Polaris EVO 0225 Operating Instructions Manual page 89

Hide thumbs Also See for EVO 0225:
Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

  • ENGLISH, page 25
• Әр жолы құралды қоспас бұрын оны қарап шығыңыз. Құралдың және желілік сымның ақауы болса, құралды
розеткаға қосуға мүлдем болмайды.
• Құрал мен желілік сым ыстық ауаның тікелей күн көзіне және ылғалға ұшырамайтындай етіп, сақталуы керек.
Назар аударыңыз! Құралды ванна, ыдыс-аяқ жуатын шұңғылша немесе сумен толтырылған басқа ыдыстардың
қасында пайдалануға болмайды.
• Құралды суға немесе басқа сұйықтыққа салуға мүлдем болмайды. Ылғал қолмен құралды ұстауға болмайды. Құрал
дымқылданса, оны бірден желіден ажыратыңыз.
• Құрал суға түсіп кеткен жағдайда, оны бірден желіден ажыратыңыз. Және бұл кезде қолды суға малуға болмайды.
Құралды екінші мәрте пайдаланудың алдында оны білікті маман тексеріп шығуы керек.
• Құралды тек қана ауыспалы тоқ көзіне ғана қосыңыз (~). Қоспас бұрын, құралдың желіде қолданылатын кернеуге
арналғанына көз жеткізіңіз.
Кез келген ақау бола тұра құралды іске қосу Сізді кепілдікті қызмет көрсету құқығынан айырады.
176
• Құралды тек қана жерге тұйықталған желіге ғана қоссуға қажет. Сіздің қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету үшін
жерлендіру бекітілген электр техникалық нормаларға сәйкес келуі тиіс. Қоректендірудің стандартты емес көздерін
немесе қосу құрылғыларын пайдалануға болмайды.
• Құралды бөлмежайдан тысқары жерде пайдаланбаңыз. Құралды сүйiр бұрыштарға соғылуынан сақтаңыз. Құралды
тазартпас бұрын, немесе оны пайдаланып болғаннан кейін, сонымен құрал сынып қалса оны әрдайым желіден
ажыратыңыз.
• Құралды желілік сымнан ұстап тасымалдауға болмайды. Сондай-ақ, желілік сымнан ұстап желіден ажыратуға тиым
салынады. Құралды желіден ажыратқан кезінде оның штепсельді айыршасынан ұстаңыз.
• Құралдың жинағына кірмейтін қосымша аксессуарларды пайдалану Сізді кепілдікті қызмет көрсету құқығынан
айырады.
• Пайдаланып болғаннан кейін, электрмен қоректендіру сымын құралды айналдыра орауға болмайды, себебі, уақыт
өте келе бұл сымның үзілуіне әкеп соғуы мүмкін. Қашанда сақтау үшін сымды жақсылап тарқатыңыз.
• Құралды өз бетіңізбен жөндеуге болмайды. Жөндеуді қызмет көрсету орталығының білікті мамандары ғана жүзеге
асыруы керек
• Құралды жөндеу үшін тек қана түпнұсқа қосалқы бөлшектер пайдаланылады.
Назар аударыңыз! Пайдалану мерзімі аяқталғаннан кейін электр құралын әдеттегі тұрмыстық қалдықтармен
бірге лақтырмай, жоятын ресми орынға өткізіңіз. Сөйтіп, Сіз қоршаған ортаны сақтауға көмектесесіз.
7.
МУЛЬТИПІСІРГІШПЕН ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУ БАРЫСЫНДАҒЫ САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ
• Мультипісіргішті пайдалану барысында оның айналасында жеткілікті түрдегі бос орынның болуын қамтамасыз етіңіз.
Мультипсіргіш жиһаз, перде және сол секілді өртенгіш нысандардан 15 см артық қашықтықта орналасуы қажет.
• Мультипісіргішті тікелей қабырға мен жиһазға жақын маңда орналастырмаңыз, себебі оның жұмысы барысында
құралдан бу шығады, бұл жиһаз заттарының, қабырғаның түсі мен түрінің өзгеруіне әкеп соғуы мүмкін.
• Мультипісіргіштің жұмысы барысында оны сүлгімен немесе өзге заттармен жаппаңыз, бу еркін түрде шығуы қажет.
• Мультипісіргішті пайдалану барысында құралды құрғақ, тегіс, термоберік қабатта орналастырыңыз, құралдың
түбіндегі ауа тазартқыш саңылаулардың бөгге заттармен, дастарханмен, матадан жасалған төсемдермен немесе
өзге де заттармен жабылмауын қадағалаңыз, бұл құралдың қатты қызып кетуіне әкеп соғуы мүмкін.
• Мультисіргіштің тостағы орнында болмаса, әзірлеу бағдарламасын іске қосуға тыйым салынады, сондай-ақ
бағдарламаның жүруі барысында құралдан тостақты шығаруға болмайды (берілген бағдарламамен қарастырылған
жағдайлардан басқа: Мультиаспаз Plus бағдарламасындағы үзіліс режимі қыздыру кезеңдерінің арасында тостақты
шығаруға мүмкіндік береді).
• Жылу көзінің маңында мультипісіргішті пайдаланбаңыз (газды немесе электрлі плитаның қасына).
• Күйіп қалмау үшін жұмыс істеп тұрған мультипісіргішті қолмен ұстамаңыз. Пайдаланып болғаннан кейін ол суығанша
күтіңіз.
177

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents