Philips HR7954 User Manual page 50

Hide thumbs Also See for HR7954:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
Асыра жүктеуден қорғау
Ас комбайны асыра жүктелгенде жұмысын
автоматты түрде тоқтатады.
Асыра жүктеу жағдайында құралды
қайта орнату үшін төмендегі
қадамдарды орындаңыз:
1
Тұтқаны 0 позициясына бұраңыз,
одан кейін оны қуат көзінен
ажыратыңыз.
2
Жүкті азайту үшін ингредиенттердің
біразын алып тастаңыз.
3
Құралды бірнеше минут суытыңыз.
4
Қуат ашасын қуат көзіне қосыңыз
және қажетті жылдамдықты
қайтадан таңдаңыз.
4 Ас комбайнын
пайдалану
Араластырғыш ыдыс
құралдары
Есте сақтаңыз
Ас комбайнын қоспастан бұрын, тұтқаның
0 позициясында екенін тексеріңіз, одан кейін
ұрғышты, бұлғауышты немесе қамыр илегіш
ілмекті тіркеңіз.
Ыдыста ұн мен басқа ингредиенттердің 750 г-на
дейін өңдеуге болады.
Келесі суретте көрсетілгендей ұсынылған
мөлшерді, өңдеу уақытын және жылдамдығын
сақтаңыз: 9.
Бастамастан бұрын, келесіден қажетті
қосымшаны таңдағаныңызды және
келесі суретке сай құрастырғаныңызды
тексеріңіз: 2.
Қамыр илегіш ілмек:
Нан мен орама жасау үшін
KK
58
Бұлғауыш:
Торттар, печеньелер, кекс, тәттілер,
езілген картоп, паста қамырын,
глютенсіз нанды және салқын сары
майды жасау үшін
Ұрғыш:
Жұмыртқа ақуызын, крем, безе, мус
және суфле жасау үшін
Кеңес
Шашыратпау үшін жылдамдықты әрқашан біртіндеп
арттырыңыз.
Шашыраудан қорғағыш: ыдыс құралдарын
пайдаланбастан бұрын шашыраудан қорғағышты
тірекке орнатыңыз. Құралдарды ауыстыру үшін
шашыраудан қорғағышты алудың қажеті жоқ.
Ингредиенттерді шашыраудан қорғағыштың
шүмегінен салуға болады.
Ұру: жұмыртқа ақуызын немесе кремді ұрмастан
бұрын, ыдыс пен ұрғыштың құрғақ және майсыз
екенін тексеріңіз.
Илеу: нан мен пиццаға арналған ашытылған қамырды
илеу үшін қамыр илегіш ілмекті пайдаланыңыз.
Қамырды ылғалдылық және температура жағдайына
сай жасау үшін, сұйықтық мөлшерін реттеуіңіз керек.
Қамырды ас комбайнымен ұзақ уақыт бойы қайта
илегіңіз келсе, қамырдың қамыр илегіш ілмектен
асып кетуін болдырмау үшін қамырдың ыдыс түбіне
басылғанын тексеріңіз.
Рецепт: нан қамыры
(ең көбі x1,5 мөлшер)
Ингредиенттер:
• 500 гр. ұн
• 50 г зәйтүн майы
• 1 кішкентай қасық тұз;
• 1 кішкентай қасық қант;
• 7 г ашытқы
• 260 мл жылы су
1
Барлық құрғақ ингредиенттерді
ыдысқа салыңыз және айналмалы
тұтқаны 1-жылдамдыққа
бұраңыз.
2
Суды, одан кейін майды құйыңыз.

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents