Ricoh Ri 100 Safety Information Manual page 397

Hide thumbs Also See for Ri 100:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
• Сия картриждері мен керек-жарақтар өндірушінің қауіпсіздікке арналған техникалық
сипаттамаларына сай болады. Қауіпсіздігі мен сенімділігін қамтамасыз ету үшін фирмалық
картридждер мен керек-жарақтарды ғана қолданыңыз.
• Бір күнде жүздеген көшірме жасау нәтижесінде келесі күні басу табаны бітеліп қалуы мүмкін.
Егер бітеліп қалса, басу табанын тазалау қадамдарын орындаңыз.
• Басу сапасы тұрақты болу үшін, бұл құрылғы басу кезінде және басудан кейін автоматты
түрде күтім шараларын орындайды. Принтер ұзақ үзілістен кейін қолданылғанда да күтім
шаралары орындалады.
• Түрлі-түсті сия ақ және қара түсті мәтінді басқанда немесе ақ және қара түсті басу мүмкіндігі
таңдалса да қолданылуы мүмкін. Түрлі-түсті сия құрылғы жұмысын қолдау үшін орындалатын
басу табанын тазалау және жаңалау жұмыстары үшін де қолданылуы мүмкін.
• Егер құрылғы ұзақ уақыт қолданылмаса, қуат түймесін өшіріп, USB кабелін ажыратып, қуат
сымын розеткадан суырып қойыңыз. Құрылғы ұзақ үзілістен кейін қосылғанда басу табанын
тазалау және жаңалау үшін көп сия мөлшерін тұтынатын болғандықтан, құрылғыны кем
дегенде айына бір рет қолдануға кеңес береміз.
• Құрылғы қосылып тұрғанда, орнынан қозғамаңыз. Өшіріліп тұрған күннің өзінде де,
құрылғының тегіс беткейде орналасуын және соққы мен тербелістен қорғалуын қадағалаңыз.
• Құрылғыны жұмыс істеп тұрғанда өшіруге болмайды. Өшірерде құрылғының қолданыста
болмауын тексеріңіз.
• Құрылғыны суық жерден жылы жерге көшіргенде ішінде ылғал пайда болуы мүмкін. Құрылғыны
басқа ортаға көшіргеннен кейін, кем дегенде бір сағатқа қосып, ішіндегі ылғалдың буланып,
ұшып кетуіне мүмкіндік беріңіз.
Ескерту
19

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Ri 100 greenRi 100 pink

Table of Contents