Philips HR1870 User Manual page 67

Hide thumbs Also See for HR1870:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
Рецепттер
апельсин-сәбіз шырыны
Қосылатын заттар:
-
1 кг сәбіз;
-
4 апельсин;
-
1 үлкен қасық зәйтүн майы;
-
1 үлкен жалбыз бұтағы (қосымша безендіру).
1
Апельсиндердің қабығын тазалаңыз.
2
Сәбіздер мен апельсиндерді шырын сыққыш арқылы өткізіңіз.
Ескертпе Бұл құрал 7,5 кг сәбіздің шырынын шамамен 1 минут ішінде шығарады (ұлпаны алуға
кететін уақытты қоспағанда). 2,5 кг сәбізді өңдеп болған соң, құралды өшіріп, розеткадан
ажыратыңыз да, ұлпаны біріккен ұлпа контейнерінен төгіп, қақпақты және сүзгіні шығарыңыз.
Сәбіздерді өңдеп болған соң, құралды өшіріп, бөлме температурасына дейін суытыңыз.
3
Шырынға үлкен қасықпен зәйтүн майын және бірнеше текше мұз қосыңыз.
4
Жақсылап араластырыңыз.
5
Шырынды стақанға құйыңыз.
Кеңес Безендіру үшін, стақанға жалбыз бұтағын салып қоюға болады.
Қуат коктейлі
Қосылатын заттар:
-
2 сәбіз;
-
½ қияр;
-
12 саумалдық жапырағы;
-
1 лайм, қабығы алынған;
-
1 сельдерей;
-
1 алма;
-
1 қызанақ;
-
2 үлкен қасық бал.
1
Балдан басқасының бәрін шырын сыққыш арқылы өткізіңіз.
2
Бәрін өткізіп болған соң, шырынға бал қосып, жақсылап араластырыңыз.
Тазалау және сақтау
Құралды тазалағанда, қыратын шүберектерді, қырғыш тазалау құралдарын, спирт, жанармай
немесе ацетон тәріздес сұйықтықтарды қолданбаңыз.
Қолданғаннан соң бірден тазаласа, оңайырақ болады.
шырын сыққыш
1
Құралды өшіріңіз. Штепсельдік ұшын қабырғадағы розеткадан суырып, сүзгінің айналуы
тоқтағанша күтіңіз.
2
Бекіту тетігін ашық күйге қойыңыз (Cурет 23).
3
Ас бөлмесін былғамау үшін, алынатын бөлшектердің бәрін (ұлпа жиналатын ішкі ыдыс,
шырын жинағыш, сүзгі және қақпақ) шұңғылшаға бірге апаруға болады (Cурет 24).
4
Алынатын барлық бөлшектерді шешіңіз.
5
Алынатын шүмекті шешу үшін, оны шырын жинағыштан тартып шығарыңыз (Cурет 25).
6
Ұлпа жиналатын ішкі ыдысты босатыңыз.
ҚазаҚша
67

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents