LG LM-Q850EMW Quick Start Manual page 39

Hide thumbs Also See for LM-Q850EMW:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 75
• Құрылғыңыз ылғалданып қалса, оны дереу ажыратып,
толығымен құрғатыңыз. Кептіру процесін тездету үшін пеш,
микротолқынды пеш немесе шаш кептіргіш сияқты сыртқы
жылыту көзін пайдаланбаңыз.
• Қызудың таралып кетуі үшін, мобильдік құрылғы ауа
айналымы жақсы жерде пайдаланылуы керек. Денеңізге
тікелей тисе немесе ауа айналымы дұрыс болмаса, құрылғы
қатты қызып кетуі мүмкін. Құрылғы мен пайдаланушының
денесі арасындағы қашықтық кемінде 1 см болуы керек.
• Зарядтау құралының/USB кабелінің портына бөгде заттардың
шаң-тозаңы кірмеуі керек. Ол құрылғының қызып кетуіне
немесе өртенуіне себеп болады.
Құрылғының тиімді жұмысы
• Құрылғыны медициналық жабдықтардың жанында рұқсатсыз
пайдаланбаңыз. Құрылғыңыздың жұмысы медициналық
құрылғының жұмысына кедергі келтіру мүмкіндігін анықтау
үшін дәрігермен кеңесіңіз.
• Кардиостимулятор өндірушілер кардиостимулятормен
туындайтын ықтимал кедергілердің алдын алу үшін басқа
құрылғылармен арасын 15 см етіп қалдыруды ұсынады.
• Бұл құрылғы жарықтық немесе неонды жарық шығаруы мүмкін.
• Құрылғылар кейбір есту құралдарына кедергі жасайды.
• Құрылғыны мүмкіндігінше 0 ºC және 35 ºC аралығындағы
температурада пайдаланыңыз. Құрылғыға аса төмен немесе
жоғары температуралардың әсер етуі нәтижесінде зақым
келуі, бұзылуы немесе тіпті жарылыс орын алуы мүмкін.
Жолдағы қауіпсіздік
Көлік жүргізгенде аймақтағы құрылғыларды пайдалану туралы
заңды және нұсқауларды тексеріңіз.
• Көлік жүргізгенде қолда ұсталатын құрылғыны пайдаланбаңыз.
• Көлік жүргізуге айрықша көңіл бөліңіз.
• Пайдаланбастан бұрын, жолдан шығып, қойыңыз.
• Радиожиілік қуаты автомагнитола және қауіпсіздік жабдықтары
секілді көліктегі кейбір электрондық жүйелерге әсер етуі
мүмкін.
• Көлік ауа қабымен жабдықталған болса, орнатылған немесе
тасымалды сымсыз жабдықтармен бөгет жасамаңыз. Қате
жұмыс жасағандықтан, ауа қабының ашылуына кедергі жасауы
немесе ауыр жарақатқа апаруы мүмкін.
• Сыртта жүріп музыка тыңдағанда, оның дыбысы айналаңызда
не болып жатқанын байқайтындай деңгейде болу керек. Бұл
жолдардың жанында болғанда әсіресе маңызды.
Құлаққа зақым келтірмеуге тырысу
Ықтимал есту қабілетіне зиянды болдырмау
үшін ұзақ уақыт бойы жоғары дыбыс деңгейінде
тыңдамаңыз.
• Құлақаспаптардан және гарнитуралардан шығатын
дыбыс қысымы өте жоғары болса, есту қабілетінен
айырылуыңыз мүмкін.
7

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents