Metabo B 650 Original Instructions Manual page 68

Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 9
kk
ҚАЗАҚША
6.1
Қосымша тұтқышты монтаждау
(BE 650, SBE 650 Impuls)
Қауіпсіздік тұрғысынан әрдайым жеткізілім
жиынтығындағы қосымша тұтқышты
қолданыңыз.
Қыспа сақинаны қосымша тұтқышты (5) солға
бұрау арқылы ашыңыз. Қосымша тұтқышты
аспаптың қыспа патронына жылжытып
қойыңыз. Бұрғылау тереңдігінің шектегішін (4)
ішке кіргізіңіз. Қосымша тұтқышты қолдану
түріне байланысты қалаулы бұрышта күшпен
тартыңыз.
7. Пайдалану
7.1
Бұрғылау тереңдігінің шектегішін
жылжыту
(SBE 650, SBE 650 Impuls)
Қосымша тұтқышты (5) босатыңыз. Бұрғылау
тереңдігінің шектегішін (4) қалаулы бұрғылау
тереңдігіне орнатып, қосымша тұтқышты
қайтадан тартыңыз.
7.2
Қосу/өшіру
Аспапты қосу үшін батырма ауыстырып-
қосқышты (11) басыңыз.
BE 650, SBE 650, SBE 650 Impuls: айналу
жиілігін батырма ауыстырып-қосқышты басу
арқылы өзгертуге болады.
Үздіксіз жұмыс режимі үшін батырма
ауыстырып-қосқышты бекіткіш түймемен (9)
бұғаттауға болады. Өшіру үшін батырма
ауыстырып-қосқышты қайтадан басыңыз.
Үздіксіз жұмыс режимінде аспап қолдан
түсірілген жағдайда да ары қарай
жұмыс істейді. Сондықтан әрдайым аспапты
екі қолмен арнайы тұтқыштарынан ұстаңыз,
тұрақты қалыпта тұрыңыз және бар
назарыңызды орындалатын жұмысқа
аударыңыз.
7.3
Айналу жиілігін алдын ала таңдау
(BE 650, SBE 650, SBE 650 Impuls)
Реттегіш дөңгелек (12) арқылы максималды
айналу жиілігін алдын ала таңдаңыз. Бұрғылау
үшін ұсынылатын айналу жиілігінің мәндерін 4-
беттен қараңыз.
7.4
Бұрғылау/соққымен бұрғылау
режимдерін ауыстырып қосу
(SBE 650, SBE 650 Impuls)
Қалаулы жұмыс режимін ауыстырып-қосқышты
(7) жылжыту арқылы таңдаңыз.
Бұрғылау
Соққымен бұрғылау
Соққымен бұрғылау режимінде жоғары айналу
жиілігімен жұмыс істеңіз.
Соққымен бұрғылау және бұрғылау
жұмыстары тек оң жаққа айналу
режимінде орындалады.
68
7.5
Айналу бағытын таңдау
(BE 650, SBE 650, SBE 650 Impuls)
Айналу бағытын ауыстырып-қосқышты
(6) қозғалтқыштың тоқтатылған күйінде
ғана қосыңыз.
Айналу бағытын таңдау:
R = оң жаққа айналу
L = сол жаққа айналу
Бұрғылау патронын шпинделге күшпен
бұрап орнату және бекіткіш бұранданы
бұрғылау патронының ішіне бұрауыш
арқылы күшпен тарту керек. (Назар
аударыңыз: солға қарай бұрау керек!)
Сол жаққа айналу күйінде (мысалы, бұрау
кезінде) ол босап қалуы мүмкін.
7.6
Импульстік функцияны қосу, өшіру
(SBE 650 Impuls)
Қосылған импульстік функциямен ұзақ
уақыт жұмыс істемеңіз! (Қозғалтқыш
қызып кетуі мүмкін.)
Импульстік функцияға арналған астыңғы
селекторды (8) іске қосыңыз.
0 = импульстік функция өшірулі
= импульстік функция қосулы
7.7
Құралды алмастыру, жылдам
қысылатын бұрғылау патроны (3)
2-беттегі суреттерді қараңыз.
Құралды енгізіңіз. Ұстағыш сақинаны (a) мықтап
ұстаңыз және екінші қолмен төлкені (b),
механикалық қарсылықтан өткенше, "ҰСТАУ,
ЖАБЫҚ" бағытымен бұраңыз.
Назар аударыңыз! Құрал әлі де
тартылмаған! Ары қарай бұрау мүмкін болмай
қалғанша, күшпен ары қарай бұраңыз (бұл
ретте "шерту" дыбысы болуы керек) - сонда
ғана құрал мықтап тартылады.
Құрал білігі жұмсақ болған жағдайда қысқа
уақыт бұрғылағаннан кейін қосымша тарту
керек.
Бұрғылау патронын ашу:
Ұстағыш сақинаны (a) мықтап ұстаңыз және
екінші қолмен төлкені (b) "АШЫҚ, БОСАТУ"
бағытымен бұраңыз.
Нұсқау: бұрғылау патронын ашқаннан кейін
естілуі мүмкін сатырлау (функцияға
байланысты) төлкені кері бұрау арқылы
өшіріледі.
Бұрғылау патроны тым қатты жабылған
болса: желілік ашаны суырыңыз. Бұрғылау
патронын айырлы гайка кілтімен бұрғылау
патронының бастиегінен ұстап тұрыңыз және
төлкені (b) "АШЫҚ, БОСАТУ" бағытымен күшпен
бұраңыз.
7.8
Құралды алмастыру
Тісті тәжі бар бұрғылау патроны (2)
2-беттегі суреттерді қараңыз.
Құралды қысу:
Құралды енгізіңіз және бұрғылау патронының
кілтімен (1) барлық 3 саңылауда біркелкі
қысыңыз.

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Be 650Sbe 650Sbe 650 impuls

Table of Contents