Philips FC8796 Manual page 100

Hide thumbs Also See for FC8796:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
Қазақша
100
Робот қалай тазалайды
Тазалау жүйесі
Роботта едендерді тиімді тазалауға арналған 3 кезеңді тазалау жүйесі бар.
-
Екі бүйірлік щетка роботтың бұрыштарды және қабырғалардың бойын тазалауына көмектеседі.
Сондай-ақ, олар едендегі кірді тазалауға және оны сору саңылауына (сурет 3) қарай жылжытуға
көмектеседі.
-
Роботтың сору қуаты кірді тартып алады және оны сору саңылауы арқылы шаң контейнеріне (сурет
4) тасымалдайды.
-
FC8796 және FC8794 түрлері қатты еденді жуатын роботқа тіркелетін жуу саптамасымен келеді.
Тазалау үлгілері
Авто тазалау режимінде робот бөлменің әр аумағын оңтайлы тазалау үшін секіру және қабырға
бойымен жүретін үлгілерінің автоматты реттілігін пайдаланады. Ол батарея заряды таусылғанша
немесе өшіргенше, бөлмені тазалауды жалғастырады.
Қашықтан басқару құралынан (көріңіз 'Тазалау режимін таңдау') тиісті түймені басумен үш жеке
тазалау режимінің бірін таңдай аласыз. Робот таңдалған тазалау режимінде бірнеше минут болып,
одан кейін автоматты тазалау режиміне оралады.
1 Секіру режимі (сурет 5)
2 Қабырға бойымен жүру режимі (сурет 6)
3 Серіппелі режим (сурет 7)
Робот биіктіктегі айырмашылықтардан қалай аулақ жүреді
Роботтың түбінде бес құлау датчигі бар. Ол осы құлау датчиктерін баспалдақтар сияқты биіктіктегі
айырмашылықтарды анықтау және аулақ жүру үшін пайдаланады.
Ескерту: Роботтың биіктік айырмашылығы жиегінен аздап шығып қозғалуы қалыпты, өйткені алдыңғы
құлау датчигі буфердің артында орналасқан.
Абайлаңыз: Кейбір жағдайларда құлау датчиктері баспалдақтарды немесе басқа биіктік
айырмашылығын уақытылы анықтамауы мүмкін. Сондықтан бірінші рет пайдаланғанда және
баспалдақтардың немесе басқа биіктік айырмашылығының жанында пайдаланғанда, роботты мұқият
бақылаңыз. Робот биіктік айырмашылықтарын дұрыс (көріңіз 'Робот тазалау') анықтауын жалғастыруы
үшін, құлау датчиктерін жүйелі түрде тазалап тұру маңызды.
Бірінші рет пайдалану алдында
Бүйірлік щеткаларды бекіту
1 Бүйірлік щеткаларды орамынан шығарыңыз және роботты үстелде немесе еденде аударыңыз.
2 Бүйірлік щеткаларды робот (сурет 8) түбіндегі біліктерге салыңыз.
Ескерту: Бүйірлік щеткаларды тиісінше бекітіңіз. Олар сырт етіп орнына түскенше, оларды білікке
қарай басыңыз.
Батареяларды қашықтан басқару құралына салу
Қашықтан басқару құралы екі AAA батареясымен жұмыс істейді.
1 Құлақшаны (1) басып батарея бөлімі қақпағының (2) құлпын ашып, батарея бөлімі қақпағын (сурет
9) шешіңіз.
2 Екі AAA батареясын (сурет 10) салыңыз.

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Fc8794Fc8792

Table of Contents