BRAYER BR4209 Instruction Manual page 40

Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

  • ENGLISH, page 1
40 KZ
• Шаңжинағыш-контейнердің құтысын (23) жуып
жіберіңіз және құрғатыңыз.
• НЕРА--сүзгіні (19) сепараторға (20) орнатыңыз және
оны сағат тіліне қарсы тірелгенге дейін бұраңыз.
• Сепараторды (20) құтыға (23) салыңыз.
• Қақпақты (22) бекіткіш (21) іске қосылғанға дейін
жабыңыз.
• Жиналған шаңжинағыш-контейнерді (11) орнына
орнатып, шаңжинағыш-контейнердің (11) дұрыс
орнатылғанына көз жеткізіңіз.
Назар аударыңыз!
Шаңжинағыш-контейнерді (11) жинау және орнына
орнату алдында, НЕРА-сүзгі (19), сепаратор (20) және
құты (23) құрғақ екеніне көз жеткізіңіз.
Шығу сүзгісін (17) тазалау
• Шаңсорғышты сөндіріңіз және қуаттандыру бауы-
ның ашасын розеткадан суырыңыз.
• Шығу сүзгісінің торын (18) шешіп алыңыз, ол үшін
оны сағат тілі бағытына бұраңыз, шығу сүзгісін (17)
шешіп алыңыз (сур. 9).
• Шығу сүзгісін (17) және торды (18) аздап жылы су
ағынымен жуыпжіберіңіз. Шығу сүзгісін (17) және
торды (18) жуу үшін ыдыс жуатын машинаны пайда-
ланбаңыз.
• Шығу сүзгісін (17) және торды (18) құрғатыңыз.
• Шығу сүзгісін (17) орнына орнатыңыз.
• Торды (18) орнына орнатыңыз, ол үшін торды (18)
сағат тіліне қарсы тірелгенге дейін бұраңыз.
Шаңсорғыш корпусы
• Шаңсорғыш корпусын жұмсақ, сәл дымқыл матамен
сүртіңіз, содан кейін оны құрғатып
• сүртіңіз. Шаңсорғыш корпусының ішіне сұйықтық
тиюіне жол бермеңіз.
• Шаңсорғыш корпусын және қондырмаларын тазалау
үшін еріткіштер мен қажайтын тазалағыш заттарды
пайдаланбаңыз.
• Шаңсорғыштың корпусын, қуаттандыру бауын және
қуаттандыру бауының ашасын
• суға немесе басқа да сұйықтыққа батыруға тыйым
салынады.
ҚЫЗЫП КЕТУДЕН ҚОРҒАНЫС
• Жұмыс температурасының жоғарылауы кезінде
электр моторының қызып кетуден қорғау жүйесі іске
қосылады.
• Егер жұмыс кезінде, шаңсорғыш өшіп қалса, қосу/
сөндіру пернесіне (16) басыңыз, желі бауының аша-
сын электр розеткасынан суырыңыз.
• Шаңсорғышты 30-40 минут суытыңыз, содан кейін
қайтадан қосыңыз. Үй-жайдағы ауа температура-
сына байланысты электр моторының суыту уақыты
көрсетілген мәндерден өзгеше болуы мүмкін.
• Егер шаңсорғыш қосылмаса, бұл басқа ақаулықпен
байланысты болуы мүмкін, бұл жағдайда сервис
орталығына жүгініңіз.

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents