Кофе Әзірлеу - BRAYER BR1123 Instruction Manual

Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

  • ENGLISH, page 1
КОФЕ ӘЗІРЛЕУ
Ыстық су сүзгіштегі (5) ұнтақталған кофенің қаба-
тынан бір рет өткен кезде кофе әзірленеді. Дайын
сусынның дәмі бастапқы өнімнің сапасына байла-
нысты, сондықтан жақсы қуырылған және дәні жаңа
ұнтақталған кофені пайдалану ұсынылады.
• Қақпақты (6) ашыңыз, ұнтақталған кофенің
қажетті көлемін өлшеп, сүзгіге (5) салыңыз.
Орташа мөлшермен бір тостаған кофеге 6 грамм
ұнтақталған кофе қажет, дәл мөлшерін талғамға
қарай таңдаңыз.
• Суқойманы (7) қажетті деңгейге дейін суық суға
толтырыңыз. Су деңгейін шкаланың (8) көмегімен
анықтаңыз.
• Қақпақты (6) жабыңыз.
• Құтыны (1) қақпағымен (3) алаңшаға (12) орна-
тыңыз.
• Қуаттандыру бауының айырын электрлік розеткаға
салыңыз.
• Қуат қосқышын (10) басу арқылы кофеқай-
натқышты қосыңыз, осы ретте қосқышта (10)
жарық индикаторы жанады.
• Құтыға (1) дайын кофе толтырылғаннан кейін, қуат
қосқышын (10) қайта басып, кофеқайнатқышты
өшіріңіз, бұл ретте жарық индикаторы өшіріледі.
• Кофе ыстық күйінде қалуы үшін құтыны (1) алаң-
шада (12) қалдырыңыз және кофеқайнатқышты
өшірмеңіз.
Ескертпе: дайын кофені жылыту уақыты 40
минутпен шектелген, содан кейін кофеқайнатқыш
өшіріледі.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
• Егер бұдан былай құтыны (1) қыздыру қажет бол-
маса, міндетті түрде кофеқайнатқышты өшіріңіз,
ол үшін қуат қуаттандыруды қосқышты (10).
• Су бу қысымымен ұнтақталған кофе арқылы
өтеді, сондықтан кофені әзірлеу кезінде кофе
қайнатқыштың үстіне еңкеюге, қақпақты (6) ашуға,
сүзгі ұстағышын (4) және сүзгіні (5) шығаруға
тыйым салынады.
• Кофеге арналған бос құтыны (1) құтыны қызды-
руға арналған алаңшада (12) қалдыруға тыйым
салынады, кері жағдайда құтының шынысы
шытынап кетуі мүмкін.
ҚАҚТЫ КЕТІРУ
• Кофеқайнатқышты қақтан мезгілімен тазалаңыз.
• «Қақты кетіретін үй құралын» қолдануға болады
бұл лимон қышқылының үш бөлігін судың жүз
бөлігіне қатысты лимон қышқылының ерітіндісі.
• Қақпақты (6) ашыңыз, суқойманы (7) су деңгейінің
шәкіліндегі (8) ең жоғарғы деңгейге дейін қақты
жоятын құралымен толтырыңыз.
• Сүзгі ұстағышы (4) және сүзгі (5) орынға орна-
тылғанына және сүзгіде (5) ұнтақталған кофе жоқ
екеніне көз жеткізіңіз.
KZ
31

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents