Ariston ABS VLS EVO INOX PW 80 Instructions For Installation, Use, Maintenance page 34

Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

  • ENGLISH, page 49
KZ
3. Бұйымның қызмет ету мерзімі
Орнату, пайдалану және техникалық қызмет көрсету ережелерін сақтаған кезде қызмет ету
мерзімі кемінде 3 жылды құрайды.
Төменде аталған жекелеген серияларға қызмет ету мерзімі:
- ABS VLS EVO PW, ABS VLS EVO WIFI PW, VLS EVO PW сериясының су жылытқыштары
- 5 жылды;
- ABS VLS EVO QH сериясының су жылытқыштары - 5 жылды;
- ABS VLS EVO INOX PW, ABS VLS EVO INOX WIFI PW, VLS EVO INOX PW сериясының су
жылытқыштары - 7 жылды;
- ABS VLS EVO INOX QH сериясының су жылытқыштары - 7 жылды құрайды.
4. Кепілдік мерзімін мерзімінен бұрын тоқтату
Кепілдік мерзімі төмендегі аталған бір немесе бірнеше мән-жайлар орын алған кезде 1-тармақта
көрсетілген уақыт кезеңі аяқталғанға дейін тоқтатылады:
- Тұтынушы бұйымды орнату, сақтау, тасымалдау және пайдалану ережелерін бұзған кезде;
- Магний аноды 24 айдан асатын кезеңде ауыстырылмаған кезде (тоттанбайтын болаттан
жасалған құрамында суы бар сыйымдылыққа кепілдік берілген мерзімдерді қоспағанда);
- Бұйымның жұмысқа қабілеттілігін бұзатын қосалқы бөлшектерді өздігінен жөндеу және
ауыстыру кезінде;
- Орнату орнынан су жылытқышты өздігінен бөлшектеу кезінде. Істен шыққан су жылытқышты
тексеру, сапасын тексеру және сараптау тек аспапты орнату орны бойынша жұмыстар
өндірушінің авторизацияланған сервистік орталығымен жүргізіледі;
- Бұйымға механикалық зақым келтіру кезінде;
- Электр немесе сумен жабдықтау желілері параметрлерінің қолданыстағы нормалары мен
стандарттарына сәйкес келмеуі кезінде;
- Бұйымды мақсатына сай пайдаланбаған кезінде;
- Бұйымның корпусында сериялық нөмірі бар сәйкестендіру тақтайшасының болмауы кезінде;
- 5 бардан жоғары су құбыры желісінің қысымы кезінде су қысымы редукторының сақтандырғыш
клапанының алдында болмауы кезінде;
- Су қыздырғышқа тікелей кіре берісте сақтандыру клапанының болмауы, оның зақымдануы
немесе бітелуі кезінде;
- Су жылытқыштың су бар сыйымдылығында электр әлеуетінің болуы кезінде.
5. Қосымша ақпарат
Сатып алынған жабдықты орнату және тұрақты сервистік қызмет көрсету үшін біз сервис
орталықтарымыздың қызметтерін пайдалануды ұсынамыз. Біздің сервистік орталықтар желісі
арқылы Сіз су жылытқышқа қосалқы бөлшектер мен жиынтықтаушы бұйымдарды сатып ала
аласыз, сондай-ақ қажетті техникалық кеңес ала аласыз.
Жеткізудің жинағы:
- Су жылытқыш;
- Сақтандыру клапаны;
- Орнату және пайдалану жөніндегі нұсқаулық;
- Кепілдік талоны;
- Зауыттық қаптамасы.
Бұйымды орнату және пайдалану алдында қоса берілген нұсқаулықты мұқият оқып
шығыңыз.
Өндіруші: «Аристон Термо Русь» ЖШҚ, Ресей, 188676, Ленинград облысы, Всеволжск
ауданы, Всеволжск қаласы, Всеволожск қаласының Өнеркәсіптік аймағы өндірістік аймағы,
Индустриальная көшесі, № 9 үй, А лит. корпусы.
Импорттаушы, өкілеттік ұйым: «Ariston Thermo Kazakhstan» (Аристон Тэрмо Қазақстан) ЖШС.
Қазақстан Республикасы, Алматы қ., 050040, Тимирязев к., 42, «Экспо-Сити» кеңселік орталығы,
15/1А ғимараты, 2 қабат.
Өзіңізге ең жақын сервис орталығын табыңыз:
www.ariston.com
service.kz@aristonthermo.com
+7 (727) 266-48-54
34

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents