Samsung GT-E1200Y User Manual page 367

Table of Contents

Advertisement

Құрылғы зарядталып жатқанда оны пайдаланбаңыз немесе
құрылғыны ылғал қолмен ұстамаңыз
Бұлай істеу ток соғуына әкелуі мүмкін.
Зарядтағыштың оң және теріс түйіспелерін тікелей бірге
жалғамаңыз
Бұл өртке немесе ауыр жарақатқа әкелуі мүмкін.
Найзағай кезінде құрылғыңызды сыртта пайдаланбаңыз
Бұлай істеу ток соғуына немесе құрылғының дұрыс жұмыс істемеуіне
әкелуі мүмкін.
Өнім жасаушысы мақұлдаған батареяларды, зарядтағыштарды,
қосымша құралдарды және жабдықтарды пайдаланыңыз
• Әмбебап батареяларды немесе зарядтағыштарды қолдану
құрылғының қызмет ету уақытын кемітуі немесе құрылғының
дұрыс жұмыс істемеуіне себеп болуы мүмкін. Сондай-ақ, бұл өрт
тудыруы немесе батареяның жарылуына әкелуі мүмкін.
• Тек өз құрылғыңызға арналған және Samsung мақұлдаған батарея
мен зарядтағышты ғана пайдаланыңыз. Сәйкес емес батарея мен
зарядтағыш едәуір жарақаттануға немесе құрылғыны зақымдауға
себеп болуы мүмкін.
• Samsung корпорациясы Samsung бекітпеген аксессуарларды
не керек-жарақтарды пайдаланған кезде пайдаланушының
қауіпсіздігіне жауапты емес.
Құрылғыңызды артқы қалталарда немесе беліңізде ұстамаңыз
• Тым көп қысым қолданылса, құрылғы зақымдалуы, жарылуы
немесе өртке әкелуі мүмкін.
• Ұрылсаңыз немесе құласаңыз, жарақат алуыңыз мүмкін.
Зарядтағышты немесе құрылғыны түсіріп не соғып алмаңыз
Қазақ тілі
364

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents