е.2 белгіленген фланецтердің өздерінің белгіленген
орнына орнатылатындығына көз жеткізіңіз.
Фланецтің төсемесін (Z 6 сурет) әр қайта жинаған кезде ауыстыруға кеңес беріледі.
Жөндеу немесе қызмет көрсету жөніндегі кез-келген операцияларды жүргізер алдында құралды
электр желісінен ажыратыңыз.
Тек өндіруші зауытпен шығарылған қосалқы бөлшектерді ғана қолданыңыз.
4.3. Тұрақты қызмет көрсету
4.3.1. Магний аноды
Магний аноды суы бар сыйымдылықты және қыздыру элементін (ТЭЖ) тоттанудан қорғау жүйесінің
ажырамас құрамдас бөлігі болып табылады. ЖЫЛ САЙЫН магний анодының жағдайын тексеру
қажет. Қатты тозған кезде магнийлі анодын ауыстыру қажет. Магний анодында тозған су құрамындағы
сыйымдылыққа және жылыту элементіне кепілдік (қалдық көлемі бастапқы көлемнен 30% кем)
жарамсыз. Магний анодын 24 айда кемінде 1 рет ауыстыру қажет (тот баспайтын болаттан жасалған
суы бар су жылытқыштарды қоспағанда).
Магний аноды шығыс материалы болып табылады және кепілдік бойынша ауыстыруға
жатпайды.
4.3.2. Сақтандыру клапаны
Сақтандырғыш клапаны суық сумен жабдықтау магистралінде су болмаған кезде су жылытқыштан
судың қайтарылуын болдырмайды; жылыту нәтижесінде су көлемінің ұлғаюынан ішкі бакта пайда
болатын артық қысымды суық сумен жабдықтау магистраліне (ішкі бакпен және суық сумен жабдықтау
магистралінің арасындағы қысымның бір атмосферадан жоғары айырмашылығы кезінде) және/немесе
сақтандырғыш клапанның дренаждық тесігі арқылы шығаруды қамтамасыз етеді.
Сақтандырғыш клапанының (артық қысымнан қорғау құрылғысы) бұғатталмауын немесе зақымдануын
үнемі тексеріп тұрыңыз. Қажет болса, оны ауыстырыңыз немесе әктің өңезін жойыңыз. Егер сақтандыру
клапаны тетікпен жабдықталған болса, соңғысын көтеру клапанның дұрыс жұмыс істеуін тұрақты
тексеру үшін пайдалануға болады.
Сақтандыру клапанының дренаждық тесігінен жылыту режимінде су тамшыларының пайда болуы
мүмкін. Бұл қыздыру үдерісінде судың жылумен кеңейтілуіне байланысты табиғи процесс болып
табылады. Сақтандыру клапанының суды сіңіретін тесігін кәріз жүйесімен қосға кеңес беріледі.
Су құбыры желісінің қысымы 5 бар жоғары болған кезде сақтандыру клапанының алдында су
қысымының редукторын орнату қажет.
4.3.3. ҚАҚ (қорғаныстық ажырату құрылғысы)
Егер аспап электр қуатының кабелінде орналасқан қорғаныстық ажырату құрылғысымен (ҚАҚ)
жеткізілсе, онда су жылытқыштың багын сумен толтырғаннан кейін және жүйенің бітеулігін тексергеннен
кейін су жылытқыштың электрлік ашасын розеткаға қосыңыз және келесі әрекеттерді орындаңыз:
- ҚАҚ корпусындағы «RESET» батырмасын басыңыз. Қуаттың берілгендігі туралы куәландыратын
көрсеткіш жанады.
- «TEST» батырмасын басыңыз. Кернеу өшіріледі және қуат көрсеткіші өшеді.
- «RESET» батырмасына қайта басыңыз. Егер қуат көрсеткіші жанса, бұл құрылғыны қауіпсіз
пайдалануға болатынын білдіреді.
- Егер «RESET» батырмасын басқаннан кейін қуат көрсеткіші жанбайтын болса - жақын жердегі
авторизацияланған сервис орталығына хабарласыңыз.
4.3.4. Қыздырғыш элемент (ТЭЖ)
Түтікті электр жылытқышы (ТЭЖ) электр энергиясын жылу энергиясына айналдыру жолымен ішкі
бактағы суды қыздыруға арналған.
Оның бетінде әктің өңезін (қақтың) пайда болуының жылу берілісінің нашарлауына, қызып кетуіне және
қыздыру элементінің мерзімінен бұрын істен шығуына әкелуі мүмкін. Үнемі бақылап тұрыңыз және қажет
болса, қақты жою құралы арқылы оның бетінен қақты алып тастаңыз.
Бір немесе бірнеше шарттардың болуы кезінде жылыту элементіне кепілдік жарамды болмайды:
- судың қаттылығы 25°F асады;
- ТЭЖ бетіндегі қақ қабатының қалыңдығы 5 мм-ден асады;
- магний анодының қалдық мөлшері бастапқыдан қарағанда 30% - дан кем.
4.4. Назар аударыңыз
4.4.1. Өндіруші осы нұсқаулықтың талаптарын дұрыс қоспау немесе сақтамау салдарынан келтірілген
зиян үшін жауап бермейді.
47

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents