LG V30+ User Manual page 393

Hide thumbs Also See for V30+:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 718
Бетті тану мүмкіндігі
Бетті тану мүмкіндігі туралы жалпы ақпарат
Сақталған бет әлпетке қатысты деректерді пайдаланып, экран құлпын
ашуға болады.
Бұл мүмкіндік Knock Code, Графикалық үлгі, PIN немесе Кілтсөз
сияқты басқа экран құлыптау әдістерінен қауіпсіздігі бойынша
әлдеқайда осал болуы мүмкін.
Ұқсас бет немесе сіздің бетіңіздің фотосуреті пайдаланылған кезде,
экран құлпы ашылуы мүмкін.
Танылған бет-әлпет деректері құрылғыда қауіпсіз сақталады.
Экранды құлыптау үшін бет-әлпетті тану мүмкіндігі таңдалған
кезде, қуат қосылғаннан кейін бет-әлпетті тану мүмкіндігін тікелей
пайдаланбай-ақ, бет-әлпетті тіркеу үшін пайдаланылған Knock
Code, Графикалық үлгі, PIN немесе Кілтсөз енгізуге болады.
Сәйкесінше көрсетілген мәнді ұмытып қалмаңыз.
Егер құрылғы бет-әлпетті анықтай алмаса немесе тіркелу үшін
көрсетілген мәнді ұмытып қалсаңыз, құрылғыны жеке куәлігіңізбен
сізге ең жақын LG тұтынушыларға қызмет көрсету орталығына
апарыңыз.
Қуатты үнемдеу үшін, батарея зарядының деңгейі 5 % шамасынан
төмен болған кезде Бетті тану мүмкіндігі жұмыс істемейді.
Бетті тану мүмкіндігі бойынша сақтық шаралары
Бетті тану дәлдігі келесі жағдайларда төмендеуі мүмкін. Тану дәлдігін
арттыру үшін, құрылғыны пайдалану алдында төмендегілерді тексеріңіз.
Бетті қалпақ, көзілдірік не маска жауып тұрса немесе макияждың
не сақалдың қалыңдығына байланысты бетіңіз әдеттегіден өзгеше
болып көрінген кезде.
Камера объективінің алдында саусақ іздері не бөгде заттар болса
немесе тым жарық не тым күңгірт болуына байланысты құрылғы бетті
анықтай алмаған кезде.
Арнайы жасалған мүмкіндіктер
37

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Lg-h930ds

Table of Contents