Braun Oral-B Professional Care Oxyjet Manual page 37

Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
Қондырма режимдерінің жұмысын суға арналған
контейнердің төменгі жағына кірістірілген сүзгі
қамтамасыз етеді. Су қысымының төмендеп
кеткенін байқасаңыз, сүзгінің кептеліп
қалмағанын тексеріңіз. Сүзгіні тазарту үшін,
контейнерді шешіп алып, тегіс беткейге қағып
жіберіңіз.
Қолданыстан кейін
Тұрып қалған судың ішінд бактериялардың
өсімін болдырмау үшін, контейнердегі суды үнемі
төгіп отырыңыз. Тіс дәрігеріңіз хлоргексидин
ерітіндісін қолдануды ұсынса, шөгіндінің тұнып
қалуын болдырмау үшін, ирригаторды әрбір
қолданыстан кейін сумен шайыңыз.
Ирригаторды өшіру үшін қосу/өшіру түймешігін
басыңыз.
Қондырманы (5) шешу үшін қондырманы шешу
түймешігін (d) басыңыз. Қондырмаларды арнайы
контейнерде (c) сақтауға болады. Қолсапты
мұқият құрағатып сүртіп, тұғыр-тіреуішіне қайта
орнатыңыз.
Тазалау
Құрылғының корпусын ылғалды сүлгімен
күнделікті сүртіп отырыңыз. Суға және
қондырмаларға арналған контейнерлер шешіп
алынады және оларды ыдыс жуу құрылғысында
жууға болады.
Бұл затқа алдын-ала хабарламай-ақ өзгерістер
енгізуге болады.
Бұл құралды пайдалану соңында
тұрмыстық қоқысқа лақтыруға болмайды.
Оны жою үшін елдегі талаптарға сәйкес
Oral-B Braun қызмет көрсету орталығына
өткізіңіз.
Кепілдік
Бұл құрал кепілдігі сатып алған сәттен бастап
екі жыл бойы жарамды болады.
Осы кепілдік уақыты кезінде біз жөндеу
жұмыстарын, қосалқы заттарды немесе кез
келген бөлшектерді ауыстыруды, жеткіліксіз
материал болуының немесе құрастырудың
салдарынан болған зауыт ақаулықтарын
жөндеудң ақысыз жүргіземіз.
Осы кепілдік кезеңінде зат жөндеуге келмейтін
болса онда тұтынушылар құқығын қорғау
Заңына сәйкес ол құрал басқа осындай немесе
осыған сәйкес затқа алмастырылады.
Кепілдік тек Braun пайдалану нұсқаулығының
соңғы бетінде сатылған күні дүкеннің мөрімен
және сатушының қолымен бекітілген болса ғана
күшіне енеді, бұл кепілдік талоны да болып
табылады.
Бұл кепілдік міндеттемелері Braun
компаниясының өзі немесе дистрибьютор-
компаниясы тарататын барлық елдерде
жарамды болып табылады және ол жерлерде
импорттық шектеу немесе басқа да құқықтық
ережелер кепілдік қызмет көрсетуге кедергі
келтірмеу керек.
Кепілдік қызмет көрсету кепілдік мерзімінің
аяқталуына әсер етпейді. Ауыстырылған
қосалқы бөлшектерге кепілдік мерзімі осы затқа
берілген кепілдік аяқталған сәтте бітеді.
Бұл кепілдік құралды дұрыс пайдаланбау
салдарынан болған жағдайда (төменде), табиғи
жарамсыздануда, әсіресе мәсуәк сабының
қондырғылыры, сонымен бірге осы құралдың
жұмыс жасауына бөгет болмайтын жағдайларда
жарамайды. Бұл кепілдік осы құралды басқа
авторлық емес қызмет көрсету орталықтарында
жөндеткенде және Braun өзінің қосалқы
заттарын пайдаланбаған жағдайда жарамды
болмайды.
Кепілдік қызмет көрсету үшін бұл құралды Oral-B
Braun авторлық қызмет көрсету орталығына
сатып алған чекпен бірге жеткізу керек.
Барлық басқа талаптар, оның ішінде
тигізген зақымды өтеу де бар, егер біздің
жауапкершілігіміз заңды түрде көрсетілмесе
қанағаттандырылмайды.
Сатушымен коммерциялық келісімге
байланысты арыздар да бұл кепілдікке кірмейді.
Oral-B Braun бұйымдары еуропалық сапаның
жоғары талаптарына сай шығарылған. Аса
құнттап пайдаланғанда және пайдалану
ережесін сақтағанда сіз сатып алған Oral-B
Braun бұйымы сәйкес белгіленген мерзімнен де
ұзақ уақытқа жарайды.
Кепілдік тарамайтын жағдайлар:
форс-мажор жағдайлар салдарынан болған
ақаулар
арнайы мақсатпен пайдалану
пайдалану ережелерін бұзу
қорек желісінің кернеуін қате қою(егер талап
етілсе)
техникалық өзгерістер енгізу
механикалық ақаулар
жануарлар, кемірушілер мен жәндіктердің
кесірінен болған зақымдар (оның ішінде
кемірушілер мен жәндіктердің құралдың
ішінде болуы да)
37

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents