Ақаулықтарды Жою - Metabo W 22-230 MVT Original Instructions Manual

Hide thumbs Also See for W 22-230 MVT:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 14
kk
ҚАЗАҚША
8.2
Жұмыс бойынша нұсқаулар
Ажарлау:
Аспапты орташа күшпен қысып, дайындаманың
беті қатты қызбайтындай етіп үстіңгі бет
бойынша алға-артқа жылжытыңыз.
Сиыра ажарлау: жақсы нәтижеге қол жеткізу
үшін 30° - 40° орнату бұрышында жұмыс істеңіз.
Абразивті кесу:
Абразивті кесу кезінде әрдайым
қарама-қарсы бағытпен (суретті
қараңыз) жұмыс істеңіз. Кері
жағдайда аспап кесіктен кенет
секіріп шығуы мүмкін. Орташа,
өңделетін материалға жарамды беріліспен
жұмыс істеңіз. Қисайтуға, басуға және
теңселтуге болмайды.
Егеуқұм қағазымен ажарлау:
Аспапты орташа күшпен қысып, дайындаманың
беті қатты қызбайтындай етіп үстіңгі бет
бойынша алға-артқа жылжытыңыз.
Сым қылшақтармен жұмыс істеу:
Аспапты орташа күшпен қысыңыз.
9. Тазалау
Қозғалтқышты тазалау: жұмыс
барысында электрлік құралдың
ішінде материал бөлшектері жиналуы мүмкін.
Бұл электрлік құралдың суытылуын
нашарлатады. Ток өткізгіш шөгінді электрлік
құралдың қорғайтын оқшаулағышын бұзып, ток
соғу қаупін тудыруы мүмкін.
Электрлік құралдағы кірді барлық алдыңғы мен
артқы желдету саңылаулары арқылы жүйелі
түрде, жиі және мұқият сорып немесе құрғақ
ауамен үрлеп тазартыңыз. Бұл әрекеттің
алдында электрлік құралды қуат көзінен
ажыратып, қорғаныш көзілдірік пен
респираторды киіп алыңыз.
Тұтқышты реттеуге арналған түйме (9): қажет
болса, түймеден кірді сорып немесе құрғақ
ауамен үрлеп тазартыңыз (басылған күйде,
негізгі тұтқыштың барлық 3 күйінде). Бұл
әрекеттің алдында электрлік құралды қуат
көзінен ажыратып, қорғаныш көзілдірік пен
респираторды киіп алыңыз.
10. Ақаулықтарды жою
Түр тақтайшасында «WE...» белгісі бар
аспаптар:
- Артық жүктемеден қорғаныс: электрондық
сигналдық индикатор (6) жанып, жүктеме
астындағы айналу жиілігі ҚАТТЫ
төмендейді. Қозғалтқыш температурасы тым
жоғары! Аспапты суығанша және электрондық
сигналдық индикатор сөнгенше бос жүріс
күйінде жұмыс істетіңіз.
- Артық жүктемеден қорғаныс: электрондық
сигналдық индикатор (6) жанып, жүктеме
астындағы айналу жиілігі АЗҒАНТАЙ
төмендейді. Аспапқа артық жүктеме түсті.
Электрондық сигналдық индикатор сөнгенше
128
жұмысты төмендетілген жүктемемен
жалғастырыңыз.
- Электрондық қауіпсіздік ажыратқышы:
электрондық сигналдық индикатор (6)
жанып, аспап өздігінен ӨШЕДІ. Токтың
артуы тым жылдам болған (мысалы, кенет
бұғатталған немесе кері соққы тиген)
жағдайда, аспап өшеді. Аспапты батырма
ауыстырып-қосқыш (8) арқылы өшіріңіз. Содан
кейін қайта қосып, жұмысты әдеттегідей
жалғастырыңыз. Кейінгі бұғатталуға жол
бермеңіз. 4.2 бөлімін қараңыз.
- Қайта іске қосылудан қорғаныс:
электрондық сигналдық индикатор (6)
ЖЫПЫЛЫҚТАП, аспап жұмыс істемейді.
Қайта іске қосылудан қорғаныс іске қосылды.
Аспаптың қосулы күйінде желілік аша
розеткаға салынған немесе электр қуатымен
жабдықтау үзілгеннен кейін қалпына келген
жағдайда, аспап іске қосылмайды. Аспапты
өшіріп қайта қосыңыз.
- Аспап қосылған кезде максималды айналу
жиілігіне дейін өте жылдам үдейді, яғни іске
қосу тогын автоматты түрде шектегіш
(бірқалыпты іске қосу) қызмет етпейді.
Электрондық блокта ақаулық орын алды,
электрондық блок функцияларына қатысты
қауіпсіздік техникасы бойынша басқа
нұсқаулар көрсетілмейді. Аспапты дереу
жөндетіңіз (12.-бөлімді қараңыз).
W 22-180 MVT, W 22-230 MVT, W 24-180 MVT,
W 24-230 MVT, W 26-180 MVT, W 26-230 MVT:
- Қосу процестері кернеудің қысқа мерзімді
төмендеуін тудырады. Жағымсыз желі
параметрлерінде басқа құрылғылар істен
шығуы мүмкін. Толық желі қарсылығы 0,2 Ом
шамасынан кем болғанда, ақаулықтардың
ықтималдылығы төмен болады.
11. Керек-жарақтар
Тек қана түпнұсқа Metabo керек-жарақтарын
қолданыңыз.
Тек қана осы пайдалану бойынша нұсқаулықта
келтірілген талаптар мен сипаттарға сай келетін
керек-жарақтарды пайдаланыңыз.
Керек-жарақтарды берік бекітіңіз. Аспап
ұстағыш ішінде пайдаланылған жағдайда:
аспапты берік бекітіңіз. Бақылау мүмкіндігінен
айырылсаңыз, жарақат алуыңыз мүмкін.
4-бетті қараңыз.
A Сиыра ажарлағыш дөңгелек (тек
орнатылған қорғаныш қалпақпен пайдалану
керек)
B Ламельді тіреуіш ажарлағыш табақша (тек
орнатылған қорғаныш қалпақпен пайдалану
керек)
C Кескіш дөңгелекке арналған қорғаныш
қалпақ
D Кескіш дөңгелек (тек орнатылған кескіш
дөңгелекке арналған қорғаныш қалпақпен
пайдалану керек)
E Алмасты кескіш дөңгелектер (тек
орнатылған қорғаныш қалпақпен немесе

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents