Philips FC7088 Important Information Manual page 50

Hide thumbs Also See for FC7088:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
50
ҚАЗАҚША
- Жуу щеткаларын тек түпнұсқа Philips жуу щеткаларымен
ауыстырыңыз. Жаңа жуу щеткаларын сатып алу үшін «Қосалқы
құралдарға тапсырыс беру» тарауын қараңыз.
Стандарттарға сәйкестігі
Осы Philips құралы электромагниттік өрістерге қатысты барлық қолданыстағы стандарттар мен
ережелерге сәйкес келеді.
Еденді тазалау
Бұл құрал қатты едендерді тұрақты тазалауға арналған. Бұл құралды пайдаланғанда, әрқашан
қатты еденіңізге арналған тазалау нұсқауларын орындаңыз.
Таза су ыдысындағы суға сұйық еден тазалағышты қосқыңыз келсе, суда еритін аз көбіктенетін
немесе көбіктенбейтін еден тазалағышын пайдаланыңыз. Таза су ыдысының сыйымдылығы
700 мл болғандықтан, сұйық еден тазалағыштың аз ғана тамшысын қосу керек.
Пайдалану шектеулері
-
Бұл құралды суға төзімді жоғарғы қабаты (мысалы, линолеум, жылтыр кафель және лакталған
паркет) бар қатты және тас (мысалы, мрамор) едендерде ғана пайдаланыңыз. Егер еденіңіз
суға төзімді ету үшін өңделмеген болса, өндірушіден оны тазалау үшін суды пайдалануға
бола ма, жоқ па, соны сұраңыз. Бұл құралды суға төзімді жоғарғы қабаты зақымдалған қатты
едендерде пайдаланбаңыз.
-
Бұл құралды тек линолиумның жуу щеткаларының ішіне тартылуын болдырмау үшін дұрыс
бекітілген линолиум едендерде пайдаланыңыз.
-
Бұл құралды кілемдерді тазалау үшін пайдаланбаңыз. Қосылып тұрғанда құралды кілем
үстінде жылжытсаңыз, белсенді қорғаныс жүйесі іске қосылады. Сөніп тұрғанда құралды
кілем үстінде жылжытсаңыз, лас су тамшылары кілемге тамуы мүмкін.
-
Бұл құралды конвекторлық жылытқыштардың еден торларына апармаңыз. Тор үстінде
жылжытқанда құрал шығатын суды тарта алмайды, сондықтан конвекторлық ойықтың ішінде
су таусылады.
-
Жуу саптамасын шетке жылжытпаңыз, өйткені бұл су іздерін қалдырады. Жуу саптамасын
тек алға және артқа жылжытыңыз.
Белсенді қорғаныс жүйесі
Бұл құралда белсенді қорғаныс жүйесі бар. Осы белсенді қорғаныс жүйесі еденнен кірден
немесе сұйықтықтан басқа бөгде заттың тартылғанын ажырататын етіп жасалған. Жүйе іске
қосылғанда құрал өшіп, қызыл түсті жуу щеткаларының жарығы үздіксіз жанады. Сондай-ақ,
белсенді қорғаныс жүйесі жуу щеткалары өте қатты ылғал болғанда, құралды кілем үстінен
жылжытқанда немесе дұрыс бекітілмеген еден үстінде жылжытқанда іске қосылады
Кеңестер мен басқа да маңызды ақпарат
-
Құралды дәл шаңсорғыш сияқты жылдамдықпен жылжытуға болады. Қиын дақтарды кетіру
үшін құралды дақ үстінен жайлап жылжытыңыз.
-
Еденде су іздерін немесе жуу саптамасынан судың шашылуын болдырмау үшін шектен аса
тарту алдында құралды өшіріңіз.
-
Құралды өшіргеннен кейін оны бірнеше рет алға-артқа жылжытып, екі жуу щеткаларының
арасында бар сұйықтықты кетіріңіз. Бұлай жасамасаңыз, көтергенде құрал еденде су ізін
қалдырады.
-
Таза су ыдысын толтырғанда, иінтіректің дұрыс жабыңыз. Иінтірек дұрыс жабылмаса,
құралды тұрақ күйінен шығарғанда таза су ыдысы құлауы мүмкін.

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Fc7080

Table of Contents