Bosch Professional GDB 180 WE Original Instructions Manual page 176

Hide thumbs Also See for Professional GDB 180 WE:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 15
176 | Қазақ
Жұмыс бойынша нұсқаулар
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
u
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Бұрғылау үшін бекіткіш тежегішті (29) айналатын крест
(17) аздап жылжитындай етіп босатыңыз. Бұл ретте
электр құралының бақылаусыз сырғанап кетуіне жол
бермеу үшін айналатын крестті қатты ұстап алыңыз.
1-ші берілісте бұрғылау коронкасы дірілсіз дайындамаға
бұралғанша төмен айналу жиілігімен бұрғылаңыз. Содан
кейін қажет болса, 2-ші беріліске ауысыңыз.
Бұрғылау кезіндегі басу қысымын бұрғыланатын
дайындамаға бейімдеңіз. Бірқалыпты қысыммен
бұрғылаңыз. Кейбір жағдайларда бұрғылау коронкасын
саңылаудан шығарыңыз, сонда бұрғылау қоқысын
немесе шаңын алмас сегменттерінен кетіру мүмкін
болады.
Электр құралының айналатын крестін (17) қажетті
бұрғылау тереңдігіне дейін бұраңыз. Содан кейін
бұрғылау коронкасы толық көрінгенше кері бұраңыз.
Максималды жұмыс ұзындығына қол жеткізу үшін кернді
ол бұрғылау коронкасын толық толтырғанда алып тастау
керек. Содан кейін бұрғылау коронкасын саңылауға
қайта салып, максималды тереңдікке дейін бұрғылаңыз.
Артық жүктеме ажыратқышы
Бұрғылау коронкасы қысылса немесе ілінсе, бұрғылау
шпинделіне беріліс тоқтатылады. Мұндай жағдайда тозу
және қызып кетудің алдын алу үшін электр құралын
бірден өшіріңіз.
Бұрғылау коронкасын тиісті айыр тәрізді кілтпен оңға
және солға бұрап босатыңыз. Бұл ретте электр құралын
саңылаудан абайлап тартып шығарыңыз.
Артық жүктемеден қорғаныс
Артық жүктеме шегінен асырған жағдайда электр құралы
қатты дірілдей бастайды. Басу қысымын электр құралы
қалыпты жұмыс істегенше кішірейтіңіз.
Басу қысымы кішірейтілмесе, электр құралы өшіп
қалады. Содан кейін электр құралын бірден қайта қосуға
болады, бірақ төменірек басу қысымымен жұмыс істеу
қажет болады.
Кернді алып тастау
Ылғалды бұрғылау: бұрғылағаннан кейін суды кішкене
ағызып, бұрғылау коронкасы мен керн арасындағы
бұрғылау қоқысын шайып жіберіңіз.
1 609 92A 4NJ | (20.02.2019)
Егер керн бұрғылау коронкасында қатты орнатылған
болса, жұмсақ ағашпен немесе пластик бөлшекпен
бұрғылау коронкасын қағып, кернді босатыңыз. Қажет
болса, кернді таяқпен бұрғылау коронкасының шеткі
жағынан итеріп шығарыңыз.
Нұсқау: бұрғылау коронкасын қатты заттармен қақпаңыз
(деформациялау қаупі бар)!
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
u
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Жақсы әрі сенімді жұмыс істеу үшін электр құралы
u
мен желдеткіш тесікті таза ұстаңыз.
Тісті рейканы (26) және бұрғылау бағанының (20)
бағыттауыш беттерін әрдайым таза ұстаңыз.
Бұрғылау шпинделін (7) жұмыс соңында тазалап
шығыңыз. Кейбір жағдайларда бұрғылау шпинделі мен
бұрғылау коронкасына (8) тот басудан қорғайтын затты
себіңіз.
Егер байланыс сымын алмастыру қажет болса,
қауіпсіздіктің төмендеуіне жол бермеу үшін осы жұмыс
тек Bosch компаниясы немесе Bosch электр құралдары
бойынша өкілетті қызмет көрсету орталықтарында
жүргізілуі тиіс.
Сырғанау бағыттауыштарын қосымша дәлдеу
(D суретін қараңыз)
Уақыт өте келе сырғанау бағыттауыштары (34) тозып,
сырғанау бағыттауыштары мен бұрғылау бағаны
арасында саңылау пайда болуы мүмкін. Осы жағдайдың
алдын алу үшін сырғанау бағыттауыштарын қосымша
дәлдеу қажет.
Барлық он алты қырлы гайканы (35) айыр тәрізді кілтпен
(кілт ені 13 мм) босатыңыз. Содан кейін бұрандалы
штифттерді (36) саңылау барынша азайғанша
бірқалыпты тартыңыз. Барлық он алты қырлы гайканы
қайтадан бұрап бекітіңіз.
Үйкелісқа қарсы қабат (қызыл түсті) тозғанда ғана
сырғанау бағыттауыштарын алмастыру қажет болады.
Бұл тек қызыл түсті бояу жойылып, негізгі материал
көрінгенде қажет болады. Алмастыру жұмысын өкілетті
Bosch электр құралдарына қызмет көрсету орталығында
өткізуге кеңес беріледі.
Тасымалдау
Электр құралы орнатылған бұрғылау станинасын сақтауға
қоюға болады. Ол үшін электр құралын айналатын
кресттің (17) көмегімен едендік тақтаға қарай барынша
ары бұраңыз да, аударылу қаупінің алдын алыңыз.
Қауіпсіз тасымалдау үшін электр құралын бұрғылау
станинасынан шығарыңыз.
Керек-жарақтар/қосалқы бөлшектер
Су жинау сақинасы (GCR 180)
2 608 550 621
Bosch Power Tools

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Professional gcr 180Gdb 180 we

Table of Contents