Hyundai H-HU3.5-U10 Instruction Manual page 21

Ulrtasonic humidifier
Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

IM2021
Хош иісті майларды қосу
Хош иісті майларға арналған бөлікке 3-5 тамшы хош иісті май қосыңыз (бөлім резервуардағы су
құятын қақпақтың астында орналасқан және бірнеше тамшы эфир майын қолдану керек мата
қондырғысымен жабдықталған). Майды қосқаннан кейін құрылғыдан шыққан бу құрамында хош
иісті майлардың иісі болады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Хош иісті майларды тек арнайы бөлікке қосыңыз.
Хош иісті майды тікелей суға қоспаңыз.
Тек суда еритін хош иісті майларды қолдану керек.
Су болмаған кезде автоматты түрде өшіру
Резервуардағы су деңгейі минималды рұқсат етілгеннен төмен түскен кезде құралдың
ультрадыбыстық мембранасы автоматты түрде өшеді және басқару панелінде
жанады. Құралдың жұмысын жалғастыру үшін резервуарды «Резервуарды сумен толтыру»
блогына сәйкес сумен толтырып, содан кейін құралды электр желісіне қосу қажет.
Құралды өшіру
Құралды өшіру үшін басқару түймесін бірнеше рет басыңыз, бұл ретте түйме жанбауы тиіс және
құралды электр желісінен ажыратыңыз.
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
9.
Аспапты тазалауды бастамас бұрын, ашаның розеткадан ажыратқаныңызға көз жеткізіңіз.
Болмаған жағдайда, бұл электр тоғымен зақымдалуға әкеп соқтыруы мүмкін.
Тазалауды бастамас бұрын, қолыңызды күйдіріп алмас үшін, аспап ішіндегі судың толық
суығанын күтіңіз.
Аспаптың сыртқы үстіңгі беттерін сүрту үшін ылғалды және жұмсақ матаны пайдаланыңыз.
Электр тоғымен жарақаттануды болдырмас үшін, құрылғы элементтерін тазалау кезінде
сырмаңыз және зақымдамаңыз.
Аспапты тазалау кезінде еріткішті, бензин, диметилбензол, қатты щетканы, тальк ұнтағын
және судан басқа өзге заттарды пайдаланбаңыз.
Резервуар астындағы аспап іргесінің ішіндегі судың қалдықтарын ылғалды және жұмсақ
шүберекпен сүртіп алыңыз.
Ұсақ бөлшектерден суды сүртіп алу үшін щетканы пайдалануға болады, содан кейін оларды
тағы да жұмсақ шүберекпен сүртіп шығу керек.
Құрылғыны тазалауды аптасына бір немесе бір рет жүргізіңіз.
Мемберанада кір пайда болған кезде, оын қылшақтың көмегімен тазалаңыз.
Бүріккіштің шүмегінің үстіңгі бетіндегі судың қалдықтарын сүрту үшін жұмсақ щетканы
пайдаланыңыз, содан кейін оны тағы да жұмсақ шүберекпен сүртіңіз.
Суға арналған резервуар мен бүріккішті таза сумен шайыңыз. Қақпаны ұқыптап және күш
салмай шайыңыз, болмаған жағдайда, бұл қақпа арқылы судың ағып кетуіне әкеп соғады.
Бүріккіштің үстінен су қалдықтарын сүрткеннен кейін, оны жұмсақ шүберекпен сүртіп
шығыңыз.
Аспаптың сыртын ылғалды және жұмсақ шүберекпен тазалап сүртіп шығыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Бүрку деңгейінің төмендеуіне және басқа да ақауларға әкеп соғатын жұмыс істейтін үстіңгі
беттердің деформациялануына және өшірілуіне жол бермес үшін, бүріккіштің үстіңгі бетін
сүрту үшін метал щеткаларды, өткір жүздерді немесе тальк ұнтағын қолданбаңыз.
Қатты соққы болған жағдайда, суға арналған резервуардан су ағып кетуі мүмкін.
Судың ағып кетуі білінген жағдайда, бірден құрылғының жұмысын тоқтатып, сервистік
орталыққа жүгініңіз.
21
индикатор

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents