Metabo W 9-100 Original Instructions Manual page 125

Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 16
сызаттар, тозу немесе қатты ескірудің бар-
жоғын және сым қылшақтарда босаған
немесе сынған сымдардың бар-жоғын
тексеріп шығыңыз. Электрлік құрал немесе
алмалы-салмалы құрал құлап түскен
жағдайда, оның зақымдалған-
зақымдалмағанын тексеріңіз немесе
зақымдалмаған алмалы-салмалы құралды
пайдаланыңыз. Алмалы-салмалы құралды
тексеріп орнатқаннан кейін айналадағы
барлық адамдарды айналмалы алмалы-
салмалы құрал тұрған алаңнан шығарыңыз
да, құрылғыны ең жоғары айналу жиілігімен
бір минут жұмыс істетіңіз. Зақымдалған
алмалы-салмалы құралдар көбінесе осы сынақ
мезетінде бұзылады.
е) Жеке қорғаныс жабдығын киіп жүріңіз.
Жұмыс түріне қарай толық беттік қорғаныш
масканы, көз қорғанысын немесе қорғаныш
көзілдірікті пайдаланыңыз. Қажет болса,
сіздің ажарлаудан және материалдан қалған
шағын бөліктермен жанасуын
болдырмайтын шаңнан қорғайтын масканы,
есту мүшелерін қорғайтын құлақаспап,
қорғаныш қолғап немесе арнайы алжапқыш
тағыңыз. Көзді әртүрлі жұмыстардың
барысында пайда болатын ұшпа бөгде
заттардан қорғау керек. Шаңнан немесе тыныс
жолдарын қорғайтын маска жұмыс барысында
пайда болатын шаңды сүзгілеуі тиіс. Сізге ұзақ
уақыт бойы шуыл әсер еткен жағдайда, есту
қабілетінен айырылуыңыз мүмкін.
ж) Бөгде тұлғалардың жұмыс аймағынан
қауіпсіз арақашықтықта тұрғанына көз
жеткізіңіз. Жұмыс аймағына кіретін кез
келген адам жеке қорғаныс жабдығын киюі
керек. Дайындаманың сынықтары немесе
жарылған алмалы-салмалы құрал ұшып кетіп,
тікелей жұмыс аймағынан тыс адамдарға да
жарақат тигізуі мүмкін.
з) Алмалы-салмалы құрал жасырын қуат
сымдарына немесе өзінің желілік кабеліне
тиюі мүмкін жұмыстар өткізіп тұрған кезде
электрлік құралды тұтқыштың оқшауланған
бетінен ұстап тұрыңыз. Кернеу астындағы
сыммен жанасу құрылғының металл
бөліктерінде кернеудің түзілуіне және электр
тогының соғуына әкелуі мүмкін.
и) Желілік кабельді айналып тұрған алмалы-
салмалы құралдардан алшақ ұстаңыз.
Құрылғыны бақылау мүмкіндігінен айырылған
жағдайда, желілік кабель үзілуі немесе
қармалып қалуы мүмкін және қолыңыз не
қолыңыздың буыны айналып тұрған алмалы-
салмалы құралға түсуі мүмкін.
і) Алмалы-салмалы құрал толығымен
тоқтамайынша, электрлік құралды ешқашан
қалдырушы болмаңыз. Айналып тұрған
алмалы-салмалы құрал сақтау орнының
бетімен жанасып, электрлік құралды бақылау
мүмкіндігінен айырылуыңыз мүмкін.
к) Электрлік құралды тасымалдаған кезде,
ол өшірулі болуы керек. Киіміңіз айналып
тұрған алмалы-салмалы құралмен ықтимал
жанасуға түсіп, алмалы-салмалы құрал
денеңізді тесіп алуы мүмкін.
қ) Электрлік құралыңыздың желдету
саңылауларын жүйелі түрде тазалап
тұрыңыз. Қозғалтқыштың желдеткіші корпусқа
шаң тартады және металл шаңының үлкен
мөлшерде жиналуы электр тогынан қауіпті
жағдайларды тудыруы мүмкін.
л) Электрлік құралды тұтанғыш
материалдардың жанында пайдаланбаңыз.
Ұшқын мұндай материалдарды жандыруы
мүмкін.
м) Суыту сұйықтығын қажет ететін алмалы-
салмалы құралдарды пайдаланбаңыз. Суды
немесе басқа суыту сұйықтықтарын пайдалану
ток соғу қаупін тудыруы мүмкін.
4.2
Кері соққы және оған қатысты
қауіпсіздік техникасы бойынша
нұсқаулар
Кері соққы ажарлағыш дөңгелек, тіреуіш
ажарлағыш табақша, сым қылшақ және т.б.
сияқты айналып тұрған алмалы-салмалы
құралдың қармалып қалуынан немесе
бұғатталуынан пайда болатын кенет реакция
болып табылады. Қармау немесе бұғаттау
айналмалы алмалы-салмалы құралдың кенет
тоқтап қалуына апарып соғады. Нәтижесінде
бақылаусыз қалған электрлік құрал алмалы-
салмалы құралдың айналу бағытына қарсы
бұғатталған жерде үдейді.
Мысалы, ажарлағыш дөңгелек дайындамада
қармалып қалған немесе бұғатталған жағдайда,
дайындамаға батырылған ажарлағыш
дөңгелектің жиегі шатасып қалуы және
нәтижесінде бұзылуы немесе кері соққы
тудыруы мүмкін. Ажарлағыш дөңгелек сонан
соң бұғатталған жердегі дөңгелектің айналу
бағытына байланысты пайдаланушыға қарай не
пайдаланушыдан ары қозғалып кетеді. Бұл
ретте ажарлағыш дөңгелектер бұзылуы да
мүмкін.
Кері соққы электрлік құралды қате немесе
мақсатынан тыс пайдаланудың нәтижесі болып
табылады. Оны төменде сипатталғандай
арнайы сақтық шараларын қабылдап
болдырмауға болады.
а) Электрлік құралды екі қолмен мықтап
ұстаңыз және денеңіз бен қолыңызды кері
соққы күшіне төзімді ететін орнықты
қалыпқа қойыңыз. Кері соққы күшін немесе
жылдамдату кезінде реакция мезетін
бақылау мүмкіндігін мүмкіндігінше жоғары
деңгейде сақтау үшін, бар болса, әрдайым
қосымша тұтқышты пайдаланыңыз.
Пайдаланушы арнайы сақтық шараларының
көмегімен кері соққы мен реакция күшін
бақылауы мүмкін.
ә) Ешқашан қолыңызды айналып тұрған
алмалы-салмалы құралдың жанына
апармаңыз. Алмалы-салмалы құрал кері соққы
нәтижесінде қолыңызға жылжып кетуі мүмкін.
б) Денеңізді электрлік құрал кері соққыдан
қозғалып қалуы мүмкін аймақтан алшақ
ҚАЗАҚША kk
125

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents