Ariston ABS VLS EVO INOX PW 80 Instructions For Installation, Use, Maintenance page 38

Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

  • ENGLISH, page 49
KZ
Legionella -ға қарсы бактерицидті функция
Legionella-кез келген тұщы суда болатын бактерия таяқшаларының ерекше түрі. Легионерлер ауруы
ауа-тамшы жолымен берілетін өкпе инфекциясының бір түрі болып табылады және құрамында legio-
nella бактериялары бар судың буларын жұту арқылы туындайды. Сондықтан су жылытқышта судың
ұзақ тұрып қалуынан аулақ болу керек, оны аптасына кемінде 1 рет пайдалану немесе босату керек.
Еуропалық CEN/TR 16355 нормативі ауыз суда legionella-ның көбеюін болдырмау үшін дұрыс
шараларға қатысты ұсыныстар береді. Олар болған жағдайда, Legionella-ға қатысты қосымша
шектеулерді белгілейтін жергілікті нормативтерді сақтау қажет.
Бұл электр су жылытқышы 60°C-тан жоғары қыздыру температурасын орнатуға мүмкіндік беретін
термостатпен жеткізіледі; бұл ішкі бактағы legionella-ның өсуін шектеу үшін термиялық бактерицидтік
өңдеу кезеңін орындауға мүмкіндік береді.
Назар аударыңыз: Термиялық бактерицидті өңдеу кезеңін орындау барысында судың жоғары
температурасы күйікке әкелуі мүмкін. Душ немесе ваннаны қабылдар алдында әрқашан судың
температурасын тексеріңіз.
38

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents