Download Print this page

Сақтау Шарттары; Тазарту; Қызмет Көрсету - Stihl RME 339.0 Instruction Manual

Hide thumbs Also See for RME 339.0:

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 23
қазақ
► Көгалшапқыш пен шөп жинағышты бір
уақытта тасымалдаған жағдайда:
► Көгалшапқышты бір қолыңызбен
тасымалдау тұтқасынан (1) ұстаңыз.
► Көгалшапқышты көтеріп, денеңіздің
жанында ұстап тасыңыз.
Көгалшапқышты автомобильге салып
тасымалдау
► Көгалшапқышты аударылмайтындай және
қозғалмайтындай етіп тік күйінде бекітіңіз.
13 Сақтау шарттары
13.1
Көгалшапқышты сақтау
► Көгалшапқышты өшіріңіз.
► Ұзартқыш сымның жалғастырғышын
көгалшапқыштың желілік штекерінен
суырып алыңыз.
► Көгалшапқышты суытыңыз.
► Шөп жинағыштың ішін босатыңыз.
► Көгалшапқышты тегіс бетке қойыңыз.
► Тасымалдау күйін орнатыңыз.
► Көгалшапқышты төмендегі шарттарға
сәйкес сақтаңыз:
– Көгалшапқыш балалардың қолы
жетпейтін жерде орналасқан.
– Көгалшапқыш таза және құрғақ.
14 Тазарту
14.1
Көгалшапқышты тігінен қою
► Көгалшапқышты өшіріңіз.
► Ұзартқыш сымның жалғастырғышын
көгалшапқыштың желілік штекерінен
суырып алыңыз.
► Көгалшапқышты тегіс бетке қойыңыз.
► Шөп жинағышты ажыратыңыз.
► Кесік биіктігін ең терең күйіне қойыңыз,
10.2.
► Бас тұтқаны жинаңыз.
► Көгалшапқышты тасымалдау тұтқасынан (1)
ұстап тұрып, артқа қарай жылжытыңыз.
14.2
Көгалшапқышты тазалау
► Көгалшапқышты өшіріңіз.
294
6.2.2.
► Ұзартқыш сымның жалғастырғышын
көгалшапқыштың желілік штекерінен
суырып алыңыз.
► Көгалшапқышты суытыңыз.
► Көгалшапқышты дымқыл шүберекпен
тазалаңыз.
► Лақтырма науасын жұмсақ щеткамен
немесе дымқыл шүберекпен тазалаңыз.
► Көгалшапқыштағы электрлік түйіспелерді
жаққышпен немесе жұмсақ щеткамен
тазалаңыз.
► Желдету ойықтарын жаққышпен тазалаңыз.
► Көгалшапқышты тігінен қойыңыз,
Пышақ айналасындағы аймақты және
пышақты ағаш таяқшамен, жұмсақ
щеткамен немесе дымқыл шүберекпен
тазалаңыз.
Нұсқау
■ Құрылғы жоғары қысымды тазалағышпен
немесе ағынды сумен тазаланса, оған
зақым келуі мүмкін.
► Құрылғыны жоғары қысымды
тазалағышпен немесе ағынды сумен
тазаламаңыз.
15 Қызмет көрсету
15.1
Техникалық қызмет көрсету
аралығы
Техникалық қызмет көрсету аралығы
қоршаған орта жағдайларына және жұмыс
жүргізу шарттарына байланысты. STIHL
төмендегі техникалық қызмет көрсету
аралығын ұсынады:
Жыл сайын
► Көгалшапқышты STIHL делдалына
техникалық қызмет көрсетуге беріңіз.
15.2
Пышақты бөлшектеу және
монтаждау
15.2.1
Пышақты бөлшектеу
► Көгалшапқышты өшіріңіз.
► Ұзартқыш сымның жалғастырғышын
көгалшапқыштың желілік штекерінен
суырып алыңыз.
► Көгалшапқышты тігінен қойыңыз.
13 Сақтау шарттары
14.1.
0478-121-9825-A

Advertisement

loading

This manual is also suitable for:

Rme 339