Philips HR1870 User Manual page 64

Hide thumbs Also See for HR1870:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
64
ҚазаҚша
Цитрус сыққыш
Цитрус сыққышын қолдануға дайындық
1
Механизм қорабын мотор бөлігіне орнатыңыз (Cурет 14).
2
Тор ұстағышты мотор бөлігіне орнатыңыз (Cурет 15).
3
Торды тор ұстағышқа орнатыңыз (Cурет 16).
4
Конусты механизм қорабына орнатыңыз (Cурет 17).
5
Бекіту тетігін бекіту позициясына көтеріп қойыңыз (сырт ете қалады). (Cурет 18)
6
Шырын құмырасын шүмектің астына қойыңыз (Cурет 19).
Ескертпе Шырынды тікелей стақанға жинау үшін, шүмек құралын қолданыңыз.
Цитрус сыққышын қолдану
1
Жемістерді жуып, екі жартыға бөліңіз.
2
Шырын құмырасы шүмектің дәл астына қойылғанын тексеріңіз (Cурет 20).
Ескертпе Зақымның немесе жарақаттың алдын алу үшін, істеп тұрған құралды ұзын шаштан,
киімдерден, сымдардан, т.б. аулақ ұстаңыз.
3
Басқару тұтқасын 1-параметрге (төменгі жылдамдық) орнатыңыз (Cурет 21).
Ескертпе 1-параметрді тек цитрус жемістерін сығуға пайдаланыңыз.
4
Туралған жеміс жидекті тығыздап конусқа салыңыз (Cурет 22).
Кеңес Құралды қолданып болғаннан соң дереу тазалау оңай болады («Тазалау және сақтау»
тармағын қараңыз).
Кеңестер
Дайындау
-
Шырын көбірек алыну үшін, итергішті ақырын басу керек.
-
Шырыны көбірек болатындықтан, жаңа піскен жеміс-жидектер мен көкөністерді қолданған
дұрыс. Әсіресе, ананас, қызылша, сельдерей жапырақтары, алма, қияр, сәбіз, саумалдық, қауын,
қызанақ, апельсин және жүзім шырынын алған қолайлы.
-
Қант қамысы сияқты өте қатты және/немесе талшықты, крахмалды жемістерді немесе
көкөністерді шырын сыққыштан өткізуге болмайды.
-
Бұл шырын сыққыштан салаттағы сияқты жапырақтарды немесе жапырақ бұтақтарын
өткізуге болады.
-
Шиенің, қара өріктің, шабдалының, т.б. сүйектерін алып тастаңыз. Қауын, алма немесе жүзім
секілді жемістердің өзегін және дәндерін алудың қажеті жоқ.
-
Шырын сыққышты пайдаланғанда жұқа қабықтарды аршудың қажеті жоқ. Тек жеуге
жарамсыз қалың қабықтарды (мысалы, апельсин, ананас, киви, қауын және пісірілмеген
қызылша қабықтары) тазалау керек.
-
Алма шырынын дайындағанда, алма шырынының қоюлығы алманың түріне байланысты
болатынын есте сақтаңыз. Алма неғұрлым шырынды болса, шырын соғұрлым сұйық болады.
Өзіңізге ұнайтын шырынды шығаратын алма түрін таңдаңыз.
-
Шырын сыққыш арқылы цитрус жемістерін өткізу үшін, қабығымен қоса ақ қабатты да
аршып тастаңыз. Ақ қабат шырынға ащы дәм береді.
-
Банан, папайя, авокадо, інжір немесе манго сияқты крахмалы бар жеміс-жидектерді бұл
шырын сыққыштан өткізуге болмайды. Ол үшін комбайнды немесе блендерді қолданыңыз.

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents