Жиі Қойылатын Сұрақтар - Philips HR1378 User Manual

Hide thumbs Also See for HR1378:
Table of Contents

Advertisement

8 Жиі қойылатын
сұрақтар
Бұл тармақ осы қол блендері жөнінде жиі
қойылатын сұрақтар тізімін береді. Егер
сіз өз сұрағыңызға жауапты таппасаңыз,
еліңіздегі Тұтынушылар Қызмет Орталығымен
байланысыңыз.
Құрал неліктен жұмыс жасамайды?
Батаерялары таусылып қалған болар.
Батареяларды қайта зарядтаңыз («Жұмыс
жасауды бастау» тармағындағы «қол
блендеріңізді зарядтаңыз» бөлігін қараңыз).
Қауіпсіздік түймесі төменгі ұстанымда
қалып қойған болар. Бұл жағдайда
құралды қосу мүмкін емес және көрсеткіш
жарықтары қызыл болып жымыңдайды. Қа
уіпсіздік түймесін жоғары сырғытыңыз, оны
төмен қарай итеріп, қайтадан жіберіңіз.
содан соң құралды қайтадан қосып көріңіз.
Егер сіз осыдан кейін де құралды қоса
алмасаңыз, өзіңіздің Philips диллеріңізбен
немесе Philips әкімшілік берген орталықпен
байланысыңыз.
Қатты қызып кетуден сақтайтын қорғаныс,
құралдың электроқозғалтқышы тым қызып
кеткендіктен, оны автоматты түрде сөндіріп
тастаған болар. көрсеткіш жарықтары қызыл
болып жанады. Құралмен әрі қарай қолданар
алдында оны суытып алыңыз. Егер құрал
сонда да жұмыс жасамаса, Philips диллеріне
немесе Philips әкімшілік берген қызмет
орталығына барыңыз.
Неліктен көрсеткіш жарықтары қызыл болып
жымыңдайды?
Қауіпсіздік түймесі дұрыс жұмыс жасамайды.
Бұл жағдайда құралды қосу мүмкін емес
және көрсеткіш жарықтары қызыл болып
жымыңдайды. Қауіпсіздік түймесін жоғары
жылжытып, оны қайтадан төмен қарай
сырғытып, босатыңыз. содан соң құралды
қайтадан қосыңыз. Егер құрал сонда да жұмыс
жасамаса, Philips диллеріне немесе Philips
әкімшілік берген қызмет орталығына барыңыз.
Неліктен көрсеткіш жарықтары қызыл болып
жанады?
Моторы тым қатты қызып кеткендіктен, қатты
қызып кеткеннен сақтайтын қорғаныс құралды
сөндірген болар. көрсеткіш жарықтары қызыл
болыр жанады. Құралы әрі қарай қолданар
алдында оны суытып алыңыз. Егер құрал сонда
да жұмыс жасамаса, Philips диллеріне немесе
Philips әкімшілік берген қызмет орталығына
барыңыз.
Неліктен төменгі көрсеткіш жарықтары көгілдір
болып жымыңдайды?
Батареялары отыра бастаған болар.
Батареяларды қайтадан зарядтаңыз. («жұмыс
жасауды бастау» тармағындағы «қол
турауышты зарядтау» бөлігін қараңыз).
Неліктен құрал аяқ асты жұмыс жасағанын
тоқтатты?
Мүмкін кей бір ингредиенттер алмасқа тұрып
қалған болар. Қосу/өшіру түймесін босатып,
мотор бөлігін алып, алмасқа тұрып қалған
ингредиенттерді алып тастаңыз.
Неліктен құралда қауіпсіздік түймесі бар?
Ұқыпсыз қолдану кезінде зақымдалудан
қолданушыны сақтап қалу үшін, құралда
қауіпсіздік жүйесі бар.
7

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents