Philips OneBlade QP2530 User Manual page 72

Hide thumbs Also See for OneBlade QP2530:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
ҚАЗАҚША
72
Құрылғыны пайдалану
Құрылғыны беттегі түкті (сақал, мұрт және жақ сақал) тегістеу, шетін
түзету немесе қыру үшін пайдалана аласыз. Тегіс әрі жұмсақ нәтиже алу
үшін қыру, қажетті ұзындыққа қол жеткізу үшін тегістеу, және шеттері
мінсіз әрі өткір сызықтар жасау үшін шеттерін түзету мүмкіндігін
пайдаланыңыз. Бұл құрылғы дененің төменгі жақтарындағы түкті
немесе құйқадағы шашты қыруға, тегістеуге не түзетуге арналмаған.
Құрылғыны алғаш рет пайдаланғанда асықпаңыз. Құрылғыны
пайдалануда тәжірибе жинауыңыз қажет.
Ескертпе. Бұл құрылғыны тек сымсыз қолдануға болады.
Құрылғыны қосу/өшіру
1
Құрылғыны қосу үшін, қосу/өшіру түймесін бір рет басыңыз.
2
Құрылғыны өшіру үшін, қосу/өшіру түймесін бір рет басыңыз.
Қырыну
Құрылғыны пайдаланбас бұрын, әрдайым жүздің зақымданбағанын
не тозбағанын тексеріңіз. Егер жүз зақымданған не тозған болса,
құрылғыны пайдаланбаңыз, себебі жарақат алуыңыз мүмкін.
Құрылғыны пайдаланбас бұрын зақымданған жүзді ауыстырыңыз
(«Ауыстыру» тарауын қараңыз).
Қырыну кеңестері мен әдістері
-
Жүзді теріге тегіс орналастыру арқылы оның терімен толық
түйіскеніне көз жеткізіңіз.
-
Ең жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін, құрылғыны түктің өсу
бағытына қарсы жылжытыңыз.
-
Құрылғыны ақырын баса отырып, ұзын жолақтар жасап жүргізіңіз.
-
Құрылғыны құрғақ немесе ылғалды гельмен не көбікпен,
тіпті душтың астында пайдалана аласыз.
-
Таза сақал мен бетті қырудың нәтижесі ең жақсы болады.
1
Құралды қосыңыз.
2
Жүзді тері бетіне орналастырып, құрылғыны жоғары немесе
түктің өсу бағытына қарсы ақырын баса отырып, ұзын жолақтар
жасап жүргізіңіз.

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents