Tupperware Thermal Flask with Easy Open Cover User Manual page 25

Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
Сізді Tupperware компаниясының сусындарыңызды жылы немесе
салқын күйінде сақтауға арналған оңай ашылатын қақпағы бар
термоқұтыны таңдағаныңызбен құттықтаймыз. Пайдалану және
күтім көрсету жөніндегі нұсқауларды мұқият оқысаңыз және
орындасаңыз, термоқұтыны көптеген жылдар бойы рақаттанып
пайдаланатын боласыз.
alSDFGJ
Құрамы:
Оңай ашылатын қақпағы бар термоқұты мыналардан тұрады:
• (а)Басылмалы түймесі бар оңай ашылатын қақпақ
• (b)Оңай ашылатын қақпаққа арналған А тығыздағышы
(алынбалы)
• (с)В тығыздағышы бар ішуге арналған түтік (алынбайды)
• (d)Термоқұты
• (e)Сырғымайтын төсеме
Пайдалану және күтіп ұстау:
Жаңа өнімді алғаш рет пайдаланар алдында әрқашан жуып,
шайыңыз.
• Жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін, жылы сусындар үшін
термоқұтыны ыстық (қайнап тұрған емес) су құю арқылы алдын
ала жылыту, ал салқын сусындар үшін суық су құю арқылы алдын
ала суыту ұсынылады.
• Термоқұтыны толтыру үшін ашу: құтыны (d) ұстап тұрып, оңай
ашылатын қақпақты жабық күйде бұрап ашыңыз (а). Құтыны (d)
ыстық немесе салқын сусынмен толтырыңыз.
• Бұранданың төменгі жағынан жоғары толтырмаңыз.
• Термоқұтыны жабу үшін:
қақпақты (а) жабық күйде термоқұтыға сағат тілінің бағытымен
бұраңыз.
• Ішу үшін оңай ашылатын қақпақты ашу үшін, термоқұтыны бір
қолмен ұстап тұрып, қақпақтың артындағы басылмалы түймені сұқ
саусағыңызбен басыңыз. Қақпақтың құлпын ашу үшін төмен және
сол жаққа қарай басып, оны ашыңыз.
• Жабу үшін қақпақ орнына түскенше төмен басыңыз.
• Құлыптау үшін, басылмалы түймені оң жаққа, құлыптау белгішесіне
қарай басыңыз.
Тазалау жөніндегі нұсқаулар
Қолданған сайын термоқұтының барлық бөлшектерін әрқашан
тазалаңыз.
• Термоқұтыны ыдыс жуғыш машинада жууға болмайды.
қолмен жуыңыз.
• Жылы сумен және жуғыш сұйықтықты пайдалана қолмен жуыңыз.
Жақсылап шайыңыз. Сақтауға қояр алдында суын төгіп, әбден
кептіріңіз.
• Суға батырмаңыз.
• Ысқыш тазалау құралдарын немесе ағартқышты қолданбаңыз.
• Термоқұтыны қолданбаған кезде әрқашан ашық күйде сақтаңыз.
• Толық тазалау үшін қақпақтан ішуге арналған түтік (с) пен
А тығыздағышын (b) алып тастаңыз.
тығыздағыш кепкен кезде бірден орнына қойыңыз.
Маңызды сақтық шаралары
Газдалған сусындарды сақтау немесе алып жүру үшін қолданбаңыз.
• Металл аспаптармен араластырмаңыз.
• Сүт өнімдерін жылы күйінде сақтау үшін қолданбаңыз, себебі бұл
жағдайларда бактериялар көбеюі мүмкін.
• Тасымалдау кезінде термоқұтыны тік ұстаңыз. Бұл жабық күйде
болған кезде қақпағын құлыптауды ұмытып кету жағдайларының
алдын алу үшін айтылған.
• Әсіресе ыстық нәрсе салынған кезде, балалар осы бұйымды ересек
адамның бақылауымен ғана пайдалануы керек. Пайдаланушы
ыстық сұйықтықтардан күйіп қалуы мүмкін.
• Ішуге арналған түтігі бар оңай ашылатын қақпақсыз құтының өзінен
тікелей ішпеңіз, себебі ішкі қабырғасы ыстық болуы мүмкін.
• Ауыр соққы вакуумдық қасиетін төмендетіп, сыртқы қабатын
зақымдауы мүмкін.
• Ыстықтан не ыстық көздерінен алшақ ұстаңыз.
Кепілдік
Tupperware
®
өте сапалы материалдардан жоғары дәлдікпен жасалған. Tupperware
термоқұтысы үшін өнімді нұсқауларға сәйкес және қалыпты
тұрмыстық қолданыста пайдаланған кездегі қандай да бір материал
немесе өндіру ақауы бойынша Tupperware кепілдігі беріледі.
Немқұрайлы немесе дұрыс емес қолданғаннан бүлінген (мысалы,
шамадан тыс қызу, ішкі және сыртқы беттеріндегі дақтар мен
сызаттар, соққыдан немесе құлағаннан бүлінуі және т.б.) бұйымдарға
кепілдік қолданылмайды.
Ыдысты ауыстырып алу үшін өзіңізге Tupperware ыдысын көрсеткен
адамға хабарласыңыз.
Кепілдік өнімдегі сәндік баспалардың қандай да бір зақымдалу
жағдайларына қолданылмайды.
www.tupperwarebrands.com
Оңай ашылатын қақпағы бар термоқұты
өнімдері тағаммен бірге пайдалану үшін мақұлданған
H
ұстап тұрған кезде оңай ашылатын
Жоғалтып алмау үшін,
Тек
KK

Advertisement

Table of Contents
loading
Need help?

Need help?

Do you have a question about the Thermal Flask with Easy Open Cover and is the answer not in the manual?

Subscribe to Our Youtube Channel

Table of Contents