Download Print this page

Viking LB 540 Instruction Manual page 459

Hide thumbs Also See for LB 540:

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 25
Назар аударыңыз!
Вертикуттер тек газондарды
күтуге арналған, басқаша
пайдалануға болмайды, әрі
бұл қауіпті болуы және
құрылғының зақымдалуына
әкелуі мүмкін.
Қоғамдық орындарда,
саябақтарда, спорт
құрылыстарында,
көшелерде, ауыл және
орман шаруашылығында
пайдаланғанда әсіресе
сақтықпен жұмыс істеу
керек.
Көзге көрінбейтін заттарға
соғылуды болдыртпау қажет
(көгалдардың шашыратқы
қондырғылары, топыраққа
қадалған діңгектер, су
вентильдері, іргетастар,
электр кабельдері және т.б.).
Мұндай бөгде заттардың
үстінен ешқашан жүргізбеңіз.
Жарақаттарды болдырмау
үшін вертикуттер
пайдаланушысы оны
келесідей жұмыс түрлерінде
пайдаланбағаны жөн (толық
емес тізім):
- бұталарды, тірі
қоршамдарды, тал-шілікті
кесу үшін,
- шырмалып өсетін
өсімдіктерді кесу үшін,
үйдің төбесіндегі, терезе
жәшіктеріндегі газондарды
күту үшін,
- ағаштарды майдалау және
ұнтақтау және
қоршамдарды кесу үшін,
- көртышқандардың
індерінің төмпешіктері
сияқты төбелерді тегістеу
үшін.
A KK
Тұншығудан өлім қаупі
бар!
Орауыш материалмен
ойнағаннан балаларға
тұншығу қаупі төнуі мүмкін.
Орауыш материалды
балалардан алшақ ұстаңыз.
Назар аударыңыз!
Дірілдер денсаулыққа
қауіп төндіреді!
Дірілдерге байланысты
түсетін артық жүктеме,
әсіресе қан айналым
жүйесінің бұзылымдары бар
адамдардың қан айналым
жүйесі мен жүйке жүйесіне
зиян келтіруі мүмкін.
Вибрациялардың артық
жүктемесінен пайда болуы
мүмкін белгілер пайда
болса, дәрігерге көрініңіз.
Мысалы, мұндай белгілер —
сілею, бұлшық еттегі ауыру,
әлсіздік, тері түсінің өзгеруі
немесе шаншулар. Бұл
белгілер негізінен
саусақтарда, қолдарда және
білектерде пайда болады.
04.02 Тасымалдау
Құрылғының үшкір
және ыстық
бөліктерінен жарақат
алмау үшін тек қана қолғап
киіп жұмыс істеңіз.
Тасымалдау алдында
құрылғыны өшіріңіз, от
алдыру білтесінің ұштығын
шығарыңыз, вертикуттерді
тасымалдауға дайындаңыз,
жүзді тоқтатыңыз.
Құрылғыны тек қозғалтқыш
суытылған болса және отын
багы бос күйде болса ғана
тасымалдаңыз.
«Тасымалдау» тарауындағы
ақпаратқа назар аударыңыз.
04.03 Дайындық шаралары
- Балаларға және 16 жасқа
дейінгі жасөспірімдерге
вертикуттерді пайдалануға
ешқашан рұқсат етпеңіз.
Жергілікті заңнама
пайдаланушының ең
төмен жасын белгілеуі
мүмкін.
- Пайдалану нұсқаулығымен
таныспаған адамдарға
вертикуттерді пайдалануға
рұқсат етілмейді.
- Жақын арада адамдар,
әсіресе балалар тұрса,
сондай-ақ жануарлар
болғанда машинаны
ешқашан да қосуға
болмайды.
- Оператор немесе
пайдаланушы басқа
адамдардың немесе оның
меншігінің қатысуымен
болған сәтсіз жағдайларға
жауапты екенін ескеріңіз.
- Вертикуттермен жұмыс
істегенде әрқашан
шуға қарсы
құлаққапты және
қорғағыш көзілдірікті киіңіз.
- Жұмыс істегенде әрқашан
берік аяқ-киімді
және ұзын
шалбарды киіңіз.
Жалаң аяқ және жеңіл
сандал киіп жұмыс
істемеңіз.
- Вертикуттер
пайдаланылатын жерді
мұқият қарап шығып, бүкіл
тастарды, таяқтарды,
сымдарды, сүйектерді
және басқа бөгде
заттарды алып тастаңыз.
- Пайдалану алдында
вертикуттердің құрамдас
бөліктері (жүзі, кескіш,
аралық қабаттар және
нығайтқыш бөлшектер)
зақымдалған немесе
тозған ба, соны қарап
шығу керек. Тозған немесе
зақымдалған бөлшектерді
ауыстырыңыз.
- Қорғағыш құрылғылар жоқ,
зақымдалған немесе
тозған болса (мысалы,
қозғалтқышты тоқтататын
бугель, қайырмалы қақпақ,
корпус, қорғаныс торы),
көгалшапқыштарды
ешқашан пайдаланбаңыз.

Advertisement

loading