ішіне су құйыңыз және мықтап жабыңыз.
B5-3—Еден жуғыш шүберекті орнатыңыз
Швабра шүберегін сулап, су тамшылап
тұрмайтындай сығыңыз. Оны тіркеме
слоты бойымен астына салыңыз да,
орнына нықтап орнатыңыз.
B5-4—Еден жуу модулін орнатыңыз
Көрсеткімен көрсетілгендей еден жуу
модулін роботтың артқы жақ бойымен
сырғытыңыз. Сырт еткен дыбыс оның
орнына түскенін білдіреді.
Ескертпелер:
• Алғаш рет пайдаланғанда шамадан тыс көп кір
жиналып қалмауы үшін, еденді жумас бұрын,
кемінде үш рет шаңсорғышпен тазалау керек.
• Егер кілемдер бар болса, роботтың олардың
үстінен өтуіне жол бермеу үшін «Қолдануға тыйым
салынған аймақтар» немесе «Көрінбейтін қабырға»
сызыңыз немесе оларды орап тастаңыз
• Тот баспауы немесе зақымдалмауы үшін су
ыдысына «Roborock» еден тазалағыш сұйықтығын
ғана құйыңыз.
• Ыстық су құюға болмайды, ол ыдыстың
деформациялануына себеп болады.
• Су ағынын және тазалау өнімділігін қамтамасыз ету
үшін еден жуғыш шүберекті 60 минут сүрткеннен
кейін тазалау керек.
Еден жуу модулін алып
B6
тастаңыз
Тазалап болған соң робот док станцияға
қайта оралғанда, екі жағындағы ысырмасын
басыңыз және еден жуу бекітпесін артқа
қарай сырғытып шығарыңыз.
Ескертпелер:
• Әр пайдаланғаннан кейін еден жуғыш шүберегін
жуыңыз, қолданылмаған судың ыдысын жүйелі
түрде босатып тұрыңыз.
• Еден жумайтын уақытта еден жуғыш бекітпесін
алып тастаңыз.
Қолданбаға қосылу
Бұл робот Roborock және Mi Home
қолданбаларымен жұмыс істейді.
Қажеттілігіңізге сай келетінін таңдаңыз.
❶ Қолданбаны жүктеп алу
1-опция: Қолданбаны жүктеп алу және
орнату үшін App Store немесе Google Play
дүкенінен «Roborock» деп іздеңіз немесе
QR кодын сканерлеңіз.
2-опция: Қолданбаны жүктеп алу және
орнату үшін App Store немесе Google Play
дүкенінен «Mi Home» деп іздеңіз немесе
QR кодын сканерлеңіз.
❷ WiFi желісін бастапқы күйге қайтару
«WiFi бастапқы күйге қайтарылуда»
24
дауыстық ескертпесі шыққанға дейін,
және
түймелерін басып тұрыңыз. WiFi
индикаторы баяу жыпылықтап тұрғанда,
бастапқы күйге қайтару процесі
аяқталғанын білдіреді. Содан кейін робот
қосылымды күтеді.
Ескертпе:
Маршрутизатор конфигурациясына
байланысты роботқа қосыла алмасаңыз,
құпиясөзіңізді ұмытып қалсаңыз немесе басқа
да себептер болса, WiFi желісін бастапқы күйге
қайтарып, роботты жаңа құрылғы ретінде қосыңыз.
❸ Құрылғы қосу
Roborock қолданбасын ашыңыз, «Қосылу
үшін сканерлеу» түймесін немесе
«Құрылғыны іздеу» түймесін басыңыз
немесе Mi Home қолданбасын ашыңыз
да, жоғарғы оң жақ бұрыштағы «+»
белгішесін басып, қолданбадағы
нұсқаулар бойынша құрылғыны қосыңыз.
Ескертпелер:
• Қолданбаның жаңа нұсқаларына байланысты
нақты процесс өзгешеленуі мүмкін. Қолданбада
көрсетілген нұсқауларды орындаңыз.
• Тек 2,4 ГГц WiFi желісіне қолдау көрсетіледі.
• Робот 5 минуттан артық қосыла алмаса, WiFi
автоматты түрде өшіп қалады. Қайта қосқыңыз келсе,
алдымен WiFi желісін бастапқы күйге қайтарыңыз.
Нұсқаулар
Қосу/Өшіру
Роботты қосу үшін
түймесін басып
тұрыңыз. Қуат индикаторы жанады және
робот күту режиміне кіреді. Роботты
өшіру үшін
түймесін басып тұрыңыз
және тазалау циклін аяқтаңыз.
Need help?
Do you have a question about the Q5 Pro and is the answer not in the manual?
Questions and answers