Bosch Professional GLL 3-80 C Original Instructions Manual page 191

Hide thumbs Also See for Professional GLL 3-80 C:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 16
Егер өлшеу құралының температурасы ең жоғарғы рұқсат
етілген жұмыс температурасына жақындаса, лазер
сызықтарының жарықтығы ақырын төменделеді.
Өшу автоматикасын өшіру
Егер шамамен 120 минут ішінде өлшеу құралында ешбір
түйме басылмаса, өлшеу құралы аккумуляторлардың
немесе батареялардың зарядын сақтау үшін автоматты
түрде өшіп қалады.
Өлшеу құралын автоматты өшуден соң қайта қосу үшін,
қосқыш/өшіргішті (16) алдымен "Off" күйіне жылжытып,
сосын өлшеу құралын қайта қосыңыз немесе жұмыс түрі
пернесін (7) немесе қабылдағыш режим пернесін (5) бір
рет басуға боладыыңыз.
Өшу автоматикасын өшіру үшін (өлшеу құралы қосулы
болғанда) жұмыс түрлері пернесін (7) кемінде 3 сек.
басып ұстаңыз. Өшу автоматикасы өшкен болса, лазер
сәулелері растау үшін қысқа уақыт жыпылықтайды.
Автоматты өшуді белсендендіру үшін өлшеу құралын
өшіріп, қайта қосыңыз.
Сигналдық дыбысты өшіру
Өлшеу құралы қосылғанда сигналдық дыбыс әрдайым
қосулы болады.
Сигналдық дыбысты өшіру немесе қосу үшін жұмыс
түрлері пернесі (7) мен қабылдағыш режимі пернесін (5)
бірдей басып кемінде 3 сек. ұстаңыз.
Белсендендіру мен өшіруді де растау үшін қысқа
сигналдық дыбыстар шығады.
Пайдалану түрлері
Өлшеу құралында бірнеше пайдалану түрлері бар,
оларды әрқашан ауыстыру мүмкін:
– Көлденең лазер жазықтығын жасау,
– Тік лазер жазықтығын жасау,
– Екі тік лазер жазықтығын жасау,
– Көлденең лазер жазықтығын және екі тік лазер
жазықтықтарын жасау.
Қосудан соң өлшеу құралы көлденең лазер жазықтығын
жасайды. Пайдалану түрін ауыстыру үшін пайдалану
түрлері пернесін (7) басыңыз.
Жұмыс режимдерінің барлығын нивелирлеу
автоматикасымен де, маятникті бұғаттау тетігімен де
таңдауға болады.
Қабылдағыш режим
Лазер қабылдағышымен (29) жұмыс істеу үшін
пайдалану түріне байланыссыз қабылдағыш режимді
белсендіруге болады.
Қабылдағыш режимде лазер сызықтары жоғары жиілікте
жыпылықтап, лазер қабылдағышы үшін (29) көрінетін
болады.
Қабылдағыш режимді қосу үшін қабылдағыш режимінің
(5) пернесін басыңыз. Қабылдау режимі (6) индикаторы
жасыл түсте жанады.
Адам көзі үшін қабылдағыш режим қосулы болғанда
лазер сызықтарының көрінісі төмендетіледі. Лазер
қабылдағышысыз жұмыс істегенде қабылдағыш режимді
Bosch Power Tools
(5) түймешесін қайта басып өшіріңіз. Қабылдағыш
режимінің (6) көрсеткіші өшеді.
Нивелирлеу автоматикасы
Нивелирлеу автоматикасымен жұмыс істеу
Өлшеу құралын көлденең, берік бетке қойып, әмбебап
ұстағышқа (25) немесе штативке (32) бекітіңіз.
Нивелирлеу автоматикасымен жұмыс істеу үшін қосқыш/
өшіргішті (16) "
On" күйіне жылжытыңыз.
Нивелирлеу автоматикасы ±4° шамасындағы өздігінен
нивелирлеу аймағында тегіс емес жерлерді автоматты
түрде тегістейді. Лазер сызықтары одан ары қозғалмаса,
нивелирлеу аяқталады.
Автоматты нивелирлеу мумкін болмаса, мысалы өлшеу
құралы тұрған табан көлденең сызықтан 4° көп ауған
болса, лазер сызықтары жылдам жыпылықтайды. Сигнал
дыбысы қосулы болса сигнал жылдам тактта дыбыс
шығарады.
Өлшеу құралын көлденең қойып, өз нивелирлеу
аяқталғанша күтіңіз. Өлшеу құралы өз нивелирлеу
аймағында ±4° тұрса лазер сызықтары үздіксіз жанып,
сигнал дыбысы өшеді.
Пайдалану кезінде қағылулар болса немесе күй өзгерсе
өлшеу құралы автоматты ретте өзін нивелирлейді. Жаңа
нивелирлеген соң өлшеу құралының жылжып қалуынан
қателердің алдын алу үшін көлденең немесе тік лазер
сызығының күйін негізгі нүктелерге салыстырып
тексеріңіз.
Маятникті бұғаттау тетігімен жұмыс істеу
Маятникті бұғаттау тетігімен жұмыс істеу үшін
ажыратқышты (16) " On" күйіне жылжытыңыз.
Маятникті бұғаттау индикаторы (4) қызыл түспен жанып
тұрады және лазер сызықтары бояу жыпылықтайды.
Маятникті бұғаттау тетігімен жұмыс істеген кезде,
нивелирлеу автоматикасы өшіріледі. Өлшеу құралын
еркін қолда ұстауға немесе еңіс бетке қоюға болады.
Лазер сызықтары бұдан былай нивелирленбейді және
бір-біріне тігінен өтпейді.
"Bosch Levelling Remote App" арқылы
қашықтан басқару
Өлшеу құралы Bluetooth® модулімен жабдықталған, ол
радио арқылы смартфоннан Bluetooth® интерфейсі
арқылы қашықтан басқаруға мүмкіндік береді.
Бұл функцияны пайдалану үшін (App) "Bosch Levelling
Remote App" бағдарламасы керек болады. Оны соңғы
құрылғыға байланысты тисті App-Store-дан (Apple App
Store, Google Play Store) жүктеп алуға болады.
Bluetooth® байланысы үшін талап етілетін жүйелік
алғышарттар туралы www.bosch‑pt.com Bosch интернет
торабында табасыз.
Bluetooth® арқылы қашықтан басқаруда мобильді соңғы
құрылғы мен өлшеу құралы арасында жаман қабылдау
шарттары пайда болады.
Қазақ | 191
1 609 92A 5AZ | (16.10.2019)

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Professional gll 3-80 cgGll 3-80 c professionalGll 3-80 cg professionalGll professional 3-80 cGll professional 3-80 cg

Table of Contents