Bosch Professional GCM 254 D Original Instructions Manual page 273

Hide thumbs Also See for Professional GCM 254 D:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 30
– Манипуляторды ара дискісі дайындама алдында
тұрғанша тіреуіш планкаладан (18) ары тартыңыз.
– Электр құралын қосыңыз.
– Манипуляторды қол тұтқасымен (5) баяу төмен қарай
бағыттаңыз.
– Енді манипуляторды (18) және (19) тіреуіш
планкаларына қарай басып, дайындаманы бірқалыпты
жүріспен аралаңыз.
– Электр құралын өшіріп, ара дискісі толық тоқтағанша
күте тұрыңыз.
– Манипуляторды баяу жоғары қарай бағыттаңыз.
Жүріссіз аралау (қақпақтар) (N суретін қараңыз)
– Жүріссіз кесіктер үшін (кіші дайындамалар) тартылған
бекіткіш бұранданы (1) босатыңыз. Манипуляторды
тіреуіш планкаға (18) қарай тірелгенше жылжытып,
бекіткіш бұранданы (1) қайтадан тартып қойыңыз.
– Қажет болса, қалаулы көлденең және/немесе тік еңіс
бұрышын реттеп шығыңыз.
– Дайындаманы (18) және (19) тіреуіш планкаларына
қарай басыңыз.
– Дайындаманы өлшемдерге сәйкес қысыңыз.
– Электр құралын қосыңыз.
– Манипуляторды қол тұтқасымен (5) баяу төмен
бағыттаңыз.
– Дайындаманы бірқалыпты жүріспен аралаңыз.
– Электр құралын өшіріп, ара дискісі толық тоқтағанша
күте тұрыңыз.
– Манипуляторды баяу жоғары қарай бағыттаңыз.
Пайдалану нұсқаулары
Кесік сызығын белгілеу (O суретін қараңыз)
Лазер сәулесі ара төсемінің кесік сызығын көрсетеді.
Осылайша дайындаманы аралау үшін маятниктік
қорғаныш қаптаманы ашпай нақты орналастыруға
болады.
– Ол үшін лазер сәулесін ауыстырып-қосқыш (36)
арқылы қосыңыз.
– Белгіңізді дайындамадағы лазер сызығының ортасына
бағыттаңыз.
Нұсқау: аралау алдында кесік сызығы дұрыс
көрсетілгенін тексеріп шығыңыз. Лазер сәулесі, мысалы,
қарқынды пайдалану кезіндегі діріл себебінен ығысуы
мүмкін.
Рұқсат етілген дайындама өлшемдері
Макс. дайындамалар саны:
Көлденең
Тік еңіс
еңіс
бұрышы
бұрышы
Макс. биіктігі
90 x 90
45°
60 x 93
Bosch Power Tools
Биіктігі x ені [мм]
Макс. ені
65 x 130
45 x 130
Көлденең
Тік еңіс
еңіс
бұрышы
бұрышы
Макс. биіктігі
45° (сол
90 x 63
жақ/оң
жақ)
45° (сол
45°
55 x 70
жақ)
45° (оң
45°
55 x 70
жақ)
Минималды дайындамалар саны (= жинақтағы
бұрандалы қысқыш (20) арқылы ара дискісінен сол
немесе оң жақта қысуға болатын барлық дайындамалар):
130 x 50 мм (ұзындығы x ені)
Максималды кесік тереңдігі (0°/0°): 90 мм
Ұзындығы бірдей дайындамаларды аралау
(P суретін қараңыз)
Ұзындығы бірдей дайындамаларды оңай аралау үшін
ұзындық шектегішін (26) пайдалануға болады.
– Қысқыш бұранданы (57) босатып, ұзындық
шектегішін (26) бағыттауыш шинада (58) қажетті
дайындама ұзындығына жылжытыңыз.
– Қысқыш бұранданы (57) қайтадан мықтап тартыңыз.
Ұзынырақ дайындамалар:
– Қатпарлы бұранданы (59) босатып, бағыттауыш
шинаны (58) тірелгенше сыртқа тартыңыз.
– Қатпарлы бұранданы (59) қайтадан мықтап тартыңыз.
– Ұзындық шектегішін (26) қажетті дайындама
ұзындығына реттеп шығыңыз.
Ұзындық шектегішінсіз аралау:
– Қысқыш бұранданы (57) босатып, ұзындық
шектегішін (26) бағыттауыш шинада (58) толықтай
сыртқа жылжытыңыз.
– Ұзындық шектегішін, ол тіреуіш планкамен (18) нық
жанасатындай, 90°-қа бұраңыз.
– Қысқыш бұранданы (57) қайтадан мықтап тартыңыз.
Тереңдік планкасын реттеу (ойықты аралау) (Q
суретін қараңыз)
Егер ойықты аралау керек болса тереңдік тіреуішін
жылжыту керек.
– Тереңдік тіреуішін (22) сыртқа қайырыңыз.
– Манипуляторды қол тұтқасынан (5) керекті күйіне
қисайтыңыз.
– Дәлдеу бұрандасын (23) бұранда ұшы тереңдік
тіреуішіне (22) тигенше бұраңыз.
– Манипуляторды жай жоғарыға бағыттаңыз.
Арнайы дайындамалар
Иінді немесе домалақ дайындамаларды аралау кезінде,
оларды сырғанаудан қорғау қажет. Кесік сызығында
дайындама, тіреуіш планка мен аралау үстелінің
арасында бос орын пайда болмауы тиіс.
Қажет болса, арнайы ұстағыштарды дайындау қажет.
Қазақ | 273
Биіктігі x ені [мм]
Макс. ені
65 x 91
35 x 91
45 x 91
1 609 92A 88N | (29.03.2023)

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents