Hyundai H-HU3.5-U10 Instruction Manual page 19

Ulrtasonic humidifier
Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

IM2021
ЖЕТКІЗУ ЖИЫНТЫҒЫ
6.
1. Ылғалдандырғыш -1 дана.
2. Пайдалану жөніндегі Нұсқаулық-1 дана
3. Кепілдік талоны - 1 дана.
4. Қаптамасы - 1 дана.
РЕЗЕРВУАРДЫ СУМЕН ТОЛТЫРУ
7.
1. Құрылғыдан бүріккіші бар су резервуарының қақпағын, содан кейін су резервуарын алыңыз.
2. Резервуардың тұтқасынан ұстап, оны жоғары қарай тартыңыз.
3. Резервуарды төңкеріп, резервуардың клапаны бар қақпағын сағат тіліне қарсы бұраңыз.
4. Резервуарға суды толтырыңыз.
5. Резервуардың клапаны бар қақпағын сағат тілі бағытымен бұраңыз. Резервуар қақпағының
тығыз бекітілгеніне көз жеткізіңіз. Жоғарыда аталған шаралардың толық орындалмауы су
резервуарына ауаның енуіне және нәтижесінде ақауларға әкеледі.
6. Резервуарды және бүріккіші бар су резервуарының қақпағын құрылғыға орнатыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Ағын суды қоспағанда, резервуарға басқа сұйықтықтарды құймаңыз. Сұйықтықтардың басқа
құрамы ішкі бөліктерге зиянды әсер етеді және ақауларға әкеледі.
Құрылғыға немесе су резервуарына эфир майы, хош иістендіргіш, жуғыш зат, химиялық
дәрі-дәрмектер, жылы су (40 ºC-тан жоғары) және т. б. қоспаларды құймаңыз. Кері
жағдайда, су резервуары мен құрылғының ішкі бөліктері зақымдалып, істен шығады. Суды
тікелей құрылғының ішіне немесе бүріккішке құймаңыз.
Құрылғының ішінде судың болуы құрылғының дұрыс жұмыс істемеуіне әкелуі мүмкін.
Су резервуарын соғып алмаңыз және лақтырмаңыз. Ол зақымдалуы мүмкін, бұл судың
ағып кетуіне әкеледі. Резервуарға қатты соққы тиген жағдайда құрылғыны пайдаланбаңыз.
Дереу техникалық қызмет көрсету қызметіне немесе техникалық қызмет көрсету және
жөндеу қызметіне хабарласыңыз.
ҚҰРАЛ СИПАТТАМАСЫ
5.
1. Бүріккіш
2. Жоғарғы қақпақ
3. Су резервуарының тұтқасы
4. Су резервуары
5. Хош иісті майға арналған бөлік (Хош иісті капсула)
6. Ультрадыбыстық мембрана
7. Көмескі жарық
8. Табан (Құрал табаны)
1-сурет*
*Сурет анықтамалық ақпарат ретінде берілген және
нақты құрылғыдан өзгеше болуы мүмкін
19

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents