Қазақша - Braun Oral-B Professional Care Oxyjet Manual

Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
Қазақша
Осы тіс щеткасын пайдалану алдында пайдалану
жөніндегі нұсқаулықты мұқият оқуды өтінеміз.
МАҢЫЗДЫ
Берілген қондырғы суға немесе еденге түсіп
кетпейтіндей орнатылуы тиіс. Штекер әрдайым
қол жетімді жерде орналасуы шарт.
Үнемі электр қосылу сымының үзілмеуін
тексеріп отырыңыз. Егер үзілгенін байқасаңыз
зарядттау құралын Oral-B Braun қызмет
көрсету орталығына апарыңыз. Зақым келген
немесе бұзылған қүралды қолданбаңыз.
Бұл зат 12 жасқа дейін балаларға қолдануға
арналмаған.
Бұл құрал балалар мен қабылеттері мен
мүмкіндіктері шектелген жандарға да
қолдануға арналмаған, тек олардың
жалпы қауіпсіздігіне жауапты жандардың
бақылауында болған жағдайдан басқа.
Балалардан аулақ сақтау керек.
Бұл затпен балаларға ойнауға рұқсат
бермеңіз.
Зарядттау құралын раковина не ваннаға түсіп
кету қаупі бар жерге қойып сақтамаңыз.
Заряддтау құралын суға немесе басқа
сұйықтыққа салмаңыз.
Суға түсіп кеткен зарядттау құралын алуға
тырыспаңыз. Жедел түрде оны электр
қорегінен ажыратыңыз.
Өзіңіз жеке бұл құралды жөндеп -өңдеуге
тырыспаңыз. Ол жанып кетуі, не электр соғуы,
не зақым келтіруі мүмкін. Бұл құралды жөндеу
қажет болған жағдайда осы тауардың
сатушысына немесе Oral-B қызмет көрсету
орталығына бару керек. Бұл құралды
батарейкасын ауыстырғаннан басқа жағдайда
өзіңіз жеке шешуге тырыспаңыз.
Осы құралдың/зарядттау құралының тесігіне
бөтен зат кіргізбеңіз.
Электр қорегі сымының штекерін су
қолыңызбен ұстамаңыз. Тоқ соғуы мүмкін.
Электр қорегінен ажыратқан кезде үнемі
сымның өзі емес штекерден ұстаңыз.
Осы құралды осы нұсқаулықта көрсетілген
мақсатта ғана пайдаланыңыз. Шығарушы-
фирма көрсетпеген қосымша бөлшектерді
қолданбаңыз.
Егер сіз тісіңізді емдетіп жүрсеңіз, онда осы тіс
мәсуәгін пайдаланбастан бұрын сіздің тіс
дәрігеріңізбен кеңесіңіз.
Сипаттамасы
a
Ирригатор қондырмасы
b
Ирригатор режимдерін айырып-қосқыш
c
Қондырмалар контейнері
d
Қондырманы шешу түймешігі
e
Қосу/өшіру түймешігі
36
f
Су қысымының реттегіші
g
Суды қосу/өшіруге арналған қолсап
айырып-қосқышы
h
Ирригатор қолсабы
i
Суға арналған контейнер (600 мл)
j
Сымжеліні сақтау бөлімшесі
Ерекшелігі
Электр қорегінің ерекшелігі туралы зарядттау
құралының астынан оқыңыз.
Ирригаторды қолдану
Ирригаторды қолданбас бұрын, суға арналған
контейнерді сумен толтырыңыз (i) да, ирригатор
қолсабын (h) раковинаның үстінен ұстап тұрып,
судың барлық көлемін қондырғыдан өткізіңіз.
1. Қондырмалардың біреуін (a) қолсапқа (1)
сырт еткен дыбыс шыққанша кигізіңіз.
Контейнерді жылы сумен толтырып,
қалауыңызша тіске арналған эликсирді
қосыңыз.
2. Ирригаторды қосу/өшіру (e) (2) түймешігін
басу арқылы қосыңыз. (Қолсабындағы
айырып-қосқыш төменгі күйде орналасуы
тиіс = суды жауып тастау).
3. Су қысымының реттегіші (f) көмегімен
су ағысының күшін таңдаңыз (1 = әлсіз,
5 = күшті) (3). 1-ші деңгейден бастағаныңыз
жөн, әсіресе, қызыл иегіңіз қанталап тұрған
жағдайда немесе ирригаторды балалар
қолданғанда.
4. Раковинаға еңкейіп, ирригатор қондырмасын
тісіңіз бен қызыл иегіңізге бағыттаңыз. Су
ағысын (4) қосу үшін айырып-қосқышты (g)
жоғарғы күйге ауыстырыңыз. Су раковинаға
ағып кетуі үшін ауызыңызды ақырындап
ашыңыз.
Айырып-қосқышты (b) жоғарғы немесе төменгі
күйге келтіру арқылы ирригатордың екі жұмыс
істеу режимінің бірін таңдай аласыз (мұны
істемес бұрын, айырып-қосқышты төменгі күйге
келтіру арқылы су ағысын жауып тастаңыз):
Қызыл иекті тазалау және уқалауға арналған
турбо ағыс (душ) (турбина айырып-қосқышы –
төменгі күйде): микрокөпіршікті турбо ағыс (душ)
нәзік уқалау мен қызыл иек астарына мұқият
кіруге арналып жасалған (6).
Моноағыс (ағыс) (турбина айырып-қосқышы –
жоғарғы күйде): моноағыс (ағыс) тіс
араларындағы қуыстардан ас қалдықтары мен
тіс өңезін жою үшін жасалған (7).
Ең ұзақ жұмыс істеу уақыты: 15 минут
Суу ұзақтығы: 2 сағат

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents