Download Print this page

Сақтау Шарттары; Тазарту - Stihl RM 448 VC Instruction Manual

Hide thumbs Also See for RM 448 VC:

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 20
14 Сақтау шарттары
► Көгалшапқышты қайырып ашылған бас
тұтқасымен көтерген жағдайда:
► Көгалшапқышты бір адам екі қолымен
тасымалдауға арналған тұтқасынан (1)
ұстауы, ал екінші адам екі қолымен бас
тұтқасынан (2) ұстауы қажет.
► Көгалшапқышты көтеруге және алып
жүруге екі адам қажет.
► Көгалшапқышты жиналған бас тұтқасымен
көтеріп жүрген жағдайда:
► Бас тұтқаны жинаңыз.
► Көгалшапқышты бір адам екі қолымен
тасымалдауға арналған тұтқасынан (1)
ұстауы, ал екінші адам екі қолымен
тұтқадан (3) ұстауы қажет.
► Көгалшапқышты көтеруге және алып
жүруге екі адам қажет.
Көгалшапқышты автомобильге салып
тасымалдау
► Көгалшапқышты аударылмайтындай және
қозғалмайтындай етіп тік күйінде бекітіңіз.
14 Сақтау шарттары
14.1
Көгалшапқышты сақтау
► Қозғалтқышты өшіріңіз және суытыңыз.
► От алдыру білтесі сымының штекерін
шығарыңыз.
► Көгалшапқышты төмендегі шарттарға
сәйкес сақтаңыз:
– Көгалшапқыш балалардың қолы жете
алатын аядан тыс.
– Көгалшапқыш таза және құрғақ.
– Көгалшапқыш төңкерілмейді.
– Көгалшапқыш домалап кете алмайды.
0478-111-9904-A
Көгалшапқыш 3 айдан ұзақ сақталған
болса:
► Жанармай багын бос күйде істетіңіз.
► Жанармай багын STIHL делдалына
тазалауға беріңіз.
► Мотор майын қозғалтқыштың пайдалану
жөніндегі нұсқаулығында көрсетілгендей
ауыстырыңыз.
► От алдыру білтесін бұрап шығарыңыз.
Сақтандыру
■ От алдыру білтесі сымының штекері
шығарылған кезде, іске қосу механизмінің
тұтқасы шығарылса, ұшқын сыртқа шығуы
мүмкін. Ұшқын тұтанғыш немесе жарылғыш
ортада өрт және жарылыс қаупін тудыруы
мүмкін. Адамдар жарақат алуы не қаза
табуы немесе материалдық зияннан зардап
шегуі мүмкін.
► От алдыру білтесі сымының штекерін
от алдыру білтесінің саңылауынан
алшақ ұстаңыз.
► Іске қосу механизмінің тұтқасын бірнеше
рет шығарып, кері бағыттаңыз.
► От алдыру білтесін бұрап кіргізіңіз және
мықтап тартыңыз.
15 Тазарту
15.1
Көгалшапқышты тігінен қою
► Жанармай багы босағанша істетіңіз.
Қозғалтқыш сөнеді.
► Көгалшапқышты беті тегіс жерге қойыңыз.
► Шөп жинағышты ажыратыңыз.
► Кесік биіктігін ең биік күйіне қойыңыз,
11.2.
► Бас тұтқаны ең төменгі күйіне қойыңыз,
8.2.
► Оталдыру білтесі сымының штекерін (1)
шығарыңыз.
► Сол қолыңызбен иінтіректі (2) төмен қарай
басып тұрыңыз.
қазақ
321

Advertisement

loading