LG V30+ User Manual page 404

Hide thumbs Also See for V30+:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 718
Өнімді шамамен 1,5 метрден терең суға батырмаңыз.
Өнімді 30 минуттан артық уақытқа суға батырмаңыз.
Өніміңізге су тисе, пайдаланудан бұрын микрофонын, динамигін және
стерео ұяшығын міндетті түрде құрғақ шүберекпен сүртіп шығыңыз.
Өнім немесе қолдарыңыз су болып қалса, құрылғыны қолданбастан
бұрын оларды жақсылап кептіріңіз.
Өнімді қатты ағындағы су шашырауы мүмкін жерлерде (мысалы, су
құбыры кранының немесе душ бастиегінің жанында) пайдаланбаңыз
немесе оны ұзақ уақытқа суға батырмаңыз, себебі өнім қатты
ағындағы судың қысымын көтеруге арналмаған.
Бұл өнім соққыға төзімді емес. Өнімді құлатпаңыз немесе соғып
алмаңыз. Әйтпесе негізгі құрылғы зақымдалуы немесе оның
формасы өзгеріп, су ағып кетуі мүмкін.
Өнімді құлатып немесе соғып алу оның су мен шаңға төзімділік
қасиеттерін бұзуы мүмкін.
Егер өнімге су тисе, оны таза, жұмсақ шүберекпен жақсылап
кептіріңіз.
Құрылғы сулы күйінде пайдаланылса, сенсорлық экраны мен басқа
мүмкіндіктері дұрыс істемей қалуы мүмкін.
Өнім ішіне SIM/Жад картасының науасы дұрыстап салынған
жағдайда ғана өнім суға төзімді болады.
Өнімге су тигенде немесе ол суға батырылған кезде, SIM/Жад
картасының науасын ашуға немесе жабуға болмайды. Ашық науаға
судың немесе ылғалдың тиюі өнімнің зақымдалуына апарып соғуы
мүмкін.
SIM/Жад картасының науасында өнімнің ішіне шаң, су немесе
ылғалды кіргізбейтін резеңке [тығыздауыш] бар. Резеңке
[тығыздауыштың] зақымдалуына жол бермеңіз, себебі су, шаң немесе
ылғал өнім ішіне кіріп, оған зақым келтіруі мүмкін.
Берілген нұсқауларды орындамау салдарынан құрылғыңыздың
шектеулі кепілдігінің күші жойылуы мүмкін.
Арнайы жасалған мүмкіндіктер
48

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Lg-h930ds

Table of Contents