Samsung S Pen Pro User Manual page 466

Hide thumbs Also See for S Pen Pro:
Table of Contents

Advertisement

S Pen қаламын пайдалану
• Жанды хабарлар: қолмен жазу немесе сурет салу сияқты әрекеттеріңізді жазып, оны анимация
файлы ретінде сақтау және мәтіндік хабардың орнына жіберу.
• AR Doodle: беттерде немесе басқа жерде виртуалды қолмен жазу немесе сурет салу көмегімен
қызықты бейнелерге жазыңыз.
• Аудару: S Pen қаламын сөздің үстіне апарып, оның аудармасын қарау.
• PENUP: көркем суреттеріңізді жариялау, басқалардың салған суреттерін қарау және сурет салу
бойынша пайдалы кеңестер алу.
• Bixby Vision: Bixby Камерасы мүмкіндіктерін пайдаланып ұқсас кескіндерді іздеу, мәтінді
анықтау, аудару және т.б.
• Үлкейту: S Pen қаламын экранның бір бөлігінің үстіне апарып ұлғайту.
• Жылдам қарап шығу: қолданбаны нобай күйіне жиырып, S Pen қаламын нобайдың үстіне
апару арқылы қолданбаны толық экран көрінісінде ашу.
• Бояу: PENUP ұсынған кескіндерге S Pen қаламының көмегімен түстер қосу.
• Күнтізбеде жазу: Күнтізбе қолданбасын ашып, экранда жазу немесе сурет салу.
• Жедел пернелерді қосу: әуе пәрмені панеліне жиі пайдаланылатын қолданбалардың
таңбашаларын қосу.
Әуе пәрмені белгішесі
Әуе пәрменінің панелі жабық болған кезде, Әуе пәрмені белгішесі экранда көрсетіліп тұрады. Әуе
пәрмені панелін S Pen қаламымен белгішені түрту арқылы ашуға болады.
Жылжыту үшін
белгішесін жаңа орынға сүйреңіз.
Әуе пәрмені белгішесі экранда пайда болмаса, Парам-р қолданбасын ашып, Қосымша
мүмкіндіктер → S Pen тармағын түртіп, содан кейін Әуе пәрмені белгішесін көрсету қосқышын
белсендіріңіз.
Әуе әрекеттері мүмкіндігіне қолдау көрсететін қолданбаларды пайдаланған кезде, S Pen қаламын Әуе
пәрмені белгішесінің үстіне апару арқылы әрбір қолданбаның қолжетімді әрекеттерін көруге болады.
Қазақ тілі
9
9

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents