LG LM-Q850EMW Quick Start Manual page 40

Hide thumbs Also See for LM-Q850EMW:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 75
Әйнек бөліктері
Құрылғыңыздың кей бөліктері әйнектен жасалған. Құрылғыңыз
жерге қатты құлаған жағдайда, әйнек сынып қалуы мүмкін
немесе бүлінуі мүмкін. Әйнек сынса, тиіспеңіз немесе алып
тастамаңыз. Әйнекті өкілетті қызмет көрсету провайдері
ауыстырғанға дейін, құрылғыны пайдаланбаңыз.
Жарылыс аймағы
Жарылыс жасалып жатқан аймақтарда құрылғыны
пайдаланбаңыз. Шектеулерді тексеріп, шарттар мен ережелерді
орындаңыз.
Жарылу қаупі бар орталар
• Құрылғыны жанармай құю орындарында пайдаланбаңыз.
• Телефонды жанармай немесе химиялық заттардың жанында
пайдаланбаңыз.
• Тез жанатын газды, сұйықтықты немесе жарылғыш
заттарды құрылғымен немесе қосалқы құралдарымен бірге
тасымалдамаңыз және сақтамаңыз.
Ұшақтарда
Сымсыз құрылғылар ұшақтарда кедергі келтіруі мүмкін.
• Ұшаққа мінер алдында құрылғыңызды өшіріңіз.
• Ұшпаған кезде де, рұқсатсыз пайдаланбаңыз.
Балалар
Құрылғыны кішкентай балалардың қолы жетпейтін қауіпсіз жерде
сақтаңыз. Оның құрамында ажыратылған жағдайда тұншығу
қаупін төндіретін кішкентай бөлшектер бар.
Төтенше жағдай қоңыраулары
Төтенше жағдай қоңыраулары ұялы желілердің ешқайсысынан
шалынбай қоюы мүмкін. Сондықтан төтенше қоңыраулар шалу
үшін тек құрылғыңызға сенім артуға болмайды. Жергілікті қызмет
провайдеріне хабарласыңыз.
Батарея ақпараты және күтімі
• Батарея жинағын бөлшектеуге немесе қысқа тұйықтауға
болмайды.
• Жұмысы нашарлағанда, батареяны ауыстырыңыз.
Алмастырудан бұрын батареяны жүздеген рет зарядтауға
болады.
• Батарея зарядтағышын күн сәулелері астында немесе жуыну
бөлмесі сияқты ылғалдылығы жоғары жерлерде қалдырмаңыз.
• Батареяны ыстық немесе суық жерде қалдырмаңыз:
жұмысына кері әсер беруі мүмкін.
• Батарея дұрыс түрімен алмастырылмаса, жарылыс қаупін
тудырады. Қолданылған батареяларды нұсқаулар бойынша
жойыңыз.
• Құрылғы толығымен зарядталғаннан кейін, керексіз
қуат тұтынуын болдырмау үшін зарядтағышты қабырға
розеткасынан ажыратыңыз.
8

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents