Сауда Белгілері - LG LM-Q850EMW Quick Start Manual

Hide thumbs Also See for LM-Q850EMW:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 75
• Жануар тістері немесе тырнақтары сияқты өткір қырлы
заттардың батареяға тимейтінін тексеріңіз. Бұл өрт тудыруы
мүмкін.
• Жылдам зарядтауды қолдайтын зарядтау адаптері
өніммен бірге берілген.
• Жылдам зарядтау адаптерінен бөлек құрылғымен
бірге берілген тұпнұсқа адаптер пайдаланылса,
жылдам зарядтау мүмкіндігі жұмыс істемеуі
мүмкін.
Сауда белгілері
• Bluetooth
— Bluetooth SIG, Inc. компаниясының дүниежүзінде
®
тіркелген сауда белгісі.
• Wi-Fi
және Wi-Fi логотипі — Wi-Fi Alliance компаниясының
®
тіркелген сауда белгілері.
• Copyright ©2018 LG Electronics Inc. Барлық құқықтары
қорғалған. LG және LG logo — LG Group компаниясының және
онымен байланысты ұйымдардың тіркелген сауда белгілері.
• Google – Google LLC компаниясының сауда белгісі.
АБАЙЛАҢЫЗ
Батареяны ауыстыруға қатысты
ескертпе
• Литий-ионды батарея жарақатқа әкеліп соғатын қауіпті
құрамдас болып табылады.
• Батареяны біліктілігі жоқ тұлғаның ауыстыруы құрылғыңызды
зақымдауы мүмкін.
• Батареяны өзіңіз ауыстырмаңыз. Батарея зақымдалып,
шамадан тыс қызуы және жарақаттауы мүмкін. Батареяны
өкілетті қызмет көрсету провайдері ауыстыруы керек.
Батареяны кәдеге жарату немесе тұрмыстық қалдықтардан
бөлек тастау керек.
• Өнімнің ішіне пайдаланушы шығарып ала алмайтын батарея
кірістірілгендіктен, LG компаниясы оны алмастыру немесе
өнімді пайдалану мерзімі аяқталғанда қайта өңдеу үшін
батареяны тек білікті маманның шығарып алуын ұсынады.
Өнімді зақымдап алмас және өз қауіпсіздігі үшін пайдаланушы
батареяны шығарып алуға тырыспағаны дұрыс және
LG Service Helpline қызметіне немесе басқа көмек алу үшін
басқа жеке қызмет көрсету провайдеріне хабарласқаны жөн.
• Батареяны шығарып алу үшін өнімді бөлшектеу, кабельдердің/
түйіспелерінің байланысын ажырату және батарея ұясын
арнайы құралдармен абайлап алу керек. Батареяны қауіпсіз
шығарып алу бойынша білікті маманның нұсқауы қажет болса,
http://www.lge.com/global/sustainability/environment/take-back-recycling
бетіне кіріңіз.
9

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents