TZS First AUSTRIA FA-5027-1 Instruction Manual page 25

Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
ҚОЛДАНУ ЖӨНІНДЕ НҰСҚАУЛАР
БӨЛШЕКТЕР СИПАТТАМАСЫ
(Суретті қараңыз)
1. Құрал есігі фиксаторы
2. Қарау терезесі
3. Құрал айдағышы
4. айналғыш дискі
5. Шыны тұғыр
6. басқару панелі
7. Құрал есігін ашу түймесі (FA-5027-1)
Құрылғыны қолдану алдында осы нұсқаулықты мұқият оқыңыз, өйткені құралды қолдануда пайдалана
аласыз.
Құралдың сериясын панельдің төменгі жағындағы жолға жазыңыз.
МИКРОТОЛҚЫНДЫ СӘУЛЕНІҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ
а) Пешті есігі ашық күйінде пайдаланбаңыз, сәулелік әсері болуы мүмкін.
b) Пештің алдыңғы жағы мен есігінің алдында бөгде заттар болмауын байқаңыз. Сол сияқты
тығыздағышта тазартқыш заттардың қалдығы болмасын.
с) Құралда бүліну белгілері байқалса қолданбаңыз. Құрал есігі жақсы жабылуы тиіс және мынандай
бөлімдері бүлінбеуі керек:
- құрал есігі (деформация болмауы керек)
- шарнирлері мен бекіткіштері (сынбауы керек)
- тығыздағыш
d) Микротолқынды пешті тек мамандар жөндеуі тиісті.
СПЕЦИФИКАЦИЯ:
230В аС ~ 50Гц, 1200Вт (микротолқындар)
Энергияны тұтыну
Қуаты
700Вт
Жұмыс жиілігі
2450МГц
Сыртқы габариті
FA-5027-1: 262мм (В) х 452 (Ш) х 322мм (Г)
FA-5028-1: 262мм (В) х 452 (Ш) х 360мм (Г)
Ішкі габариті
198мм (В) х 315 (Ш) х 294мм (Г)
Жұмыс көлемі
17 литр
Әзірлеу жүйесі
Дөңгелек айналма жүйесі
Салмағы
Шамамен 10.5кг
ҚҰРАЛДЫ ҚОСУ
1. барлық орау материалдары алынып тасталуы тиіс (сол сияқты пештің ішінен).
2. Пештің ақауларын тексеріңіз/есік ақауларыы, бүлінген тығыздағыштар, сынған шарнирлер мен
бекіткіштер/пештің іші мен сыртындағы барлық ақауды қараңыз. егер қандай да бір ақаудың
барлығын байқасаңыз, пешті қолдануға болмайды, арнайы шеберханаға араған жөн.
3. Құралды жазық тегіс орынға қойған дұрыс.
4. Пешті ыстық немесе дымқыл жерге, сол сияқты тез жанатын заттардың жанына қоймаңыз.
5.
ауаның оңтайлы алмасуы үшін құралды басқа заттардан жоғарғы беті 20 см., артқы жағы – 10
см., бүйір жақтары -5см арақашықтықта болған жөн. Пештің аяқшаларын ешқашан алып тастауға
болмайды.
6.
Құралды шыны тәрелкесімен бірге қолдану керек, сонда айналу дискісінің жұмысы дұрыс болады.
7. Желі бауы/шнур/бүлінбеуі тиіс, ол қызып тұрған құралдың төменгі жағында немесе үстінде жатпауы
керек, сол сияқты өткір заттарға тимегені жөн.
8. Желі штекері ыңғайлы орналасуы тиіс, сонда қауіпті жағдайда оны розеткадан жеңіл суыруға
болады.
9. Құрал тек үй жағдайында қолдануға арналған.
ЖЕРМЕЛЕУ
Құрал міндетті түрде жермеленуі тиіс. Құрал жермеленген желі бауымен жабдықталған. Оны дұрыс
құрылған және жермеленген розеткаға қосқан жөн. Жермелеу электр тогы соғуынан сақтайды, өйткені
онда токтан айыру өткізгіші бар. Құралды тек меншік электржелісіне қосу ұсынылады.
еСКеРтУ: Құралды дұрыс қолданбағанда ток соғу қаупі бар.
Білу маңызды:
1. Электрмен қандай да бір жағдай болса мамандарменға хабарласыңыз.
2. Өндіруші де, сатушы да құралды желіге дұрыс қоспаудан болған зақым немесе бүлінушілік үшін
жауапкершілік алмайды.
M_5027-1_5028-1_v03.indd 48-49
48
Өткізгіштің түр-түс гаммалары:
ЖаСЫЛ/СаРЫ = ЖеРМеЛеУ
КӨК = ОРта
ҚОҢЫР = Фаза
КЕДЕРГІ КЕРНЕУІ:
1. Микротолқынды пешті қолдану кезінде радио, теледидар және т.б. құралдарға әсер ететін кедергілер
болуы мүмкін.
2. Кернеу кедергілері болған жағдайда келесідей әрекет жасаңыз:
а) есіктер мен тығыздағыштарды тазартыңыз
b) Радио мен теледидар антенналарын қайта құрыңыз
с) Пештің орнын қабылдағыш орнына сәйкес өзгертіңіз
d) Пешті қабылдағыштан алыс қойыңыз
е) Пеш пен қабылдағыш бір ток желісінде болмауы үшін, пешті басқа розеткаға қосыңыз.
ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕСІ
Микротолқынды пешті қолданған кезде келесі нұсқауларды сақтаңыз:
ескерту: ток соғу, күю, жану, зақымдану және пештің қатты қызып кетуін болдырмас үшін мына
ережелерді сақтаңыз:
1. Құралды қолдану алдында нұсқаулармен мұқият танысыңыз.
2. Құралды тек нұсқауға сәйкес қолданыңыз. Құралға сәйкес емес химикаттарды пайдалануға
болмайды. Құрал тек тағамды қыздыруға, пісіруге және кептіруге арналған. Оны өнеркәсіптік
мақсатта қолдануға болмайды.
3. Пешті тағамды салмай қоспаңыз.
4. егер құрал құлап бүлінген жағдайда желі бауын немесе штекерді қолданбаңыз. Желі кәбілі бүлінсе,
мамандарға хабарласыңыз.
5. ескерту: Құралды балалар қолданған кезде, ересектер мұқият бақылауы тиіс, оларды микротолқынды
пешті қолданудың қауіпсіздік ережелерімен таныстырған жөн.
6. Пештің ішінде тұтану, от жану пайда болған кездегі қарсы қауіпсіздік құралдары:
а) егер Сіз тағамды пластик немесе қағаз ыдыста әзірлесеңіз, таңдап алынған жұмыс жиілігінің
сәйкестігін, тұтанып жанбауын бақылаңыз..
b) Пешке тағамдарды жайғастыру алдында, орама материалдарды алып тастаңыз.
с) Жанған жағдайда – құралды өшіріңіз. Өрт болмау үшін есігін ашық қалдырыңыз.
d) Пеште тағам сақтауға болмайды. Пештің ішіне тағамдар мен қағаз ыдыстарды қалдырмаңыз.
7. ескерту: тығыз жабылған ыдыста сұйық және басқа тағамдарды қыздыруға бомайды, жарылуы
мүмкін.
8. Микротолқынды пеште сұйық тағамды қыздыру кезінде сыйымдылық ыдысына ерекше назар
аударыңыз.
9. Микротолқынды ыдыста тағам қуырмаңыз. Май пештің бөлшектеріне әсер етіп, тұтанады.
10. Пеште жұмыртқаны қабығымен пісіруге рұқсат етілмейді, жарылады.
11. Картоп, асқабақ, алма т.б. тағамдардың қабығын әзірлеу алдында мұқият тазалау керек.
12. Шөлмектегі бала тамағын жақсылап шайқаған жөн, соңынан температурасын тексеріп, күю қаупінің
алдын алуға болады.
13. тағам қыздырылған ас-үй ыдыстары да қызады. Сондықтан тағамды пештен алғанда ас үйге
арналған арнайы шүберекті қолданыңыз.
14. ас-үй жабдықтарын микротолқынды пеште қолдануға болатындығына көз жеткізіңіз.
15. ескерту: Микротолқынды пештің панелін алуды талап ететін жөндеу жұмысын тек кәсіби мамандар
атқаруы тиіс, өйткені сәуле алу қаупі бар.
16. бұл өнім В класының 2 тобының ISM құралына жатады. 2-топ құрамына
жабдықтары (өнеркәсіптік, ғылыми және медициналық) енеді, онда радио жиілігі энергиясы
материалды өңдеу үшін электромагнитті радиация формасында қолданылады. В класындагы
құралдар үй жағдайында төменгі кернеудегі электр қорегі желісіне тікелей қосу жағдайында
қолданылады.
17. бұл құралды физикалық шектелген, сенсорлық немесе ақыл-есі кем және де тәжірибесі мен
құрал туралы білімі аз адамдарға(балаларды қосқанда) қолдануға болмайды. аталған санаттағы
адамдарға құралды тек бақылау үстінде пайдалануға болады.
МИКРОТОЛҚЫНДЫ ПЕШТЕ ТАҒАМ ӘЗІРЛЕУ:
1. тағамды мұқият салыңыз. Кесек бөліктерін тәрелкенің шет жақтарына жайғастырыңыз.
2. тағамның әзір болу мерзімін байқаңыз. Мүмкіндігінше аз уақыт пайдаланыңыз, уақыт мөлшерін
қажет болған кезде ғана ұлғайтыңыз. тағамды ұзақ әзірлеу барысында күйіп кетуі мүмкін.
3. тағамды әзірлеу кезінде бетін жауып қойған жөн, жан-жаққа шашырамау үшін, біркелкі пісетін
болады.
49
барлық ISM құрал-
12-9-10 上午9:02

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Fa-5028-1

Table of Contents