LG V30+ User Manual page 416

Hide thumbs Also See for V30+:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 718
Сымсыз зарядтау
Бұл құрылғы сымсыз зарядтау мүмкіндігіне қолдау көрсетеді. Құрылғыны
Qi тарапынан сертификатталған сымсыз зарядтау құралымен
зарядтаңыз (қосымша, бөлек сатылады).
Батареяны сымсыз зарядтау құралымен зарядтау
1
Құрылғыңызды құрылғының артқы жағындағы зарядтау антеннасымен
тураланған сымсыз зарядтау құрылғысының ортасына орналастырыңыз.
2
Батарея толықтай зарядталған кезде, құрылғыны зарядтау
құралынан алыңыз.
Құрылғыны сымсыз зарядтау құралымен зарядтағанда, құрылғы
мен зарядтау құралының арасына магнитті, металл немесе ток
өткізгіш материалдар қоюға болмайды. Бұл зарядтауды тоқтатуы
мүмкін немесе құрылғы мен зарядтау құралы қызып кетеді. Мұндай
жағдайда, құрылғы, зарядтау құралы немесе SIM/жад картасы
зақымдалуы мүмкін.
Егер құрылғыны зарядтау кезінде батарея температурасы белгілі
деңгейден асып кетсе, зарядтау тоқтатылуы мүмкін.
Құрылғының артқы жағына магнитті, ток өткізгіш материалдар
бекітілсе немесе қорғаныс жабыны кигізілсе, құрылғы дұрыс
зарядталмауы мүмкін.
Батареяны желі сигналының деңгейі әлсіз аймақтарда сымсыз
зарядтау құралымен зарядтасаңыз, құрылғыңыздың желі өнімділігі
одан әрі нашарлауы мүмкін.
Құрылғыны Qi тарапынан сертификатталған сымсыз зарядтау
құралымен зарядтаңыз (қосымша, бөлек сатылады). LG
шектеулі кепілдігі үшінші тарап керек-жарақтарын пайдалануды
қамтымайтындықтан, үшінші тарап өндірушісіне хабарласыңыз.
Бұл құрылғыны сымсыз зарядтауға болады. Бұл өнімді зарядтау
үшін Qi тарапынан сертификатталған сымсыз зарядтау құралын
(бөлек сатылады) пайдаланыңыз. Шарғысы бар кейбір зарядтау
құралдарында сымсыз зарядтау функциясы болмауы мүмкін. EPP
(Кеңейтілген қуат профилі) функциясына қолдау көрсететін сымсыз
зарядтау құралдары жылдам сымсыз зарядтауға мүмкіндік береді.
Негізгі функциялар
60

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Lg-h930ds

Table of Contents