Philips FC8796 Manual page 106

Hide thumbs Also See for FC8796:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
Қазақша
106
Өнімді ашу үшін құралдарды қолдану кезінде және қайта зарядталатын батареяны қоқысқа
тастау кезінде қажетті қауіпсіздік шараларын орындаңыз.
Қайта зарядталатын батареяларды алу
Абайлаңыз: Құрылғыны тастау кезінде қайта зарядталатын батареяны ғана алып
тастаңыз. Батареяны алып тастау алдында оның толығымен бос екендігін тексеріңіз.
Қайта зарядталатын батареяны шығару үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз. Сонымен қатар,
қайта зарядталатын батареяны шығару үшін роботты өкілетті Philips қызмет орталығына апарыңыз.
Еліңіздегі жақын қызмет орталығы мекенжайы үшін Philips тұтынушыларға қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
1 Алу және қоқысқа лақтыру алдында зарядының толығымен таусылуы үшін роботты батарея
таусылғанша жұмыс істетіңіз.
2 Батарея бөлімінің бұрандаларын босатып, қақпағын (сурет 48) шешіңіз.
3 Қайта зарядталатын батареяны көтеріп, оны ажыратыңыз (сурет 49).
4 Робот пен қайта зарядталатын батареяны электрлік және электрондық қалдық жинау орнына
апарыңыз.
Ақаулықтарды жою
Бұл тарауда құрылғыда жиі кездесетін мәселелер аталып өтеді. Төмендегі ақпараттың көмегімен
мәселені шеше алмасаңыз, жиі қойылатын сұрақтар тізімін көру үшін www.philips.com/support
торабына кіріңіз немесе еліңіздегі Тұтынушыларды қолдау орталығына хабарласыңыз.
Мәселе
Іске қосу/тоқтату түймесін
басқанда, робот
тазалауды бастамайды.
Түймелердің бірін басқан
кезде робот жауап
бермейді.
Робот сигнал беріп
тоқтайды.
Робот дұрыстап
тазаламайды.
Ықтимал себеп
Қайта зарядталатын батарея
таусылған.
Робот қондырма станциясын
таба алмады және батарея
заряды таусылды.
Дөңгелектердің біреуі немесе
екеуі де тұрып қалған.
Бүйірлік щеткалардың біреуі
немесе екеуі де тұрып қалған.
Робот тазалау кезінде
көтерілді.
Бір немесе екі бүйірлік
щеткалардың қылшықтары
майысқан.
Шешім
Қайта зарядталатын батареяны (көріңіз
'Пайдалануға дайындау') зарядтаңыз.
Роботты розеткаға қосылған қондырма
станцияға қойыңыз. Бірнеше секундтан
кейін роботтан дыбыстық сигнал шығып,
дисплей жанады.
Іске қосу/тоқтату түймесін басыңыз.
Дөңгелек аспасының айналасында
ұсталып қалған мамықты, шашты,
жіптерді немесе сымдарды кетіріңіз.
Бүйірлік щеткаларды (көріңіз 'Робот
тазалау') тазалаңыз.
Іске қосу/тоқтату түймесін басыңыз.
Роботты еденге қойыңыз. Одан кейін
робот тазалауды жалғастыруы үшін іске
қосу/тоқтату түймесін басыңыз.
Щетканы немесе щеткаларды біраз
уақытқа суға салып қойыңыз. Егер бұл
талшықтардың дұрыс пішінін қалпына
келтірмесе, бүйірлік щеткаларды (көріңіз
'Бүйірлік щеткаларды ауыстыру')
ауыстырыңыз.

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Fc8794Fc8792

Table of Contents