Bosch Professional GCM 254 D Original Instructions Manual page 274

Hide thumbs Also See for Professional GCM 254 D:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 30
274 | Қазақ
Ішпектерді алмастыру (R суретін қараңыз)
Ішпек (10) ұзақ уақыт пайдаланылғаннан кейін электр
құралын тоздыруы мүмкін.
Ақаулы ішпекті алмастырыңыз.
– Электр құралын жұмыс күйіне келтіріңіз.
– Бұрандаларды (60) стандартты крест ойықты
бұрауышпен бұрап шығарып, ескі ішпекті (10) алып
тастаңыз.
– Жаңа ішпекті енгізіп, бұрандаларды (60) қайтадан
тартыңыз.
Профиль планкаларын өңдеу
Профиль рейкаларын екі жолмен өңдеуге болады:
Дайындаманы
Еден рейкасы
орналастыру
– тіреу
планкасына
тіреп
– аралау
үстелінде
жатқызып
Мұнан былай профиль планкасының еніне байланысты
кесіктерді жылжытумен немесе жылжытусыз орындау
мүмкін.
Реттелген еңіс бұрыштарын алдымен (көлденең және/
немесе тік) қоқыс ағашымен тексеріңіз.
Лазерді реттеу
Нұсқау: лазер функциясын сынау үшін электр құралын
ток көзіне жалғау керек.
Лазерді реттеген кезде (мысалы, манипуляторды
u
жылжытқанда) ешқашан ажыратқышты
пайдаланбаңыз. Электр құралының кездейсоқ іске
қосылуы жарақаттануға әкелуі мүмкін.
– Электр құралын жұмыс күйіне келтіріңіз.
– Аралау үстелін (29) 0° ойығына (15) дейін бұраңыз.
Иінтірек шерту дыбысымен ойыққа тірелуі тиіс.
Дәл кесіктерді қамтамасыз ету үшін қарқынды түрде
пайдаланғаннан кейін лазер сәулелерін тексеріп,
қажетінше жаңадан реттеу керек.
Ол үшін тәжірибе мен тиісті арнайы құрал қажет болады.
Bosch сервистік орталығы бұл жұмысты жылдам әрі
сенімді түрде өткізеді.
Тексеру (S1 суретін қараңыз)
– Дайындамада тік кесік сызығын сызыңыз.
– Манипуляторды қол тұтқасымен (5) баяу төмен қарай
бағыттаңыз.
– Дайындаманы ара дискісінің тістері кесік сызығымен
бір сызықта болатындай етіп бағыттаңыз.
– Дайындаманы осы күйде ұстап, манипуляторды баяу
қайтадан жоғары қарай бағыттаңыз.
– Дайындаманы қысып қойыңыз.
1 609 92A 88N | (29.03.2023)
– Лазер сәулесін қосқышпен (36) қосыңыз.
Лазер сәулесі манипулятор төмен бағытталса да кесік
сызығының бүкіл ұзындығы бойынша дайындама үстінде
орналасуы керек.
Реттеу (S2 суретін қараңыз)
– Реттегіш бұранданы (61) жинақтағы арнайы
бұрауышпен лазер сәулесі бүкіл ұзындығы бойынша
дайындамадағы кесік сызығына параллель болғанша
бұраңыз.
Сағат тілінің бағытына қарсы бір айналым лазер сәулесін
сол жақтан оң жаққа, ал сағат тілінің бағытымен бір
айналым оны оң жақтан сол жаққа жылжытады.
Негізгі реттеулерді тексеріп реттеңіз
Төбе рейкасы
Дәл кесіктерді қамтамасыз ету үшін қарқынды түрде
пайдаланғаннан кейін электр құралының негізгі
реттеулерін тексеріп, қажетінше реттеу керек болады.
Ол үшін тәжірибе мен тиісті арнайы аспаптар қажет
болады.
Bosch сервистік орталығы бұл жұмысты жылдам әрі
сенімді түрде өткізеді.
0° стандартты тік еңіс бұрышын реттеу
– Электр құралын жұмыс күйіне келтіріңіз.
– Аралау үстелін (29) 0° ойығына (15) дейін бұраңыз.
Иінтірек ойыққа шерту дыбысымен тірелуі керек.
– Бұғаттау түймесін (13) жоғары қарай тартыңыз.
– Реттегіш тұтқаны (21) сәл солға бұрап,
манипуляторды, ол шерту дыбысымен 0° позицияға
тірелгенше, оң жақтан 0° позиция үстінен қайырыңыз.
– Бұғаттау түймесін (13) қайтадан төмен қарай итеріңіз.
Тексеру (T1 суретін қараңыз)
– Бұрыштық үшбұрышты (62) 90° бұрышпен, ара дискісі
(49) аралау үстелінің (29) және аралау үстеліндегі
(29) ара дискісінің арасында жататындай етіп
қойыңыз.
Бұрыштық үшбұрыштың бір жағы бүкіл ұзындығы
бойынша ара дискісінде (49) жатуы керек.
Реттеу (T2 суретін қараңыз)
– Тіреуіш бұранданың (63) контргайкасын стандартты
дөңгелекті немесе айыр тәрізді кілтпен босатыңыз.
– Тіреуіш бұранданы (63), бұрыштық үшбұрыштың (62)
бір жағы бүкіл ұзындығы бойынша ара төсемінде
жатқанша, ішке немесе сыртқа бұраңыз.
– Бұғаттау түймесін (13) қайтадан төмен қарай итеріңіз.
– Содан кейін тіреуіш бұранданың (63) контргайкасын
қайтадан бұрап бекітіңіз.
Егер бұрыш индикаторы (55) реттегеннен кейін
шкаланың (56) 0° белгісімен бір сызықта тұрмаса,
бұранданы (65) стандартты крест ойықты бұрауышпен
босатып, бұрыш индикаторын 0° белгісімен туралаңыз
(W суретін қараңыз).
45° стандартты тік еңіс бұрышын (оң жақ) реттеу
– Электр құралын жұмыс күйіне келтіріңіз.
Bosch Power Tools

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents