Bosch Professional GDB 180 WE Original Instructions Manual page 171

Hide thumbs Also See for Professional GDB 180 WE:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 15
Бұрғылау тірегін берік, тегіс бетте бекітіңіз. Егер
u
бұрғылау тірегі сырғитын немесе тербелетін болса,
бұрғылайтын білдекті бірқалыпты және сенімді
басқару мүмкін болмайды.
Бұрғылайтын білдектің жалғағыш кабелін жұмыс
u
аймағынан алшақ ұстаңыз. Зақымдалған немесе
шиеленіскен кабель электр тогының соғу қауіпін
арттырады.
Бұрғылау тірегіне артық жүктеме түсірмеңіз және
u
оны саты немесе тірек ретінде пайдаланбаңыз.
Бұрғылау тірегіне артық жүктеме түсіру немесе үстінде
тұру нәтижесінде бұрғылау тірегінің салмақ орталығы
артып, аударуына алып келуі мүмкін.
Пайдаланылмайтын бұрғылау тірегін балалардың
u
қолы жетпейтін жерде сақтаңыз. Құрылғымен
таныс емес немесе осы нұсқауларды оқымаған
адамдарға оны пайдалануға жол бермеңіз.
Тәжірібесіз адамдар қолында құрылғылар қауіпті
болады.
Бұрғылау тірегінде немесе бұрғылайтын білдекте
u
кез келген жұмыстарды өткізу алдында, жұмыс
үзілістерінің кезінде және бұрғылау тірегін
пайдаланбайтын кезде бекіткіш тежегішті бұрап
бекіту арқылы бұрғылау тірегін кенет қозғалудан
қорғаңыз.
Электр құралын тек қорғаныш сымы бар және
u
өлшемі жеткілікті ток желілерінде пайдалануға
болады.
Бұрғылау станинасын жұмыс кезінде әрдайым
u
дюбель немесе вакуумның (керек-жарақ)
көмегімен бекітіп, алмасты бұрғы білдек пен
бұрғылау коронкасы орнатылған бұрғылау
станинасын кездейсоқ аударылудан сақтап
қойыңыз.
Су өткізетін шлангтар, жалғау бөліктері және су
u
жинау сақинасы (керек-жарақ) күйінің дұрыс
болуын тексеріңіз. Зақымдалған немесе тозған
бөліктерді пайдаланудан бұрын алмастырыңыз.
Электр құралының бөліктерінен судың шығуы ток соғу
қауіпін арттырады.
Өнім және қуат сипаттамасы
Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын
және ескертпелерді оқыңыз. Техникалық
қауіпсіздік нұсқаулықтарын және
ескертпелерді сақтамау тоқтың соғуына, өрт
және/немесе ауыр жарақаттануларға алып
келуі мүмкін.
Пайдалану нұсқаулығының алғы бөлігінің суреттерін
ескеріңіз.
Bosch Power Tools
Мақсаты бойынша қолдану
Тасымалды алмасты бұрғы білдек GDB 180 WE +
GCR 180
Алмасты бұрғы білдек
Электр құралы алмасты ылғалды бұрғылау коронкасымен
және су ағызу құбырымен бірге бетон мен темір бетонды
ылғалды бұрғылауға арналған. Электр құралы сорғыш
құрылғымен (су жинау сақинасы мен ылғалды/құрғақ
сорғыш) бірге пайдалануға болады.
Электр құралы алмасты құрғақ бұрғылау
коронкаларымен және арнайы сорғыш құрылғымен бірге
кірпіш, құм тас, газды бетон және плиткаларда құрғақ
бұрғылауға арналған.
Электр құралын стационарлық режимде тек GCR 180
алмасты бұрғылау станинасымен бірге пайдалануға
болады.
Алмасты бұрғылау станинасы
Алмасты бұрғылау станинасы Bosch ұсынған
GDB 180 WE алмасты бұрғы білдегін орнатуға арналған.
Басқа құрылғыларды орнатуға болмайды.
Алмасты бұрғылау станинасын дюбельдің көмегімен
еденге немесе қабырғаға орнатуға және бас үстінен
бекітуге болады.
Алмасты бұрғылау станинасын вакуум (керек-жарақ)
көмегімен еденге немесе (қосымша бекіткішпен)
қабырғаға орнатуға болады. Бас үстінен бекітуге рұқсат
етілмейді.
Көрсетілген құрамды бөлшектер
Көрсетілген компоненттердің нөмірлері графикалық
беттердегі электр құралы мен бұрғылау станинасының
сипаттамасына негізделген.
Алмасты бұрғы білдек
(1) Ажыратқыш
(2) Ажыратқышқа арналған реттеу түймесі
(3) Тігінен туралау деңгейі
(4) Көлденеңінен туралау деңгейі
(5) Беріліс ауыстырып-қосқышы
(6) Жұдырықша жалғастырғыш
(7) Бұрғылау шпинделі
A)
(8) Бұрғылау коронкасы
(9) Тұтқа (беті оқшауланған)
(10) Су жапқыш шүмек
(11) Шүмекке жалғағыш бөлшек
(12) Су жеткізу адаптері
(13) Сору адаптері
(14) Аспирациялық келте құбыр
A)
(15) Сорғыш шланг
(16) Жылыстау тогынан қорғаныс автоматы (PRCD)
A) Бейнеленген немесе сипатталған жабдықтар стандартты
жеткізу көлемімен қамтылмайды. Толық жабдықтарды
біздің жабдықтар бағдарламамыздан табасыз.
Қазақ | 171
A)
1 609 92A 4NJ | (20.02.2019)

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Professional gcr 180Gdb 180 we

Table of Contents