Қазақша - Philips HR1619 User Manual

Hide thumbs Also See for HR1619:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
48
ҚазаҚша
Кіріспе
Өнімді сатып алуыңызбен құттықтаймыз және Philips компаниясына қош келдіңіз! Philips
компаниясы ұсынатын қолдауды толығымен пайдалану үшін өніміңізді
www.philips.com/welcome веб-бетінде тіркеңіз.
Жалпы сипаттама (Cурет 1)
A Жылдамдық таңдағыш
B Қосу/өшіру түймесі
C Турбо жылдамдығы түймесі
D Мотор бөлігі
E
Босату түймелері
F
Пышақтары бар қол блендері
G Қол блендерінің қорғайтын жапқышы
H Стакан
I
Стакан қақпағы
J
Бұлғауыш
K Бұлғауыштың байланыстырғыш бөлігі
L
Пышақ бөлігін қорғайтын қақпақ
M Итергіш
N Ыдыс қақпағы
O Біріккен диск (кесу/үгіту)
P
Құрал ұстағышы
Q Пышақтар
R Қақпақты шешу түймесі
S
Тостаған
Маңызды
Құралды қолданбас бұрын, осы пайдаланушы нұсқаулығын мұқият оқып шығып, болашақта
анықтамалық құрал ретінде пайдалану үшін сақтап қойыңыз.
Қауіпті жағдайлар
-
Мотор бөлігін суға немесе басқа да сұйықтыққа батыруға, сондай-ақ, оны ағынды судың
астында жууға болмайды. Мотор бөлігін дымқыл шүберекпен сүртіңіз.
абайлаңыз
-
Құралды қоспас бұрын, онда көрсетілген кернеудің жергілікті желі кернеуіне сәйкес
келетінін тексеріп алыңыз.
-
Егер штепсельдік ұшы, қуат сымы немесе өзге бөлшектері зақымданған болса, құралды
пайдаланбаңыз.
-
Қуат сымы зақымданған болса, қауіпті жағдай орын алмауы үшін, оны тек Philips
компаниясында, Philips мақұлдаған қызмет орталығында немесе білікті мамандар ауыстыруы
керек.
-
Қауіпсіздігіне жауапты адамның қадағалауынсыз немесе құрылғыны пайдалану
нұсқауларынсыз, физикалық және ойлау қабілеті шектеулі, сезімталдығы төмен, сондай-ақ
білімі мен тәжірибесі аз адамдар (соның ішінде балалар) бұл құрылғыны қолданбауы керек.
-
Балалардың құралмен ойнамауын қадағалаған жөн.
-
Блендер істеп тұрғанда, азық салатын түтікке азықты саусақпен немесе басқа затпен
(мысалы, күрекшемен) тығындамаңыз. Бұл үшін тығындағышты қолданыңыз.
-
Пышақ бөліктерінің жүздері мен біріккен дискіні (әсіресе құрал розеткаға жалғаулы
тұрғанда) ұстамаңыз. Жүздері өте өткір болады.
-
Егер пышақтардың біреуі тұрып қалса, пышақ бөлігіндегі азықтарды алу үшін алдымен
құрылғыны розеткадан ажыратыңыз.

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents